4) Өндірісті қажетті өлшеу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету
Бұл мамандандырылған өндірушілер шығарған өлшеу құрал-жабдықтарына,сонымен бірге өндірісте дайындалған арнайы өлшеу құрал-жабдықтарына қатысты.
5) Технологиялық процестердің дәлдікті талдау жұмыстарына қатысу
Технологиялық қызметте өткізілетін талдау жарамсыз өнімнің пайда болу себептерін табуға қатысты. Бұл жұмысқа соңғы жабдықтардың дәлдігін бақылау жатады.
6) Өнімді сертификаттау жұмыстарына қатысу
Өнімді сертификаттау жұмыстарын өткізуде шығарылатын өнімнің сапасы мен техникалық деңгейі бағаланып қоймай, өлшеуді талап етілген дәлдікпен өткізу үшін өндірісті өлшеу құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалайды.
7) Өлшеу құрал-жабдықтарын мөлшерлеу және тексеру жұмыстарын ұйымдастыру
Өлшеу құралдарының көпшілігіне параметрлік қабылдамаулар тән, сынулар кезінде жұмыс істейді, ақпарат береді, бірақ бұл ақпаратта мүмкін болатын қателіктер болуы тән. Сондықтан, өлшеу құралдарының барлығын жиі тексеріп отыру қажеттілігі туады.
Көбінесе бұл өлшеу құралын қолданатын оператордың құралды тексеруі дұрыс болады. Күрделі өлшеу құралдарын тексеруді осы жұмысқа арнайы дайындалған метрологиялық қызмет мамандары жүргізу керек.
Кәсіпорын, ұйым, мекеме метрологиялық қызметтер өткізетін аталған негізгі жұмыстар басқа техникалық қызметтермен біріге өткізіледі. Нарықтық қатынасқа көшу кезеңінде негізінен өндірісте метрологиялық қызметтердің ролін бағаламау өте қатерлі. Бұл қызмет нақты бір өнімді шығармайды, алайда өлшеусіз бұл өнімді шығару мүмкін емес. Алайда кейбір өнеркәсіптерде метрологиялық қызметтерді қысқарту тенденциясының пайда болуы тек мәлімдеуде ғана емес, өнеркәсіп өнімінің өту жетістігін анықтауда үлкен қиыншылықтар әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |