1) Өлшеумен талдауды өткізу
Тұрақты талдау метрологиялық қамтамасыз етуге қатысты негізгі жұмыс түрі болғандықтан, өндіруші әрқашан өндірілетін өнімнің дұрыс параметрлерін білу керек. Жұмыс көп жоспарлы, ал мақсат бір - өлшеудің өнімділігі мен нақтылығын қамтамасыз ету де, жұмыс түрлері әр түрлі. Талдау процесінде нормаланған көрсеткіштердің нақтылығы осы өндірістегі құрал-жабдықтармен өлшенуі мүмкін.
Өндірісте өлшеу мүмкіндіктерінің болатынына көңіл аудару керек, шындығында өлшеудің нормаланған көрсеткіштерімен қамтамасыз ету қажет емес. Егер нормаланған нақтылықпен салыстырғанда технологиялық процестердің қоры бар болса, өндірілетін бұйымға қойылатын талаптардың көпшілігі технологиялық қамтамасыз ету кезінде орындалады. Егер мұндай қор белгілі бір параметр бойынша болса, онда бұл параметр бойынша өндірілген барлық бұйымдарды өлшеудің қажеті жоқ, өлшеуге бұл қажеттіліктер тууы мүмкін болса да, бірақ бұл параметрлерді өндірісте өлшеу керек.
Талдау барысында өлшенетін параметрлердің жеткіліктілігі мен қажетгілігіне назар аудару керек. Және де өлшеудің объектісінің пайдалану қасиеттерін сипаттамайтын қатаң талаптар мен бір-бірін қайталамайтын фактілерге кездесуге болады.
Талдауға өндірістің өлшеу өндірілетін бұйымға әсер ететін немесе еңбек сіңіруді керек қылатын, едәуір маңызы бар өлшеу операциялары жатады. Барлық жағдайларда өлшеудің автоматтандыру процестерінің мүмкіндіктерін, сонымен қатар қайта өндіру процесіндегі өлшеуді айқындау керек.
Метрологиялық қамтамасыз етудің талдау деңгейінің маңызды кезеңі өлшеудің қателіктерін бағалау болып табылады. Өлшеудің қателіктері мүмкін болатын аралықта болып және оның нәтижеге әсерін ескермеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |