1 Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» 57 бет,1945 жыл



бет1/11
Дата13.04.2023
өлшемі41,99 Kb.
#82270
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Амира


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті

СӨЖ
Тақырыбы: Ауызекі сөйлеу стилі мен ресми сөйлеу стиліне қатысты мысалдар (әрқайсысына 20 мысал) жинақтау

Орындаған: Серікбай Амира


Тексерген:Амиров Абдибек

Алматы, 2023




1) Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» 57 бет,1945 жыл

— Əкем аты Берсе. Өз атым Шығанақ.


— «Аты шықпаған кісі ме? Мен естімедім бе?..»—деп ойланып қалды Қали.
— Қай русыз?
— Ақ кетеміз.
— Оның қайсысы?
— Жұлдыз боламыз. Жұлдыз болғанда Ойыл бойын¬дағы жатақпыз.


2) Ғабиден Мұстафин «Шығанақ» 169 бет, 1945 жыл

— Қайрап бер деп қашан айттым саған. Кетпен өзімдікі. —


— Еншіңе тиіп пе еді?
— Еншіме тиген. Былтыр біз ұстағанбыз. Əркім өз сайманына ие. Биыл тағы ұстаймыз.
— Боқты ұстарсың. Тапқан екенсің тегін қайрақшыны.
— Ұстатпассың. Тапқан екенсің монды басты.
— Жай сөйлесіңдер. Кісі отыр,— деді Шығанақ.
3) Тахауи Ахтанов “Шырағың сөнбесін” 179 бет

— Шошып кеттің бе?— деді Света жымиып.


— Полицайдың айтқан тілмаш əйелі сен екенсің ғой.

— Полицайдың?


— Иə, осында бір Усачев деген полицай бар.
— Сен тығылып жатып пəленің бəрін біледі екенсің,— деді Света күліп. — Ол полицай сені көрді ме?
— Жоқ, көрген жоқ.
Ендеше оған көрінбеуге тырыс, Байқаймын, келіскен адам емес, қызметіне адал неме сияқты,— деді.
— Ал, сенің жағдайыңды хозяйканың өзімен сөйлесейік,— деді Света.
4)Шерхан Мұртаза “Ай мен Айша” 21 бет

− Кім тиді?


− Ешкім...
− Енді неге жылайсың?
− Ағай мектепке алмай қойды.
− Қай ағай?
− Анау, анау...
Мен атын атай алмадым. Булығып-булығып, сөйлей де
алмадым.
− Жүр, – деді Ноха басымнан сипап.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет