М.Әуезов абайдың Өм ірбаяны (1950)



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата31.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#10960
1   2   3   4   5

 

деп, өзі қадірлеген ескі ақындарының аруағын шақырады. 

Осы аталған аттардың өзіне қарағанда, Шығыстағы көпке белгілі 

болған  ірі  ақындардың  талайымен  Абайдың  ерте  күнде  танысып 

алғандығы  даусыз.  Және  өзінің  сол  күнгі  сыншыл  ой  шамасымен 

осыларды  ғана  таңдағаны  да  сүйсінерлік  іс.  Медреселерде  тек 

софылық  мистикаға  баулитын  Иассауи,  Бақырғани,  софы  Аллаяр 

сияқтыларды  өзіне  үлгі  етпей,  олардан  сау  болғаны  -  мақтарлық 

сипат. 

Абай  оқуды  тастап,  елдің  жас  бозбаласы,  жас  жігіті  болып 



жүрген  кезінде  де  жаңағы  алғашқы  ақындардан  алған  үлгі-әсерден 

 

10 


 

түгел  айықпай,  көкейінде  көп  сақтап  еді.  Сол  кезде  ұнатқан  әйеліне 

өлең жазса, әлгі ретпен кітапшалап жазады. 

 

Әлиф дек ай йузіңе ғибрат еттім,  



Би - Балай дәртіңа нисбәт еттім,- 

 

деп,  «әліп»,  «бимен»  жазған  елеңі,  одан  соң  «йузи  -  рәушан,  көзі  - 



гәуһар,  лағилдек  бет  үші  әхмәр...»  деген  өлеңдері  жас  шағында 

қиялына  қатты  әсер  етіп,  тіл  кестесі  де  өздерінің  үлгісіне  тартып 

алған, жоғарғы акындар әсерінен туады. 

        Ақынның  жас  күнінен  бізге  жеткен  өлеңдері  көп  емес.  Сан 

шығармалары  ұмытылып,  жоғалған  болу  керек.  Абайдың  нағыз 

өнімді өлең жаза бастаған кезі жігіттік шағы өткен соң басталады. Ол 

кездегі  Абай  арабшыламақ,  парсышыламақты  теріс  нәрсе  деп 

түсінген. 

Медреседе  үшінші  жыл  оқып  жүрген  уақытта  Абай  жалғыз 

мұсылманша  оқумен  тоқтамай,  Семей  қаласындағы  «Приходская 

школаға»  түсіп,  орысша  да  оқи  бастаған.  Бірақ  мұндағы  оқу  ұзақ 

болмайды.  Бас-аяғы  үш-ақ  аймен  орысша  оқуы  бітеді.  Мұсылманша 

оқуы  да  доғарылады.  Жасы  13-ке  толғанда  ерте  есейіп,  ақыл  сезімі 

ашыла  бастаған  өткір  зейінді,  ерекше  талапты  жас  шәкіртке  аз  да 

болса оқу, тәрбие беретін мектептің есігі жабылады. 

Осындай дүние есігін енді ғана ашқалы, жаңа ғана саңылау көріп 

келе  жатқан  уакытта  Абай  аздаған  біліммен  үлкен  кісінің  өміріне 

кіріседі. Әкесі ел билеу жұмысында оны өзіне серік қылмақ боп, жаңа 

міндетке  арнап,  сол  жолға  баули  бастайды.  Бала  болса  да,  сол  кезде 

Абай  әкесі  дәме  қыларлык  белгілерді  көрсете  бастаған  сияқты. 

Барлык  балаларына  қатал,  қатты  болған  Құнанбай  Абайдың 

өзгелерден артық екенін ертеден сезген. 

Баласын  оқыта  түспей,  қайырып  алған  себебі,  жоғарыда 

Құнанбай  өмірі  туралы  айтқан  сөздерді  еске  алсақ,  оңай  ұғылады. 

Құнанбай  өзі  тұстас  ру  басылардың  қақ  жартысын  өзіне  карсы 

тұратын  жау  қып  алады.  Қатал  мінез,  қатты  зорлық,  үстемдік 

мінездерімен,  істерімен  жау  етеді.  Көп  өмірін  сол  жаулықтың 

жолында  алыс-жұлыспен  өткізеді.  Қарсысына  шыққан  ру  басыларды 

үлкен тартыстың аяғында  жеңіп алса да, сондағы  ішке байланған мұз 

олардың көбінің есінен кетпеген. Құнанбайдың өз істері, өз мінездері 

бір  болса,  екінші  жағынан,  сыртқа  да,  ішке  де  әмірі  жүріп  жуандап 

алған  Құнанбайдың  маңайында  да  талай  зорлықшыл,  озбыр,  сотқар 

туысқандары болады. 

Бұлар  Құнанбайдың  ұлықтығына  мас  болып,  «пәлен  ауылдың 

жігіті, түген жуанның туысқаны» деген атпен шамасы келгенше емін-

еркін  пайдаланған.  Көп  елді  мазақтап,  қорлап,  орынсыз  зорлық, 



 

11 


 

кисынсыз  жуандық  істей  берудің  үстіне,  тіпті  Құнанбайдың  дос 

болып  жүрген  рубасыларын  да  қажытып  алған.  Сол  Құнанбай 

қарсысында  жүрген  адамдар  оның  өзі  ғана  емес,  жаңағыдай  жақыны, 

өрен-жараны  дегеннің  барлығына  да  жауығып,  жирене    карайтын  

болған.    Тартыс    ретінде  өшпенділік  жөнімен  Құнанбайдың  жас 

баласын  да  өздерінің  ертең  алысатын  жауы  есепті  біледі.  Оны  да 

дұшпан санайды. Осының бір мысалын Абай өзі де айтады екен. 

Бір  күні  жас  бала  өзен  жағасында  ойнап  жүргенде,  анадай  жерде 

келе  жатқан  Байсал,  Бөжей,  Түсіпті  көреді.  Олар  бұның  әкесімен 

араз.  Бірақ  Абай  жанағы  үлкендердің  алдарынан  көлденең  шығады 

да,  қол  қусырып  тұрып  сәлем  береді.  Бөжей  сәлемін  алғанда,  Байсал 

жақтырмай:  «Антұрғанның  баласының  сәлемін  алып  неғыласың»,- 

депті.  Бөжей  тоқтап,  баладан:  «Бізді  көрсен,  сәлем  бер  деген  әкеңнің 

үйретіндісі  ме,  жоқ  сәлемді  өздігіңнен  бердің  бе?—дейді.  Абай: 

«Үйретінді  емес,  әдейі  сәлем  берейін,  батаңызды  алайын  дедім»,- 

дейді.  Байсал  сонда  тағы  да:  «Жетпегірдің  баласына  тағы  не  бата 

беруші  ек!»-  деп  жүре  бермек  болады.  Бөжейдің  батасында: 

«Әкесінің мінезін бермесін»,- дегені Абайдың есінде қалыпты. 

Осы  13  жастағы  Абай  әкесі  берген  бетпен  ел  сөзіне  кіріседі. 

Әрине,  жас  бала  алғашқы  аяқ  басқан  жерден  келелі  кеңеске  кіріп 

кеткен  жоқ.  Ел  жұмысын  шет  жағалап,  ептеп  бастауы  керек. 

Сондықтан  ең  алғашқы  жылдарында  әкесінің  «барып  келінде» 

жүреді.  Кейде  қасына  кісі  қосып  беріп,  кейде  жалғыз  өзіне  сөз 

тапсырып, ұсақ істер туралы келісім жасауға да ерік береді. 

Абай  жасына  жетпей  ұлғая  бастайды.  Балалық  белгісін  ерте 

жоғалтса,  сөйлесіп  жүрген  үлкендеріне  бала  көрінбеу  жағын  көп 

ойлайды.  Әкенің  билігі,  өмір  талқысы  және  араласып  жүрген 

үлкендері  болсын,  барлығы  да  Абайды  оқудан  алыстатып  әкетумен 

тоқтамай, табиғи балалық қалпынан да жырып әкеткен. 

Жас  кезінен-ақ  Абай  өмірі  әлденеше  қиқы-жиқы  шиырға  түскен. 

Ішкі  балалық  дүниесін  оңды-солды  соққыға  алатын,  теріс  қалыпқа 

кетпейтін  ерекше  халдерге  ұшыраған.  Өзінің  қуаты  мен  ой  қуатына 

лайық  келмейтін  салмағы  зор  міндеттер  басына  түскен  соң,  Абай 

жаратылыстағы  зеректік,  талаптылық  өнерін  еріксіз  осы  жолға 

салған. 


Сонымен,  балалықтан  асып  бозбалалық,  жігіттік  шағына  жеткен 

уақытта  казақтың  ескі  сөзі,  ескі  жол-жобасы,  мәтел,  тақпақ,  ескі 

биліктеріне  елдің  маңдай  кісілерімен  қатар  түскендей  білім  жияды. 

Ескі ақындар, шешендер, батырлар болсын - барлығының жайындағы 

әңгімелер  Абайға  енді  таныс  дүние  болады.  Абай  халық  қазынасына 

жанасады.  Халықтың  қоғамдық      тірлігіндегі  қайшылықтарды,  ауыр 

шындықтарды  да  содан  ұғатын  болады.  Арызшы,  мұңдыларды, 

зорлық,  корлық  көргендерді  көп  тыңдап,  солардан  үлкен  сырлар 



 

12 


 

ұғады.  Құнанбай  үстемдігіне  қарсы  әділдік  ойды  ойлауды  да  сол  ха-

лықтан үйрене бастайды. Құнанбайға көмекші  Абай болмай, өзі үшін 

көп нәр алып өсіп келе жатқан жас болады. 

Қаладағы оқудан шығыс ақындарын сүюді, ақындықты сүюді ала 

келген  Абайға  ендігі  зор  тәрбиеші,  ұстаз  қазақтың  қалың  бұқара 

халқы  бола  бастайды.  Ел  даналығын  танып,  соны  ерте  қамту  жас 

талапкерге  жаңа  зор  мектеп  тәрізденеді.  Бұл  жөніндегі  азық  білімді 

ол  әкесінен  алмайды,  халықтан  шыққан  шешен,  ділмәр  ақыннан,  ескі 

әңгімешіден,  көпшіліктен  алады.  Ең  алғашқы  өлен.  жайын  баяндаған 

жырында  Абай  Шортанбайды,  Дулатты,  Бұхар  жырауды  ауызға  алса, 

солардың  сөзін  бала  күнінен  естіп,  танып,  жаттап  ескенін  сезуге 

болады.  Әрине  осындай  ақындық  мұраларымен  қатар,  мысал,  мақал, 

аңыз,  дастан,  айтыс  сияқты  сан  казынаны  әжеден,  анадан,  қонақ 

жолаушылардан  көп  есітеді.  Ол  әңгімелердің,  жырлардың  кебіндегі 

ел  зары,  ел  сыны,  жуан  әкімдер  зорлығы,  қыздың  мұңы  сияқтыны  да 

көп  естіп  өседі.  Осындай  мұраларды  сүю  Абайды  қатал  суық  билер 

ортасына  қалдырмай,  халық  мұрасына  жақын  етіп  жүреді.  Билер, 

әміршілер  ортасын  ел  көзімен  көріп,  қиянаттарын  танып,  қатты 

сынап, жиреніп өсуге бейімделе жүреді. 

Бір  айтканды  ұғып  алу,  ұққанын  ұмытпау,  ел  сөзінде  соларды 

керекке  жаратып,  әңгіме  арасына  кірістіріп  отыру  шешендерге  көп 

жайылған  салт  еді.  Абайға  да  сол  парыз  сияқты  болған.  Жас  жігіт 

білген  өнерін  орнымен  керегіне  жаратып,  келістіріп,  көркейтіп 

сөйлейтін  болады.  Ел  көзіне  шешен  боп  көріне  бастайды.  Басында 

балалығының  арқасында  сөзге  қорғана  кіріскен  Абай,  аз  жылдың 

ішінде  үлкен  табыс  тапқандай  болып,  адымын  ұлғайта  береді. 

Бірнеше  рет  жол  көріп,  көзі  қанған  соң,  «пәлен  жақсы,  түген  жақсы» 

дегендерінің  айламенен,  канауменен  қиянат  болмаса,  өзге  жалпы 

білімге,  ақыл  шалымға,  адамгершілікке  татымсыз  екенін  сезеді.  Ол 

кісілерден  өзін  кем  санамауына  тағы  бір  себеп  -  Абайдың  оқуы 

барлығы.  Ел  кісілерінің  көпшілігі  Құнанбай  сияқты  оқымаған 

адамдар  болған  уақытта  Абай  олардың  қасында  өзін  өзгерек  көрген. 

Надан  кісілердің  ортасына  келіп  өлшескенде,  бұның  оқуы  дардай 

саналған.  Бұған  халық  ескілігі,  тіл  өнерінің  мол  байлығы  қосылған 

соң,  Абай  өз  заманының  ішінде  өз  қайратына  сенген  өршілдікпен 

құлаштайды. 

Ол үлкен-кішінің ұтымды, шешен жауап айтқанын тәуір бағалап, 

дау, талас, тартыс, егесте өзі де сондайды айтып қалуды машық етеді. 

Бұны ылғи жәй сөз түрінде айтпай, кейде өлеңмен де айтып жіберетін 

болады.  Осы  күнге  шейін  бізде  Абайдың  сөз  байлығын  тексерген 

еңбек  жоқ.  Бірақ  қазақшасын  оқыған  адамның  барлығына  Абай 

тілінің  аса  бір  мол,  бай  тіл  екенін  тану  қиын  емес.  Сол  байлық  - 

Абайда  бала,  жігіт  күнінен  құралып  өсіп  келген  байлық.  Және 



 

13 


 

шешендіктің  өзі  де  тапқырлық  пен  кестелі  сөзден,  келісімді,  ұтымды 

ойлардан  кұрылған  ақындықтың  бір  ағайыны.  Абай  ақындығы  оның 

жас  кезінен  көп  мұралар  қалдырмаса,  «ол  кезде  Абай  ақын  емес  еді» 

деу  қате  болады.  Абай  -  сол  уақытта  да  ақын.  Ақындығын  және  мол 

қолданған,  күнде  сынға  салып,  өз  өнерін  күнде  безеп  отырған  ақын. 

Онысы  және  -  өмір  құрылысына  күнбе-күн,  қолма-қол  ұштасып 

отырған  ақындық.  Бір  жағынан,  жүйрік,  шешен,  әсем,  ұшқыр  сөздің 

ақындығы.  Көбінесе  қара  сөзбен  айтылған  тапқырлық-алғырлық. 

Өлеңді,  суырыпсалма  айтысты  Абай  ойында  да,  шында  да  көп 

қолданып  жүрген.  Бірақ  сонда  да  ол  шақта  өзін  «ақынмын»  деп 

санамаған.  Өлеңді  де  ойын,  қалжың,  мысал  түрінде  көбірек  айтып 

тастап  жүрген.  Әсіресе,  жігіттікке  жеткен  шағында  қыз-келіншекке 

арналған сәлем хат, калжыңды көбінесе өлеңмен айта беретін болған. 

Бірақ  ол  кездегі  өлеңнің  көбін  өзі  де  ескермей,  өзге  де  көп  елемей, 

барлығы  ұмытылып  қалған.  Есте  калғанының  бізде  жиналғаны: 

«Әліпбимен  жазылған  тілек  хат».  Сонан  соң  «Тайға  міндік»,  «Сап, 

сап,  көңілім»  деген  өлеңдер.  «Сап,  сап,  көңілім»  -  Сүйіндік  қызы 

Тоғжанға  айтылған.  Бозбалалық  шағында  Абайдың  қатты  ынтық 

болғаны - осы Тоғжан. 

Жігіттік  шағында  көп  жастық  салтын  қолданып,  кейде  ақындық 

өнерін  ашық  шығара  жүрген  Абай  ел  келесіне  ат  салысып,  шешендік 

пен алғыр, жүйрік билікке де ұста болады. 

Сонымен,  ақыл-ойға,  білгіш-сезгіштікке  келгенде  ерте  ержеткен 

жас  жігіт  сол  уақытта-ақ  өз  ортасынан  иығы  асып,  оза  бастағанын 

сезгендей  болады.  Өсу  -  ойы  толып  өсуінен  білінеді.  Өсуі  заманын 

сынаудан,  заманының  әміршісі  мықтыларын,  жуандарын,  әкесі 

бастаған  үстем  тапты  сынаудан  білінеді.  Мәдениет,    өнер-білімге 

кенжелеп,  артта  қалған  ел-жұрт  бар.  Қыс  жұты,  жаз  індетімен  аралас 

ел  шаруасының  құтын  шайқап,  барымта  жасап,  бақталастан  туған 

әлек,  лаң  әкеліп,  соны  қалың  ел  ортасына  пәле  ғып  тастап,  сол 

арқылы  момын  еңбекші,  есесіз  көпті  жеп  жүрген,  қанап,  тонап, 

сорлатып  жүрген  атқамінер  шонжар  бар.  Өздері  надан,  өздері  ел 

тағдыры,  халық  қамы  дегенді  ойламайтын  дүлей,  қараңғы  топ.  Олар 

бастаған  ел  көшінің  барар  беті  қараңғы,  екіталай  тығырық.  Ендігі 

тірлікті  жаңғыртып,  өзгертетін  заман  керек,  сол  заманға  карай  халық 

мұңын  өз  мұңы  етіп,  адал  азаматтық  жолмен  бастайтын  қайраткер 

керек. 


Міне,  Абай  өскенде,  ортасынан  асқанда,  осы  сияқты  тарихтық, 

қоғамдық  қайшылыктарды  терең  аңғарып,  танып  барып  өседі.  Әке 

мен  сол  әкелердей  бар  жуандардан  торығып,  бөлек  жол  іздеу  қажет 

деп  өседі.  Әуелде  барлық  ақыл-ойын  мынау  ортаны  мінеп,  шенеп, 

нәрсіздік, 

құнсыздығын 

ашуға 

жұмсайды. 



Жалпы 

ақылмен 


болжайтын  ой-пікірге  келгенде,  олардың  айтып  тоқтаған  жерінің  ар 

 

14 


 

жағынан  жаңа  өріс,  тың  жол  табамын  деп  талпынады.  Олардың 

«таптым,  білдім,  шештім»  дегеніне  сынмен  қарап,  «жеттім»  дегенін 

қанағат  кылмай,  өз  ойын  асырып  түсіруге  тырысады.  Осы  әдет 

Абайдың  жігіттік  шағындағы  көптен  бөлек  ерекше  мінезі  бола 

бастайды.  Бұның  дұрыстығын  дәлелдеу  үшін  ел  есінде  қалған  екі-үш 

мысалды айтайық. 

Абай ол күндегі «жақсы» дегеннің ескі бектік, паңдық, қара күші 

болмаса, нағыз адамгершілік, шын талант қасиет аз екенін әшкерелей 

бастайды.  Және  әсіресе  бұлардан  елдің  күйзелуі  күшті  екенін 

халықтың  сыншы,  жыршылары  айтқан  сөздерден  әбден  танып  біледі. 

Ел  мұңынан,  жұрт  жадаулығынан  соны  таниды.  Өз  әкесі  бір  алуан 

озбыр  күш  иесі  болса,  соның  қарсысындағы  жуандар  да  ешбір 

жағынан  абзал  әулие  емес  екенін  біледі.  Зорлық,  пара,  пәлеқорлық 

оларда да бықып жатады. Жалғыз-ақ  Абайдың баларақ шағында әкесі 

өзін  бұған  танытқанда,  «сол  елдің  телісі,  тентегімен  алысамын»  деп 

өз  жағын  дұрыс  қып  сипаттайтын  еді.  Енді  Абай  бертін  кеп 

танығанда,  ең  әуелі  өз  әкесі  мен  онын  достарын  алдымен  сынайды. 

Оларды  өздерінің  «күштіміз»  деген  жағынан  жүйрік,  шешендік, 

озғындық жағынан женіп, тонамақ боп соқтығады. 

Әкесі  бастаған  шешеннің  қайсысын  болса  да  әңгіме  ішінде  бір 

сөзбен  мүдіртіп  кетуге  тырысады.  Балалық  шағынан  жаңа  өтер-

өтпесте,  әкесінің  жұмсауымен  барып  сөйлескендердің  барлығына  да 

Абай осы мінезді істей бастаған. 

Құнанбайдың  Көкше  ішіндегі  тұрғылас,  дос  кісісі  Қаратай 

болған.  Ол  -  көп  елдің  сынынша  шешен,  жүйрік  адам.  Сол  Қаратай 

бір  күні  Абай  бастаған  жас  жігіттердің  үстіне  келіп,  Бұлардың 

заманын  жамандап,  өз  заманын  мақтай  бастайды.  Абай  бұл  сөздерге 

көп  дау  айтып  келіп,  ақырында:  «Сіздің  заманыңызда  көрші  елдер 

арасында  бір  қол  кісі  болып  жиналып,  түн  қатып  жүрмесе,  жалғыз 

жарым  кісі  қатынаса  алмаушы  еді.  Ұрлық,  барымта,  бұзықтық  көп 

болғандықтан,  «әне,  алып  кетті,  міне,  алып  кетті!»  деп,  кемпір-шал, 

қатын-қалаш,  жас  бала  тыныштықпен  асын  іше  алмаушы  еді.  Сол 

заман  да  жақсы  ма?»-  дегенде,  Қаратай  дау  айтып  келіп:  «Менің 

заманым  пайғамбар  заманына  жақын»,-  депті.  Бұған  қарсы  Абай: 

«Алатаудың  басы  күнге  жақын,  бірақ  басында  мәңгілік  кар  жатады. 

Сайында неше түрлі өсімдік, неше алуан жеміс шығады. Жақсылыққа 

алыс  жер,  алыс  заман  жоқ.  Қайда  болса  да  жетеді.  Сіз  пайғамбарға 

Әзірет Әлінің әкесінен жақын емессіз, ол кәпір болған»,- депті. 

Осы  қағысудың  тұсында  әке  заманы  мен  бала  заманының 

айырмасы  ғана  айтылып  отырған  жоқ.  Екі  буынның  біріне-бірі 

қайшы,  қарсы  көзқарастары  да  танылады.  Ел  мен  елді  шабыстырған, 

бұрынғы  пәле  басы  «басшы»  болыстарды  сынаған,  жақтырмаған 

сарын бар. Қалың ел мұңына, ел тілегіне өзі жақын болуға талпынып, 



 

15 


 

«сол  ел  тілегіне  бейім  болсаң,  жақсысың,  болмаса  өзің  де  жақсы 

емессің,  өзің  билеп  қалыптаған  заманың  да  жақсы  емес»  деген 

саналы  жастың,  жаңа  адамның  аңғары  сезіледі.  Осылайша  бірін 

сынаудан  бастап,  өз  уақытындағы,  өзінің  ар  жағындағы  «үлкен», 

«жүйрік»  дегеннің  әрқайсысына  да  Абай  ұрынып  қальш  отырады. 

Бәрінін де шама-шарқын сынап отырады. 

Жаңағы  сияқты  біраз  сөзбен  Шорманның  Мұсасымен  де 

жанасыпты.  Мұса  -  Құнанбай  құрбылас,  өзі  -  жуан-шонжардың  бірі. 

«Шешен»,  «жүйрік»  деген  де  атағы  болған.  Бір  жылы  Семейде  Мұса 

Құнанбаймен  бір  мәжілісте  отырғанда  (тегі  Құнанбайдың  сұрауымең 

болса  керек),  үйдегі  балаларының  атын  атап,  Садуақас  деген  баласы 

барлығын  айтады.  Сонда  Абай:  «Бір  адамға  екі  бірдей  адамның  атын 

қояды  екен,  ол  Сағид  бин  Уақас  әкелі-балалы  екі  кісінің  аты  емес 

пе?»- депті. 

         Мұса  Абайдың  осы  тілін  еске  алып  қалса  керек.  Екінші  бір 

жерде,  бірталай  кісінің  мәжілісінде  Абай  кіршіме  ішіп  отырғанда, 

Мұса  үстіне  келіпті.  Отырған  жұртпен  бірге  Абай  Мұсаны  мәжіліске 

кіруге  шақырғанда,  ол:  «Жоқ,  бұл  нәрсенін,  аты  кіршіме,  тегі 

ноғайдың  «кірішмә»  деген  сөзінен  болса  керек.  Сондықтан  мен 

кіріспегенімді мақұл көрем»,- депті. 

Бұл  сөзге  Абай:  «Менін,  ойымша,  ең  әуелі  бұл  сөз  ноғайдың  тілі 

емес,  парсының  «гәршама»  -  «шамана  карай»  деген  сөзінен  болуға 

кисынады.  Екінші  -  әрбір  нәрсенің  «ісміне»  қарай  жимисін  ала  ма, 

жимисіне  карай  ісмін  ала  ма?  «Алма»  деген  жемістің  аты,  сол  атына 

қарап алмайсыз ба?»- депті. 

Осы  сияқты  жұрттың  «тапқыр»  деген  кісілерінің  құр  атағына 

жығылмайтын, бойсұнбайтын ізденгіш, өр мінезін Абай оқта-текте өз 

әкесіне  де  білдіріп  жүрген.  Бұл  туралы  мына  бір  әңгімені  айта 

кетейік. 

Ел  ортасының  бір  үлкен  жиынында  Құнанбай  көп  ортасында 

сөйлеп  отырған  уакытта,  Абай  әлденеше  оқталып,  бір  нәрсе  айтқысы 

келіп,  киліге  беріпті.  Сонда  Құнанбай:  «Тек  отыр!»-  деп,  тоқтатып 

тастайды.  Артынан ел арылып, жиыннан  қайтып  келе жатқанда, әкесі 

Абайды шақырып алып, көп алдында көлденеңдегені үшін наразылық 

айтады.  Таласқан  кінәсін  Абай  мойнына  алады.  Содан  кейін 

Құнанбай:  «Кезі  келген  жерде  айтпақ  болып  жүрген  сөзім  бар  еді, 

соны айтайын: ең әуелі - сен жұрттың бәріне күліп сөйлейсің, жайдақ 

су  сияқтысың.  Жайдак  суды  ит  те,  кұс  та  жалайды,  кісіге  кәдірің 

болмайды.  Екінші  -  көрінгенмен  жақын  боласың,  кісі  талғамайтын, 

желбегей  жүрген  кісінің  басына  ел  үйірілмейді.  Ел  алатын  қылық  ол 

емес. Үшінші мінің - орысшылсың»,- депті. 

Осыған  Абай:  «Қолында  құралы  бар  бірен-саранға  ғана  тиетін 

шыңыраудағы  судан  да  қойшы-қоланшы,  жалшы-жақыбайдың  бәріне 



 

16 


 

бірдей  пайдасы  тиетін  жайдақ  су  артық  деп  білемін.  Екінші  сөзге  - 

қазақ  ескі  бір  заманда  қой  сияқты  болған,  бір  қора  қойды  жалғыз 

койшы  «айт!»  десе  өргізіп,  «шәйт!»  десе  жусататын  заман  еді.  Одан 

бері  келе  ел  түйе  сияқты  болды.  Бір  шетіне  тас  тастап  «шөк!»  деп 

дыбыстаған  уақытыңда  аңырып  тұрып  барып,  бетін  бұратын  болды. 

Енді  біздің  заманымызда  ел  жылқы  тәрізді  болды.  Мұны  ақ  кар,  көк 

мұзда  қар  төсеніп,  мұз  жастанып,  етегін  төсек,  жеңін  жастық  қылуға 

шыдаған жылқышы ғана баға алады. Еңбек сіңірген адам ғана ие боп, 

басшы  бола  алады.  Орысшылсың  дегенге  -  оның  қолында  зор  куат, 

өнер,  білімі  бар.  Егер  сол  өнер-білімді  үйренуден  қашсақ,  ол  

надандық 

болар, 

жақсылық 



болмас. 

Мен 


өнер-білімі 

үшін 


орысшылмын»,- депті. 

Әкесімен  осы  айтысқан  сөзі  Абайдың  бұрынғы  жуандардан 

біржолата  бөлекше  зор  програмын  көрсетеді.  Алдымен  әкесінен 

өзгеше болмақ. Бұдан халық мұңын ойлаған, халыққа адал еңбек етіп, 

ел  көпшілігімен  қабыса  табысам  деген  тілек  танылады.  Осы  сөздің 

артынан  ол  өзі  тұстас  рубасының  жаңағы  әкелерге  ұқсаған  мінез-

әрекеттерімен  алысуға  бекінеді.  Ең  алдымен  әкенің  ырқынан 

шығады.  Өзі  туралы:  «Елге  пайдалы,  адамгершілігі  бар,  әділ  басшы 

болсам  ғана  жақсы  адам  боламын»,-  деп  есептейді.  Бұл  жөнде  ол 

бұрын  осындай  ниетпен  шыққан  басшыны  көрген  жоқ  еді.  Өзі 

тұстастың  бәрі  де  ескіше  жуан  болатын.  Сол  ортадан  Абай  үнемі 

етекбастыны,  қара  күшті,  қарсылықты  көрумен  күн  кешеді.  Бірақ 

олардың кәрісіне де, жасына да бойсұнбайды, ірге бермейді. 

 

Бас-басына би болған өңкей қиқым,  

Мінеки, бұзған жоқ па елдіқ сиқын?..  

Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық,  

Қыр артылмас болған соң мінсе қырқың?- 

 

деп,  кейін  айтатын  ызалы,  сыншы  өлеңдерінің  түп-тамыры  осы 

жаңағы  айтылған  жайда  жатады.  Сондайды  ойлап,  ол  ортаны 

менсінбей, алысумен кетеді. Қейде надандықтарын мазақ етеді. 

Жаңағы  сияқты  мінездің  белгісін  қаракесек  Алшынбайға  да 

көрсетіпті.  Абай  Алшынбай  ауылының  күйеуі  болады.  Алғашқы 

алған әйелі Ділдә - сол Алшынбайдың немере қызы. Ділдәні алғаннан 

кейін  Абай  Алшынбайға  сәлем  бере,  амандаса  барады.  Қайтарда 

қайыны,  әдет  бойынша:  «Қалаған,  сұрағаны  бар  ма?»-  деседі.  Сонда 

Абай  шұбар  айғырдың  үйірі  деген  бір  қысырақты  алғысы  келгенін 

айтады.  Мұны  Алшынбай  бере  алмай:  «Батамды  алсын!»-  дейді. 

Абай:  «Ондай  батасын  сатқан  шал  өзімде  де  бар»-  деп,  Алшынбайға 

бармай  кетіпті.  Өз  тұсындағы  рубасыларымен  кездескенде,  жас 


 

17 


 

Абайдың  қолданатын  мінезі  осы  сияқты:  көпішілігін  менсінбейді, 

місе қылмайды. 

Абай  өз  талабын  алға  қойып  шыққан  кезде,  жалғыз  тобықты 

ішінде  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  даласының  барлығында  штат-партия 

таластарынан  туатын  алыс-жұлыс  өте  көп  еді.  Оның  түбі  патшалық 

саясатының  рубасылары  ортасына  әдейілеп  егіп  тұратын  әрекетінен 

туады.  Неғұрлым  тартыс  күшті  болса,  соғұрлым  даланың  ісі 

рубасылар  арқылы  қалаға  кеп  сарқады.  Әмір  иесі  болам  дегендер 

дала мен қалада бірдей алысады. 

Патша  өкіметінің  қырдағы  өкіл-ұлықтары  бұрын  аға  сұлтан, 

беріде  болыс,  би,  елубасы,  старшын  деген  ортаның  өзі  де  өзгеше 

нәрсіз,  шірік  орта  болатын.  Абайдың  бертінде  жазған:  «Болыс 

болдым,  мінеки»,  «Болды  да  партия»,  «Бөтен  елде  бар  болса», 

«Қалың  елім,  қазағым»  деген  сияқты  көптен-көп  өлеңдеріне  көз 

салып,  ойлап  қарасақ,  сол  ортаның  жиренішті,  құнарсыз  сурет, 

мінездерін,  әдет  машықтарын  анық  танытады.  Патшалықтың  парақор 

ұлық, 


жандарал, 

ояз 


начальниктеріне, 

адвокат, 

чиновник, 

тілмәштарына  табынған  жаңағы  аткамінерлер  қоғамдық  тілекті 

лайлаған, неше алуан мін мен дертке толы еді. Бұл күй, бұл қалып бір 

ғана  Абай  көріп  жүрген  тобықты  ішінде  ғана  емес,  қазақ 

сахарасының  барлығын  басқан  тұманды  түнектей,  қалың  дерт  болды. 

Ол 


патшаның 

отаршылық 

саясатынан 

туған 


күй 

болатын. 

Патшалықтың  ел  ішіндегі  өкілі,  әкімі,  сүйеніші  -  бай,  жуаннан 

шыққан болыс, би, елубасылар. Олар үшін рушылдықты, ескі тәртіпті 

сақтап,  сол  арқылы  өз  үстемдігін  жүргізу  қажет.  Қазақ  сияқты 

Россиядағы  көп  бұратана  елді  билеуде  патшалық  өкіметінің  өзі  де 

жаңағы  рушылдық,  ескішілдік  қалыпты  нық  сақтап  отырды.  Бұл 

елдерде  өмір  өркендесін,  мәдениет  дамысын  деген  ой  онда  мүлде 

болған  жоқ.  Қайта  жаңағы  ескіліктің  кертартпа  құрылысын  өз 

керегіне  пайдалана  жүріп,  соны  мызғытпай  сақтап  отырды. 

Сондықтан  да  болыстық,  старшындық  билік  үшін  ел  жуандары 

қырқысса,  соны  патшалық  ұлықтары  әдейі  қоздыра  түсетін.  Бұл  тек 

саясаттық  қана  тәсіл  емес,  сол  күндегі  Россия  буржуазиясының 

пайдасы үшін де керек. 

Ленин  XIX  ғасырдың  соңғы  25  жылының  ішінде  Россия 

буржуазиясы  Россияның  шығыстағы  отарларына  неліктен  ынтығып, 

ұмтылып  жүрген  себебін  айта  кеп:  «Ол  жақта  сауданың  «талау 

табысы» әлде де бірнеше жүз процент пайда кіргізуші еді»,- дейді. 

Осындай  неше  алуан  қанау,  талау  ауыртпалық  боп  орнағанда, 

қалың  момын  еңбек  елінің  басына  орнайтын.  Болыс  сайлауының 

лаңынан  басқа,  патшалықтың  алым-салығы,  парақор  жемір-болыс,   

бидің  «қара  шығынының»  барлығы  және  де  байға  мол  түспей, 

«түңлік» басы деп жоқ-жітікке, жарлы-жақыбайға түсетін. 


 

18 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет