Әдеби сын Әдеби сын жазушылар шығарманы талдап, оған эстетикалық баға береді. Әдеби туындының идеялық-көркемдік мәнін, әдебиеттегі алар орнын айқындап, пайымдаулар жасайды, түйінді пікірлер айтады. Әдеби сынның сыни мақала, сын пікір, шолу мақала, эссе, әдеби портрет секілді жанрлық түрлері бар. «”Қазақ әдебиеті” пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу», «шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау», «әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу», «шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу», «әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу» оқу мақсаттары қамтылған. Жазба жұмыстарын жазуда оқушыларға оның құрылымын, үлгісін ұсынған жөн. Төменде сыни мақаланы жазу қадамдары ұсынылған.
Сыни мақала – әдеби сынның негізгі жанрларының бірі. Сыни мақалада көркем шығарманың тақырыбына, идеялық мазмұнына, тілі мен стиліне талдау жасалып, баға беріледі.
Сыни мақала көркем бейнеленген əлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық проблемаларды, шығарманың идеялық-көркемдік жағын қарастырады. Сыни мақалада көтеріліп отырған мəселеге қатысты дəлел, бір немесе бірнеше кітаптан дәйектер келтірілуі тиіс.
Сыни мақалада қарастырылатын аспектілер: