М.Әуезов абайдың Өм ірбаяны (1950)



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата31.03.2017
өлшемі0,75 Mb.
#10960
1   2   3   4   5

 

деген сияқты талай-талай сөздерден Күнту болыс болатын сайлаудың 

алыстағы  сарыны  сезілгендей.  Сонымен  қатар,  бұл  өлеңдерінің 

барлығы өзінің шын налыған күйін аңғартады. 

1882  жылдардан  бастап,  осы  85-86  жылдарда  ол  Пушкин, 

Лермонтовтен бірен-саран өлеңдерді қазақшаға аударып та байқайды. 

Бірақ  жоғарыда  айтқан  ретпен  Күнту  болыс  болып  алған  соң, 

Абайдың  үстінен  арыз,  шағым  ұлық  кеңселеріне  тағы  топырлап 

түскен еді. 

Өз  атаған  кісісі  болыс  болған  соң,  ру  басылары  осы  жылғы 

қолына тиген әкімшілікті әбден пайдаланады. Сол  ретпен өзіне ерген 

400  үйді  алып,  Оразбай  Шыңғыс  болысынан  бөлініп  шығып, 

Бұғылыға  қосылады.  Бұрын  бұл  бөлініп  шығам  дегенде,  болыс  боп 


 

30 


 

отырған  Құнанбай  балалары  мөр,  приговор  бермей,  өз  ауқымынан 

шығармайтын.  «Түбі  жаулық  ойласа,  басқа  болыста  отырып  алысып 

кетсе,  құрығымыз  үнемі  жете  бермейді»,-  деп,  аңдысқан  кісіні  өз 

қасынан  шығармай  қою  -  көп  болыс,  жуанның  есебі,  саясаты. 

Оразбайды бөлек болыс қып жібере кою Күнту, Жиреншелерге де түп 

есеп  үшін  керек.  Құнанбай  балаларына  үнемі  бар  тобықтының  елін 

билетіп  отырмас  үшін,  өз  орталарынан  бірер  мықтыны  аналардың 

құрығынан  ұзатып    жіберіп,  соған  тобықты  шеңберіндегі 

партийный,

 

бір  қабырғасын  сүйетіп,  өздері  соны  арқа  тіреу,  бел  қып  отырып 



алысуға  да  дұрыс  келеді.  Күнтудың  болыс  болуы  жеңген  жаққа 

осындай да бір нәтиже береді. 

Екінші,  сол  Күнтудың  өзі  де  Құнанбай  баласының  қоластына 

қайта карап қалмас үшін, өзіне ерген  руларын алып, көршілес Мұқыр 

болысына  шығуға  жол  әзірлеп  қояды.  Кейін  бұны  түсіретін  мезгіл 

болғанда,  Күнту  өзіне  қажет  болатын  мөр,  приговорды  сайлап  жүріп, 

Мұқырға  шығып  кетеді.  Бұл  -  Күнту  болыс  болудың  ең  соңғы 

уақиғасы.  Бірақ  осыған  жетпестен  бұрын,  ол  адамдар  ең  әуелі 

Құнанбай  жағының  барлық  бұзақылары  үшін  Абайды  жазалауға 

кіріседі.  Осындай  қызу  тартыс  үстінде  «Құнанбай  баласынан 

болыстық  кетті»  деген  дақпырт  ұлық  айдатқан  жігітек  балаларына  да 

жетеді.  Сонымен,  Бөжей  заманынан  бері  қарай  Құнанбайға  қарсы 

жаулықты  мықтап  ұстаған  Базаралы  қашып  келеді.  Күнтудың 

болыстығына  сүйеніп,  «қайта  ұстатпайды,  ұлыққа  көрсетпейді»  деп 

бір сеніп, екінші - орайы келсе, ескі кегін қуып көрмек боп та келеді. 

Осы  сияқты  әр  алуан  түрде  құралып  келген  уақиғалар  алыстың 

түйінін  шиеленістіре  береді.  Тартыс  қырда  да,  ойда  да  қатты  қозады. 

Осындаймен  жүргенде  Қарамола  деген  жәрмеңкеде,  ол  күндегі  әдет 

бойынша,  ұлықтар  бас  қосқан  «шербешнай»  дейтін  (төтенше)  сияз 

болады.  Осыған  Абай  да  келеді.  Бұл  уақытта  тобықты  ішіндегі 

Абайға  жау  болып  шыққан  кісілер,  өздеріне  іштей  тілектес  болатын 

атқамінерлерді  басқа  елден  де  тауып  алған.  Бұрын  Абайдың  өзге 

сырт  елдегі  достары  көп  болса,  сол  достарының  қарсысыңда  жүрген 

жуан, шонжар болыстар тәрізді жаулары да бар еді. Енді тобықты іші 

жіктеліп  алғанда,  солар  шұрқырасып  келіп,  Абайдың  тобықты 

ішіндегі жауларымен табысып, тобын молайтады. 

Шербешнай  сиязға  жиналған  топтың  ішінде  осы  сияқты  Абайға 

қастық  ниет  ойлайтын  кісілердің  барлығы  Қарамолаға  келетін  Семей 

жандаралынан  Абайды  жазалауды  күтеді.  Абай  айдалар  деп  те  үміт 

қылатындар болады. Кейін  жандарал  келіп,  тосып тұрған ел кісілерін 

жағалай  жүріп,  әрқайсысымен  танысып  келе  жатып,  Абайға 

тоқтайды. 

Абай  өзге  ұлықтарға  істеген  мінезін  осы  жандаралға  да  істеген. 

Жалпы  атқамінерлерше  ұлыққа  пара  беру,  жалыну  дегенді  Абай 



 

31 


 

ешуақытта  білген  емес.  Қай  ұлықпен  болса  да  тең  сөйлеседі.  Елдіц 

тілегін  жеткізе  айтады.  Және,  әсіресе,  ешбір  ұлық  баса  алмайтын 

ұрлық,  шабуыл,  құн  дауы,  жер  дауы  сиякты  дау-шар  атаулының 

барлығын  да  қалай  шешіп,  қалай  аяқтау  жолдарын  Абай  басқа 

адамнан  артық  біледі.  Сол  жолда  ел-елге  тыныштық  тапқызып, 

мағынасыз құр алыс, бос пәледен құтқарады. Бұл - өзінің де іздейтіні. 

Сондықтан  ұлық  атаулы  өз  әлсіздігін  біліп,  Абайдың  ақылына, 

біліміне  амалсыздан  құштар  болатын.  Жаңағы  жандарал  Абайға 

құлшынып,  жазалаймын  деп  келіп,  артынан  мәдениетті  түрде  өзімен 

тең сөйлесетін  Абайды көргенде, еріксіз құралынан айрылып  калады. 

Абайды  танып  алған  соң,  амалсыз  келіп  шербешнай  сиязға  оны  төбе 

би  кып  өзі  ұсынады.  Өзге  шағымқор,  шенкұмар,  парашыл 

атқамінердің  ешнәрсені  шеше  алмайтынын  көреді.  Ел  арыздары 

шешілмесе,  кеңсеге  тағы  көп  тілектер  үйіледі.  Сондайлардың 

себебімен  Абайдың  билігіне  өзі  мұқтаж  боп  өзге  рубасыларға  кеп: 

«Сиязды  жақсы  өткізіңдер.  Ұрыда  ақылары  кеткендердің  ақысын 

толық  әперіңдер.  Сиязды  жақсы  өткізу  үшін  Абай  сияқты  кісіні  тебе 

би сайлаңдар»,- дейді. 

Ел  жуандарын  осы  жеңуі  Абайдың  партияшылдық  тартысынан 

емес,  өзінің  көпшілік  тілегіне  жақын  болған  қасиетінен  туған. 

Ерекше  халықшыл  бағыты  үшін,  өнер,  еңбегі  үшін  Абайды 

бағалаушы  халық  саны  сол  тұстың  өзінде  де  көбейіп  калғанына  осы 

дәлел  еді.  Солар  жәрмеңкеге  келіп,  Өскемен  билерін  де  тежеп, 

Абайға қастық істемек болған жуан содырдың көбін бір жол да болса, 

тойтаруға жарайды. 

Абай  сондағы  мансапқор,  күншіл,  шағымқой  арам  адамдардың 

қалың  ортасында  отырып,  бәрін  де  көзге  шұқып  отырғандай  қып,  бір 

үлкен  терең  сөз  тастайды.  «Биік  мансап  -  биік  жартас.  Оның  басына 

екпіндеп  қыран  да  шығады,  ерінбей  еңбектеп  жылан  да  шығады»,- 

деген.  Парамен,  айламен,  жағымпаздық,  сұркиялықпен  ұлық,  болыс 

болып жүрген надан жуандарды, ел жуандарын тағы әшкерелейді. 

Ел-елді  ақылдастыратын,  неше  алуан  ұлы-кіші  дауларын 

шешетін,  түйін-түйнектерін  жазатын  -  сияз.  Мұнда  кай  жолмен, 

кандай  кесіктер  айтылу  керек.  Дау  алуанына  қарай  заң,  ереже 

тудырып,  орамды  әділ  билік  жасау  керек.  Осы  міндетті  мойнына 

алған  Абай  бірнеше  күн  хатқа  жазып  ереже  тізеді.  Онысының  көбі 

қазақтың  өзі  ескіден  білген  ел  заңы  болумен  қатар,  кей  жерлерде 

жаңа  жол-жоба  болады.  Біздін.  қолымызға  Қарамола  сиязы  мен 

кейінірек  болатын  Семей,  Жетісу  облыстары  бас  қосқан  Көктума 

сиязындай  ұлы  дүбір  сияздың  хатка  түскен  ережелері  тимеді. 

Көктума  сиязында  да  төбе  биге  халықтың  ұйғаруымен  әділ  би  деп 

Абайды сайлаған. 


 

32 


 

Абаймен  бірге  Қарамолада  болған  Мүсірәлінің  куәлігі  ойынша, 

бұл  жолы  Абай  тізген  ереже  бабы  жүзден  аса  еді,-  дейді.  Сол 

Мүсірәлінің  есінде  калған  екі  бабы  анық  Абайдың  өзі  қолданған,  өзі 

қостырған,  тың  жаңа  жолға  ұқсайды.  Ол  күннің  жағдайында  шамасы 

келгенше көпшілік үшін әділет  іздеген Абай ұрлық, қылмыс пен әйел 

мәселесіне  арнап  екі  жаңа  ереже  айтады.  Бұрынғы  жол  бойынша  ақы 

иелері  алатын  малды  төлеуге  ұрының  өз  мүлкі  жетпегенде,  ағайыны 

төлейді  екен.  Абай  енді  «ағайыны  емес,  ұрыға  ат  майын  беруші, 

сүйеуші бай-жуан телейтін болсын»,- дейді. 

Бұдан  бұрын  ері  өлген  жесір  әйелді  алатын  әмеңгері  жоқ  болса, 

байының ағайыны өзге біреуге сатып беруге болады екен. Абай: «Бұл 

әділет емес, ол әйел баста бір сатылған, жасау-мүлкімен кеп алғашқы 

калың  мал  орайын  төлеткен.  Енді  екі  сатылмак  -  зорлық.  Алатын 

әмеңгері болмаса, еркі өзінде, ол әйел азат»,- деген. 

Осы  екі  баптың,  әсіресе,  алғашқысы  -  ұрар  жерін  тауып  соққан 

ереже.  Ұрыға  ат  майын  берушінің  көбі  азғын,  құнсыз  корқау  байдан, 

ел  ішіндегі  арылмас  пәле  басы,  бықсық  шонжардан  шығатын.  Абай 

мына  ережеде,  көп  ұры  еместі  ұры  етіп  жіберетін  сондай  індет  түбін 

тауып ұрып отыр. 

Осыны  ереже  қып  бекітеді  де,  Абай  өзі  орындатады.  Мұндай 

жайлар  да  талай  жерден  Абай  басына  өшігетін  сотқ  ар,  бұзарларды 

көбейте түседі. 

Сонымен  қатар,  қалың  елдің  шын  әділетті  іздейтін  көп  момын, 

көп  бұкарасы  Абайдай  әділ  таразының  билігін  іздегіш  те  болады. 

Кейінгі  Абай  өмірінде,  талай  да  талай  алыс  елдің  нелер  қиын  сүрі 

дауларымен  мұны  іздеп  келетіні  осыдан.  Бұл  соңғы  жайдың  өзі  де 

Абай  даңқын  асырып,  көп  ортанын  би  жуанын  Абай  басына  қас  ете 

берген. 

Ал  Қарамола  сиязы  Абайдың  қатты  әсерімен,  сол  белгілеген 

бетпен өтеді. Бірақ сияз осылай өтсе де, Күнту болыс тұрған уақытта, 

Абаймен  ұстасқан  жуандар  тартыстан  да,  арыз-шағымнан  да 

тыйылмаған.  Сонымен  көрсету  шағым  тағы  молайып,  қарсы  жағы 

Абайды  және  де  жер  аударуға  жақындайды.  Осы  орайда  Семей 

қаласына 

Ақмола, 


Семей 

облысының 

«корпусы» 

(генерал-

губернаторы)  келеді.  Абайға  жаулық  ойлағандардың  арызы  оның 

алдынан  да  жаңбырша  жауады.  Корпус  бұл  істерді  көрген  сон, 

Абайды  жер  аудармақшы  болады.  Абай  генерал-губернатормен  де 

жәй  арызшы  түрінде  емес,  анадағы  жандаралмен  сөйлескендей  еркін, 

кең  сөйлеседі.  Ақылының,  ақтығының  себебінен  ақталып  шығады. 

Бұрынғы жер аударылу деген сөз іске аспай қалады. Аздан соң Күнту 

өтірік  шағымдары  үшін  болыстықтан  түсіп,  қызметті  басқа  кісіге 

тапсырады. 



 

33 


 

Бұрын елдің сөзінен безер боп, басын алып қашқан Абай, жаңағы 

окиғалар  тұсында  амалсыз  кіріссе  де,  енді  шамасы  жеткенше 

атқамінерлер  ортасынан,  олардын  пәлесінен  аулақ  болуға  тырысады. 

Шынымен  ел  тыныштығын  іздейді.  Өз  басы  нәрлі  еңбекке  берілмек 

болады.  Орыс  кітабын  ешуақытта  да  тастамаған  еді.  Сонымен  бірге 

1886 жылдан 1889 жылға жеткенше тағы да көп өлең жазады. Мүмкін 

болғанынша  бұрынғы  арман  қылған,  мағыналы  өмірін  бастап  көреді. 

Өз  қолындағы  кітаптары  біткенде  әдейі  ат  айдатып  қалаға  кісі 

жіберіп,  Семей  кітапханасынан  жаңа  кітаптар  алғызып,  оқығанын 

қайтарып жіберіп, жаңғыртып отырады. 

Осы  жылдары  Абайдың  барлық  ақындық  қызметінің  ішіндегі  ең 

өнімді,  ең  жемісті  кезі  болады.  1889  жылы  25  шамалы  өлең 

жазылады. Бұл сөздерінің ішінде бұрынғыша өз ортасының өзі көрген 

кемшілік  міндерін  қатал  сыншы,  үлкен  ұстаз  тілімен  шенеп,  тексеру 

бар.  Сонымен  қатар  махаббат  жайындағы  сөздер,  табиғат  суреттері, 

бас  қайғысы  да  араласады.  Пушкиннің  «Евгений  Онегинін»  аудара 

береді.  Және  осы  жылдан  бастап  Абайдың  білімі  мен  өсиетіне  құмар 

болған  ел  ішінін  көзі  ашық  жастарына  Абайдың  ауылы  үлкен 

білгіштің  медресесі  сияқты  болады.  Абай  ұстаз  да,  мұның  алдына 

келген  сөз  ұғатын  талапты  жастарының  бәрі  -  шәкірт.  Абай  іні,  бала, 

ағайындарына  дос,  жастарға  мағыналы  тәрбиеші  бола  бастайды.  Енді 

осы сөз ұғатын жастарды жаңа жолмен, өзі хиял қылған өнер-білімге, 

жана  сапалы  адамгершілікке  қарай  жетектеп,  баулығысы  келеді. 

Бұларға  өз  өмірінің  өкініштерін,  ауыртпалықтарын  да  көп  айтады. 

«Ескі  үлгіде  қалма!  Өзгерген  заманнын  жаңа  түрлі  қайраткері  болуға 

әзірлен»,- дейді. Сондықтан өлең сөздерінде бір айтса, ауызша өсиет, 

мәжілістерімен  тағы  да  баулып,  ылғи  ғана    сол  атаған    жана    жолына 

қарай  жас  қауымды  бастай  береді.  Абай  жалғыз  өз  өсиетіне  канағат 

қылмай,  жастардың  сезім  тәрбиесін  толықтырмақ  болып,  көбіне 

музыка  үйретпекші  болады.  Сол  мақсатпен  Көкен  еліндегі  Мұқа 

деген  скрипкашыны  қолында  ұстайды.  Мұқа  Абай  ауылына  кеңшілік 

жәй  емес,  қысылшаң  хал  үстінде  пана  тілеп  барған  еді.  Өз 

ағайынының  біреуінен  қалған  жесір  әйелге  ғашық  болып,  соны 

әмеңгеріне  тигізбей,  алып  қашады  да,  Абай  ауылына  барады.  Бұл 

кеткен  соң,  жуан  ағайыны,  артындағы  үйін  шауып  алып,  пәле 

басталады.  Абай  сондайлық  ауыртпалығына  қарамай,  Мұқа  мен 

келіншекке  ара  түсіп,  бастарына  азаттық  әперіп,  артын  өзі 

жайғастырып, өнер иесі Мұқаны өзіне дос етіп, туыс етіп алады. Тағы 

сол  кезде  өзге  елдерден  келген  басқа  бірнеше  ақынды  да  сактайды. 

Бұлардың  көбі  Абай  өлендерін  қатты  қадірлеп,  жаттап  алып,  кейін 

Орта жүз, Ұлы жүздің көп еліне мол таратады. 

Ертерек  уақытта  қазақтын  әнші,  ақындарының  ең  бір  ірі  адамы  - 

Біржан  сал  да  Абаймен  жүз  көрісіп,  үлкен  дос  болған.  Ол  Абайдың 



 

34 


 

жасырақ  кезінде  тобықты  ішіне  келіп  (атақты  ақын  қыз  Сарамен 

айтысатын  сапары  болу  керек),  көп  уакыт  кадірлі  қонақ  болып 

жатып, 


Көкшетау, 

Атбасардан 

бергі 

жерде 


болған 

қазақ 


өнерпаздарынын  көп  қазынасымен  Абайды  кең  таныстырып  кетеді. 

Абай өзі де көп ән үйреніп, көп ақынның сөзіне қанып калады. Әйелі 

Әйгерімге  Біржанның  әндерін  үйретеді.  Бұл  сиякты  кездесулер 

Абайды  өз  заманындағы  қазақ  сахарасындағы  халық  өнерімен  мол 

таныстырып, нық байланыстырып отырған. 

Токсаныншы  жылдарда  өлең,  өнерге  тереңдеп  кіріскен  Абай  бір 

өзінің  көргені  мен  сезгенін  жырлайтын  ақын  емес,  бүкіл  қазақ 

даласындағы  ой-сезімін  жырлаушы  Абай  болады.  Осындай  үлкен 

арналы  ақындық  жолына  берілтен  соң,  1891  жылға  шейінгі  өмірі 

Абайдың  өзінше  ең  мағыналы  еткізген  жылдары  болады.  1890-91 

жылдарда  да  көп  өлең  жазады.  Сол  уақыттарда  жас  жігіт  болып, 

әкесінің  колында  тұрып,  оқып  жүрген  шәкірт  достары:  «Осы 

жылдардың  мәжілісінде  ілім  сөзінен  басқа  сөз  жоқ  болды.  Бар 

талапкер  жастар  болып  сөзін  тыңдап  медреседегі  шәкірттерше 

хақиқат олай емес» деседі. 

Осы  екі  жылдың  ішінде  Абай  өзінің  көп  жаңа  өлеңдеріне  ән 

шығарады. Ұстаздық қып отырғанда «малқұмар, мансапқор адам адам 

емес»  деп  ұғындырады.  Әрдайым    сағынып,  көксеп,  қатты  

рахаттанатын    уақыты  сөзді  ұғар-ау  деген  адамдарға,  жастарға  ілім 

сөзін  сөйлеп,  насихат  айтып  отыратын  кезі  болады.  «Ондай  сөзге 

түсіп  отырғанда,  шаруа  судай  ағып  бара  жатса  да,  қаперіне  алған 

емес.  Біреу  не  шаруа  айтып,  не  ел  арасындағы  партияның  жайын 

айтып, сөзін бөлсе, кейіп я ашуланып қалушы еді». 

«Сауданың, ақшаның есебі секілді есеп әңгімесі шықса, аза бойы 

қаза  тұрып,  жиренген  кісідей  болып  мазасы  кетіп,  «есептерің  бар 

болса,  аулаққа  барып  есептеңдер»  деп,  өзі  отырған  үйінен  қуып 

жіберуші еді» деседі. 

Осы  айтылған  сөздердің  барлығы    жалғыз  Абайдың  шәкірттері 

емес,  сол  кездерде  Абайдың  тәрбиесінде  болған  көп  адамдардың 

бірдей  айтатын  сөзі.  Сондай  өмір,  сондай  мағыналы,  үлгілі  жол  - 

Абайдың  барлық  кейінгі  өмірінде  айнымай  ұстансам  деген  жолы. 

Егер де ел ішінің бір қалыпта тұрмайтын тынымсыз әдеттері осындай 

өмірден  Абайды  кей  уақытта  еріксіз    тартып  алмаса,      Абай  1889 

жылдан  бастап,  соңғы  күндеріне  шейін  өз  өмірін  осы  жолмен 

өткізбекші  еді.  Бірақ  ойлаған  мақсұт-ниеті  бұл  тұста  да  түгелімен 

арман кылған өрісіне жете  алмады. 

1889 жылға  дейін  тыныштық  болып,  кейін  дәл  сол  жылдың 

жазында Оспан мен Оразбай кайта араздасып, жауласа бастайды. 

Абай  ержетісімен  өзі  тұрғы  жастан  дос  етіп,  касына  ертіп  адам 

ғып  шығарған  кісілері  ең  алдымен  осы  Оразбай,  Жиренше,  Ерболдар 



 

35 


 

болатын.  Дәл  Жиренше  басына  еткен  сан  жаксылығының  бірі  -  көп 

сайлаудың  бірінде  «тентек  ояз»,  «қара  ояз»  деп  атанған  бір  сотқар 

ояз  елдің  жазықсыз  адамдарына  дүре  соға  бастап,  солар  қатарында 

Жиреншеге 

де 


дүре 

салмақ 


болғанда, 

Абай 


оязбен 

қатты 


жанжалдасып,  ара  түсіп,  сабатпай  ананың  арын,  намысын  қорғап 

шыққан. 


Соның 

артынан 


«тентек 

ояз» 


Абайды 

Семейдің 

каталашкасына да жапқызған. Арғын, найман арасына барса, өмірінде 

жалғыз-ақ  рет,  жас  шағында  Қоңыр-Көкшеге  болыс  болса,  Абайдың 

әрдайым  сенімді,  белді  би  қып  ерткен  кісілері  осы  Жиренше  мен 

Оразбай еді. 

Ол  екеуі  Абайдың  ығында  жүріп,  елеусіз  халден  белгілі  адам 

қалпына  жеткенде,  малданып,  әлденіп  күшейген  күндерінде  Абайға 

ен  алдымен  қас  боп  шығады.  Сол  жылдардың  алдында  бұрын 

ондайлык  бай  болмаған  екеуі  мейлінше  байып  алады.  Әрқайсысында 

мың-мыңнан  жылқы  болған.  Оразбай  бертінде  жылқы  санын  үш 

мыңға  да  жеткізген.  Ал  Абайдың  өз  басында  ешбір  уақытта  ондай 

байлық  болған  емес.  Қайта  өмірінде  талай  рет  «шағын  дәулет», 

«шолак  дәулет»  дейтін  күйлерге  жақын  қалып  жүрген.  Мынау  екеуі 

өздері  байып,  әлденіп  алған  соң  Абайға  қарсы  жаулықты  тобынан 

бұрын  бастайды. 

Олардың  ен  алғаш  Абаймен  араз  болған  сылтау,  себебі  де 

өзгеше.  Бір  жылы  тобықты,  найман  шекарасында  Абайлар  жүргенде 

найманның  екі  руы  -  сыбан  мен  мұрын  арасында  қатты  қырқысқан 

дау  туады.  Жесір  дауы.  Абай  тегі  қатал  қалпын  өзгертіп,  азаттық 

үшін  алысам  деп,  сан  рет  қатты  пәлеге  ұшырап,  өз  басы  арандап 

жүрген. Мынау жолда да соның бір кезі болады. Мұрын қызы күйеуін 

тең  көрмей,  өзінің  сүйгеніне  кетеді.  Сыбан  қызды  қайтарып  алмақ. 

Пәле  үлғайып,  ел  шабысарман  болған  соң,  екі  жағының  сөзі  Абай 

алдына  келгенде,  Абай  бітім-тоқтау  айтындар  деп  өз  атынан 

Жиренше  мен  Оразбайды  жібереді.  «Мұрын  кызына  азаттық 

әперіңдер»  деп  арнап  тапсырады.  Жиреншелер  Абайдың  айтқанын 

орындап,  қыз  басын  босатарман  болғанда,  сыбаннын  біреуі:  «Жол 

осы  ма  еді.  Кенгірбай  аруағы  кайдасың!»-  деп  ұрандап,  аруақ 

шақырады.  Осыған  қайысқан  Оразбай  Кеңгірбай  жолын  бұзғысы 

келмей,  Абайға  келгенде,  ол:  «Кеңгірбайдан  ел  әділдік  көрген  жоқ. 

Әйел үшін ол «Қара кабан» атанған деп, өз айтқанын істетеді. Мұрын 

қызына  еркіндік  әпереді.  Ал  Оразбай  мен  Жиренше:  «Абай  асқан 

екен,  Кенгірбай  жолын  бұзумен  тұрмай,  «қабан»  деп  тілін  тигізді. 

Енді бұдан біз кеттік, жауластық»,- деп, өзді-өзі серттесіп алады. 

Осыдан  кейін  екеуі  жар  кұлағы  жастыққа  тимей:  «Қалың  найман 

алдында  Абай  Кеңгірбайға  тілін  тигізді»,-  деп,  өздеріне  ұсаған  бай-

жуанның  басын  кұрай  бастайды.  Байғұлақ,  Күнту  бар,  жиыны  16 

атқамінер  боп,  Абайға  қарсы  шықпаққа  серт  байласады.  Бұл  серттері 


 

36 


 

Жиренше  қыстауының  үстінде  «Ши»  деген  жерде,  Кенгірбай 

бейітінің  қасында  жасалады.  Кеңгірбайдың  аруағын  атасып,  бейітіне 

бет  берісіп  тұрып  баталасады.  Жауламақ,  мұқатпағы  -  Абай.  Оның 

еткен «жаманшылығы» - әлгі. 

Міне,  Күнту  болыс  болудың  алды  осы  еді.  Содан  бері  Оспан 

болыс болған шақта да  тыйылмай  жүрген күндестік, араздықтың  түбі 

үнемі  Абайға  сарықпай  тұрмайды.  Тартыс  үстінде  Оспан  Оразбайды 

жазаға  іліндірмек  болады.  Оразбай  қалаға  кашып  кетеді.  Оспан  ел 

ішінде  билер  сиязын  өз  дегенінше  өткізіп  алып,  қалаға    Оразбайды 

куа  барады  да,  ояз  кеңсесінің  алдынан  өз  қолымен  ұстап  алып, 

«қорлық  көрсін»  деп,  өзі  мінген  арбасының  артына  таңып  алып,  елге 

әкеледі.  Бұрын  зорлыкқа  бойсұнбаймын,  көнбеймін  деп  тырысып 

жүрген  Оразбайға  мынау  істеген  іс  «кұлақ  естіп,  көз  көрмеген»  кекті 

жаза  болады.  Бірақ  Оспанның  осы  істеген  ісінің  арты  көп  арыз,  көп 

куғын  болып,  ең  алдымен  өзі  болыстығынан  түседі.  Орнына 

кандидаты Арапты коймай, сол кездегі «долынжы би» (бұл болыс пен 

кандидат  екеуі  де  орнынан  тайса,  уакытша  болыстық  міндетін 

атқаратын  бірінші  би)  Шәке  деген  Оспанның  інісін  қояды.  Осы 

араздық,  жаулық  арты  Абайға  ен  зор  дұшпандық,  ең  салмағы  ауыр 

міндет боп тағы кеп ошарылады. Оспан жаңағы ұлы пәленің артынан, 

үлкен  тартыс  енді  молайып  келе  жатқанда,  1891  жылы  қайтыс 

болады.  Мұның  өлімі  Абай  көрген  қатты  ауыр  қазаның  бірі  еді.  1892 

жылы  өлеңдерінің  көбінде  Абай  Оспанның  өлімінен  уланып, 

дерттенген  жайын  көп  жерде  сездіреді.  Осы  өлімнің  өзіне  арнап  та 

өлең жазады. 

Оспан  өлген  соң,  барлық  жаудың  азабы  мен  әлегі  түгел  келіп 

Абайдын  жеке  басына  түседі.  Еңбекке  толы  тыныштық  өмір 

бұзылады.  Барлық  ішкі  куат-сезімімен  бұрынғыны  барынша  жек 

көріп,  жиреніп  алған  Абай  қайтадан  сол  әуелгі  қалыпқа  келген  соң, 

тіршіліктің  бұл  сыбағасын  ас  орнына  у  тартқандай  көреді.  Бірақ 

қалай  да  болса,  кіріспесіне  болмайды.  Кірісу  міндет  болып  алған. 

Өсиетін  көксеп,  мәжілісін  іздеген  жастарға  медресе  есігі  уакытша 

жабылғандай  болады.  Өлеңдері  де  бұрынғы  сияқты  тыныштықпен 

отырып  жазылмай,  ерекше  тынышсыздық,  алыс-жұлыстың  үстінде 

жазыла жүреді. 

Осы  жылдарда  Абайдың  өлеңімен  қатар  аудармалары  көп  орын 

ала  бастайды.  1891  жылғы  жаулық  тағы  да  ұзаққа  кетеді.  Тартыс  бір 

ел  емес,  әлденеше  елдің  ішінде,  әлденеше  жұмыстардың  тұсында 

бола  келіп,  1897  жылға  шейін  созылады.  Бұл  әредікте  шет  елде 

болған  тартыс  -  тобықты  мен  уақтың  тартысы.  Ол  пәленін  басы  да 

Оразбай болады. 

Оспан өліп, ел  ішіндегі үлкенді-кішілі  істерге өзі бас боп жүрген 

Оразбай  енді  Абайды  түрткілеп  қоздырып,  бір  пәлеге  тартуға 



 

37 


 

құмартады.  Осы  орайда  Абай  мен  уақтың  бір  адамы  Нұрке  деген 

кісінің  екі  арасын  шиеленістіретін  бір  кез  келеді.  Бұрын  Абай  мен 

Нұрке  аса  тату,  дос  еді.  Нұрке  -  Көкен  болысының  қазағы.  Жері  мен 

елі  Семей  қаласына  жақын.  Өзі  адамшылық  абыройы  зор,  қала  мен 

қырға  бірдей  беделді  адам  болатын.  Сол  Нұркенің  бойжеткен  қызын 

Абайдың  баласы  Мағауия  аламын  деп  әуелде  бір  қысырақтын  үйірін 

қарғы  бауға  жібереді.  Артынан  Мағауия  кызбен  көрісе  келе  ұнатпай, 

алғысы  келмей,  сырт  беріп  жүреді.  Қыздың  көңілін  тұрақтатқан 

құдалық  та  жок,  азаттық  та  жоқ,  жіпсіз  байлау  болады.  Соны 

ауырлаған қыз Айтказы деген адамға өздігінен сөз салып, тием дейді. 

Айтқазы  -  Ертістің  ішкі  жағындағы  Белағаш  деген  болыстың  адамы. 

Өзінің түбі көкше (тобықты), Абаймен қатты дос, шешен, алғыр адам 

болған.  Бұның  да  жасы  Мағауияға  құрбы,  жасынан  озғын  шыққан 

адам.  Нұркенің  қызына  Айтқазы  қызығады  да,  алып  қашады.  Осы 

жөнінде Айтқазының өзі де, Оразбай сияқты ел пәлесін тілеушілер де 

«Абай  ашуланар,  сойқан  басталар,  Айтқазы,  Нұркелермен  қиян-кескі 

жауласатын болар» деп ойлайды. 

Бірақ Абай түк намыс та етпейді. Сөз де айтпайды. Аз күн ішінде 

Айтқазыға  «саспа»  деп  басу  айтып  тыныштандырып,  Нұркемен  де 

қабақ  шайыспай,  бұрынғы  достық  күйінде  қалады.  Қыз  сүйгеніне 

тиді,  ерік  алды.  Әйел  еркіне  зорлық  болмасын  деп,  өзге  тұста  жол 

айтып  жүрген  Абай  өз  басына  келгенде  сол  жолынан  тайған  жоқ. 

Осыған  айызы  қанбай,  бармағын  шайнап  қалған  Оразбай  өз  бетімен 

пәле бастайды. 

Абай  болса  1895  жылы  тағы  бір  ауыр  қаза  көреді.  Әбдірахман 

деген  сүйікті  баласынан  айрылады.  Ол  Семейде  уездік  школды 

бітірген соң, Түменнің «Реальное училищесіне» барып, соны бітіреді. 

Петербургке барып  «Михайловская артиллерийская школаға»  түскен. 

Басында  Абай  «Технологический  институтқа»  түс  деп  жіберген  екен. 

Сабаққа  кешігіп  келіп,  түсе  алмайтын  болған  соң  жаңағы  мектепке 

түсіп,  соны  бітіріп  шыккан.  Әбдірахман  -  Абайдың  қаттты  сүйеніш 

көріп, зор үміт кылған баласының бірі. 

Бұл  жаңағы  мектепті  бітіруімен  де  қанағат  қылмай,  енді 

«Әскерлік  академияға»  түсемін  деп  жүргенде,  костоед  (құрт  ауру) 

болып,  1895  жылдың  қысында,  қызмет  етіп  тұрған  жері  -  Алматы 

(Верный)  қаласында  қайтыс  болған.  Оспанның  әлімінен  соң  Абайды 

қатты күйіндірген өлімнің бірі осы болады. 

Бұл  баласы  Абайдай  әке  өмірінін  жалғыз  бір  үлкен  жұбанышы 

еді.  Соның  мұратына  жете  алмай,  ерте  өлгені  артында  калған  әкесін 

қатты  қайғыға  салған.  Ел  ортасында  «етек  бастыны  көріп»  жүргенде, 

Абайдың  аңсап,  тілеп,  көп  күткені  сол  баласының  келешегі  болатын. 

Көп  үшін  өнімді  еңбек  істеп,  мағыналы  адамшылық  ұрығын  шашады 

деген жалғыз үміті сол еді. Соның ерте өлгендігі  Абайдың жүрегінен 



 

38 


 

тағы  да  ұзақ  шер,  көп  зарды  шығарады.  Әбіштің  (Әбдірахман) 

өліміне  арнап  айтқан  өлеңдері  Оспанның  еліміне  айтылғаннан  да 

зарлы,  ауыр  қайғылы  сөздер  болады.  Бұл  аза  ақынның  сол  кездегі 

басқа өлеңдеріне де өкініштің уытын жайғандай болады. 

Әрине,  бұл  уақыттарда  Абай  терең,  даналыкпен  толғайтын 

акынның  өзі  болған.  Сыртқы  өмірдің  у  қосып  тартып  жатқан 

сыбағасы  бар.  Өз  ішінде,  қалыптанып  толған  сыншы  акылдың,  бұны 

табынан  ұзатып  әкететін  жалғыздығы  бар.  Оның  үстіне  жанына 

сүйеніш  санап,  тіршілігіне  жұбаныш  қылған  сүйікті  жандарының 

өлімі  бар.  Осының  бәрі  жиналған  сон,  бар  сотқармен  алысып  жүрсе 

де Абай өлеңді өз жүрегінің тынысы сияқты қылып алған. Сондықтан 

Лермонтовтай ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударса, сол сөздерді 

құр  ғана  сыртқы  келісімін  сүйгендіктен  аудармайды.  Барлығын  да  өз 

жүрегіне  түсінік  өз  халіне  жанасатын,  өзінің  әлеуметтік  мұң-

арманына  тап  келетін  және  өз  қиялына  үйлесетін,  ерекше  бір 

жақындығы  болғандыктан  аударады.  Аудармалар  ақынның  өз 

жүрегінен  толқып  шыққан  қайғылы  шердің  де  айнасы,  толас-тынысы 

сиякты болады. 

Кезі  келгенде  айта  кету  керек,  Абайдан  қалған  аудармалар  тегіс 

бірдей  емес.  Кейбірін,  мысалы,  Крылов  мысалдарының  көп  жерін 

немесе  Лермонтов  өлендерінің  бірқатарын  ақын  дәл  аударады. 

Сонымен 

қатар, 


сол 

Крылов, 


Лермонтовтың 

және, 


әсіресе, 

Пушкиннің «Евгений Онегинін» әдейі бір кең толғаумен өзінше еркін 

жырлап  жеткізеді.  Бұнысы  -  аударма  ғана  емес,  Еуропа,  Шығыс 

әдебиет  тарихында  көп  ғасырлар  бойында  тәжірибеде  болған  сарын 

қосу  сияқты  бір  жол.  Алдыңғы  акын  сезіміне,  әңгімесіне,  ой 

толғауына  сүйсіне  отырып,  өз  ішінен  де  соған  үндес  коғамдық  сыр 

шығарып,  қосыла  күңіреніп,  қатар  шабыттанып  кетеді.  Бұл  түрдегі 

сезім,  ойларды  өзгерте  жырлауы  әдейі  істелетін,  өзіндік  тумаларға 

жақын  боп  шығады.  Сондықтан  Бұл  алуандас  ақындық  еңбегінің 

кейбіреулерін  құр  аударма  деп  карамай,  Пушкин,  Лермонтов,  Байрон 

сарынымен жазылған шығармалар деп тану керек. 

Осындай  болып  қалыптанған  ақындық  күйі  Абайдың  соңғы 

күндеріне  шейін  біржолата  нығайып,  орнығып  алған  арнасы  еді. 

Әредікте  қыс болсын, жаз болсын, ел сөзінен қолы босап, аз да болса 

орнығып  отыратын  уақыт  жетсе,  1889-1890  жылдардай  тағы  да 

тәрбиешілік,  ұстаздык  етеді.  Бұл  уақытта  жалғыз  өз  өсиетін  айтпай, 

орыс кітаптары арқылы таныс болған бұрын-соңғы данышпан, ғалым, 

ақын,  жазушы  атаулының  бәрінен  мысал  келтіріп  отырады.  Ұдайы 

ойшылдыққа салына бермей, көркемдік тәрбиені де көп ойлайды. Сол 

ретпен,  өзі  оқыған  қызықты,  шебер  романдарының  көбін  өз  тілі,  өз 

аудармасымен (редакциясымен) әсем әңгіме қып айтып береді. 


 

39 


 

Абай  айтуынан  тараған  осындайлық  жаңа,  соны  әнгімелердің 

ішінде  өз  уақытында  жаңа  болған  «Мың  бір  түн»,  «Шаһнама», 

«Бақтажар»,  «Ләйлі-Мәжнүн»,  «Көрұғлы  сұлтан»  сияқтылардан 

басқа,  орыс  пен  Еуропаның  да  талай  романдары  болды.  Абайдың 

айтқанынан  тараған  А.Дюманың  «Үш  мушкетері»,  «Он  жылдан 

соңғысы»,  «Король  қатын  Маргосы»,  Лесаждың  «Ақсақ  французы» 

(«Хромой  бес»),  Пушкин,  Лермонтов  әңгімелері  және  Батыс 

Еуропада  орта  ғасырда  инквизиция  сотының  заманын  суреттейтін 

«Қызыл  сақал»  деген  роман,  онан  сон  Америка,  Африка  жабайылары 

ортасында  күн  кешкен  «жәһәнкездер»  жайындағы  романдар  да  көп 

айтылатын  болған.  Абай  тәрбиесінің  тағы  бір  ерекшелігі  -  ол  өзін 

«шығыс  адамы  едім»,  «мұсылман  едім»  деп,  дін  тұсауына 

бағындырмаған.  Халқына  үлгі,  тәлім  етіп  айтқанда,  өлеңінде 

Толстой,  Салтыков-Щедринді  ұсынғаны  сиякты,  ауызша  өсиетте  де 

Аристотельді,  Белинскийді  қоса  айтады.  Ұлттық,  діндік  тар  келемде 

әсте калмайды. 

Бірақ  аткамінерлер  пәлесі  Абайдың  саналы  еңбекпен  отыруына 

ырық  бермейді.  Оразбаймен  ұстасқан  жаулық  1891  жылдан  бастап 

1897  жылға  келеді.  Бұл  кезде  Абайдың  ел  жұмысына  араласарлық 

Акылбай,  Мағауия  сияқты  балалары,  Кәкітай  сияқты  немере  інілері 

жетсе  де,  Абайдың  соңынан  ерген  ел,  жалпы  тартыс  болсын,  ел 

ішінің  кеңесі,  билігі  болсын  -  үлкен  шербешнай  сияздар  мен 

болыстық сияздары болсын, барлығынан да Абайды босатпайды. 

1897  жылға  шейін  Абай  ел  сөзі  мен  ел  жұмысынан  шыға  алмай 

койғанда,  көбінесе  әділ  билікпен  тыныштық  орнатып,  тым  болмаса 

дау-шарды  тоқтатармын  деген  үмітте  болған.  Әйтеуір  босатпайтын 

болған      соң,      «тым  болмаса  осымен  бірдеңе  істеп  болмас  па  екен» 

дегендей: 

 

Болды да партия,  



Ел іші жарылды.  

Әуремін мен тыя  

Дауың мен шарынды,- 

 

дейді.  Бірақ  1897  жылға  шейінгі  ісі  жалғыз  бұл  емес.  Оразбай 



партиясы  бір  Шыңғыс,  бір  тобықтымен  тоқтамай,  тағы  мол  ауданға, 

кең  майданға  шығып  кеткен.  Абай  неғылса  да  бұл  тартыс 

тыйылмайды. Оразбай кегі сондай  күшті болған. Еріксіз  келіп, түрткі 

салып, соқтығып Абайды ерік алдына қоймайды. 

Оразбай  өз  болыстарымен  қанағат  қылмай,  көрші  болыстардың 

барлығының  сайлауына  барып,  Абайға  қарсы  жаулардың  басын 

кұрап,  сайлау  сайын  партия  тартыс  шығарады.  Сонымен,  жауы 

баратын болған соң ықтиярсыз Абай да барады. Бөтен елдегі достары 



 

40 


 

өзге  кісіні  канағат  қылмай,  өзін  керек  етеді.  Осындайдың  әлегімен 

жүріп,  1897  жылдың  сайлауына  келгенде,  Абайдың  үнемі  арманды 

болып  өткізген  өмірінің  ең  мағынасыз  қорытындысы  сияқты  болып, 

бір үлкен оқиға туады. 

Бұл  оқиға  Мұқыр  болысының  сайлауында  болған.  Мұқырға 

сайлаушы уез келер кезде, барлық Семей уезінің шылықтары кездесіп 

отырады.  Бір  жағынан,  бұрынғы  күйге  үйлескісі  келмей,  заманынан, 

ортасынан  озып  шығып  сыншы,  ұстаз,  ақын,  данышпан  болуға 

айналған  Абайды  көреміз.  Екінші  жағынан,  күндегі  өмірдің  талқысы 

мен  шыр-шеңберінде,  түгел  партия  болып,  барлық  болыстар  қақ 

жарылып,  жартысы  Оразбай  жағында,  жартысы  оған  қарсы  ниетте 

жүреді.  Оразбайдың  Бұл  кезде  байлығы  асып,  қимылы  қатал  боп, 

көпті корқытып, дәуірі тобықты ішінде басымдап келе жатқан. 

Мұқыр  сайлауының  дәл  алдында  ел  ортасынан  тағы  бір  тың 

әрекет  шығады.  Ол  -  Бәзілдің  қызы  Қадишаның  дауы.  Бәзіл  - 

тобықты,  жуантаяқ  ішіндегі  бай-жуанның  бірі.  Құнанбай  тұстас  кісі. 

Бұның  Байғұлақ  деген  баласы  -  Оспан  мен  Оразбайдың  аралығында 

«тең  тарта»  жүретін  елеулі  аткамінерлердің  бірі.  Соның  қарындасы 

Қадишаны  айттырып  отырған  жері  Оразбайдың  туысы,  Есболат  екен. 

Қыз  атастырған  жігітіне  ырза  болмай,  Абыралыдан  келген  жолаушы 

қаракесек  Олжабай  деген  жігітке  ғашық  болады.  Екеуі  көңіл  косып, 

қашуға әзірленіп жүрген  түні аңду болып, қолға  түседі. Байғұлак пен 

Оразбайлар қыз бен жігіттің екі аяғына   бір кісен салып, Олжабайды 

өлтірмек  болған.  Жаны  қысылған  жастар  көмек  тілеп  Абайға  тілхат 

жібереді. 

Абай  сол  арада  бұл  жандардың  ауыр  халіне  ара  түсіп,  тез 

бұйырып,  Олжабай  мен  Қадишаны  өз  ауылына  алдыртады.  Сонда 

Қадиша  Абай  үйіне  жақындап,  есіктен  кіре  бергенде,  жастық  арызын 

айтады: 


 

Шығады бүркіт алған қыр басына,  

Алаштың болдым жолдас мырзасына.  

Бір кісен жеке тимей аяғыма,  

Олжабай, ортақ болдың бір басына, 

 

Олжеке, тартынасың неге жүрмей,  



Бағана қалсаң еді маған ермей. 

 Бір жұмыс не де болса істеген соң,  

Қарада жан қала ма дауға кірмей. 

 

Алдыңа келіп тұрмын, Абай аға,  



Бар шығар сізде-дағы мендей бала.  

Айдайды кісен салып аяғыма,  



 

41 


 

Ісіне құдіреттін, бар ма шара?! 

 

Абай  жуантаяқ  пен  Есболаттыц  қарсылығына  карамай,  аңдушы 



жігіттерді  айыпты  етіп,  Олжабай,  Кадишаға  азаттық  әпереді.  Екеуін 

косып,  Абыралыға  аман-есен  женелтеді.  Мұқыр  сайлауының  дәл 

алдында  болған  осы  билік  Абайға  қыз  төркіні  жуантаяқты,  қыздың 

кайны  Есболатты  өкпелі,  араз  етеді.  Оразбай  тобына  жалған  намыс 

жоқтаған,  калың  шоғыр  тың  руларды  қосады.  Ол  Оразбайды 

бұрынғыдан  да  қыздыра  түседі.  Алыстағы  Мұқыр  сайлауына 

омыраулап араласып, асыға қимылдап, пәле шақырып жүреді. 

Сонымен, сайлау жақындаған соң, Мұқыр болысындағы Абайдың 

тілектестері:  «Сайлауға  өзің  келмесең  болмайды.  Оразбай  келіп, 

сүйген 


адамын 

болыстыққа 

сайлап 

алып, 


басымызға 

пәле 


Жаудырады»,- деп, Абайды еріксіз барғызады. 

Екі жақ та осы елдің сайлауын бір ірі түйін деп білген. Шынында 

көп  алысқан  Оразбай  бұл  болыстың  ішінде  дендеп  тұрады.  Қарсы 

жағында  бұрынғы  барлық  Қоңыр-Көкшеден  жалғыз  ғана  аз  ру  Көкше 

қалады.  Одан  басқа  Мырза-Жәкең  деген  ел  және  бұрын  Шыңғыстан 

Кұнанбай  балаларынан  кашып,  осында  шыққан  Жігітек,  Бөкенші  - 

барлығы  да  Оразбай  ниетінде  болады.  Осы  сайлауға  шейін 

Мұқырдың болысы боп  келген Әбен  де Оразбайдың досы. Ол  қыңыр, 

надан  және  өзі  ожар,  сотқар  адам.  Бұлардан  басқа  Шыңғыстың  өз 

ішінен      және    тіпті  Құнанбай  балаларының  арасынан    да  Оразбайға 

астыртын  тілеулес  боп  алған  адамдар  барды.  Соның  бірі  -  Абайдың 

ағасы  Тәңірберді,  бұл  -  Оразбаймен  құда.  Және  болыс  боп  тұрған 

баласы  Әзімбай  сыртына  шығармай,  Абайға  білдірмей,  іштей 

Оразбайға  ақыл  да,  сыр  да  қосып  қояды.  Мұқырға  ояз  келіп  сайлау 

болғалы  жатқанда,  өз  елінен  Оразбай  да  аттанды.  Ол  жолшыбай 

Тәңірбердінің  ауылына  қонып  отырып:  «Абай  бұл  топқа  бармасын, 

барса бүлік болады»,- дейді. 

Абай  бұның  алдында  үйде  тыныш  отырып  ақындық,  ұстаздық 

еңбек 

етіп 


жатқанда, 

Оразбай, 

Жиреншелер 

және 


Жігітек, 

Бөкеншіден  -  Бейсембі,  Күнтулар,  Жәкеңнен  -  Әбендер  тыным  алмай 

пәле қоздырып жүрген. Осы топтың анық бүлік, жанжал басы екеніне 

солардың  сыр-мінезін  жақсы  білетін  Асылбектің  дәл  сол  орайда 

айтқан бір сөзі айғақ. 

Сүйіндік  баласы  Асылбек  ру  жігі  бойынша  Күнтулармен  бірге 

болса да, кесір іске бармайтын адал адам болған. Абайға өз басы дос. 

Үйде  жатқан  момын  жан  екен.  Соған  бір  күні  Жиренше  кеп 

амандасканда: 

- Аманбысың, байғызым,- дейді де: - тастың арасында тек жатып, 

түбін ойлап жатырсың ғой,- дейді. Асылбек соған орай: 

- Аманбысың, бәбісегім. Бәбісек көкекше әр қидын түбінен  



 

42 


 

барып  бір  «пыс»  деп,  исі  Олжайды  түртіп  тұрғызып  жүрсің  ғой!-  деп 

мыскылдайды.  Тағы  бір  орайда  Жиренше  мінезін  жақтырмай 

әжуалап: 

- Қосаяқ кой бұл. Күні бойы тек жатып, кеш баткан апақ-сапақта 

екі аяқтап, шаңдатып жортады!- дейді. 

Бұл  айтқаны,  Жиреншелердей  тынымсыздардың  елді  пәлеге 

айдап, 


сол 

Мұқыр 


сайлауындай 

тартысқа 

әзірлеп 

жүрген 


сұмдықтарын танытады. Олар, бір жақтан бейбіт елді бөріктіріп «жау 

жетті»  деп  жүріп,  екіншіден,  өз  араларын  да  нықтап  шүйлей  береді. 

Сол  күндерде  Оразбай  өз  алдына  әлденеше  тәсіл-айланың,  қастық, 

жаулықтың  жолын  атап,  белгілеп  ап,  осының  байлауын  енді  «Жер 

табанға  берейік»  дейді  екен.  «Жер  табан»  деп  ат  қойғаны  сол  кездегі 

Жігітектің  қайсар,  қыңыр  биі  Бейсембі.  Өздері  түртпек  салып  жүрсе 

де,  араздық  туын  Жігітекке  ұстатпақ.  Соларды  найза  басы  етіп, 

алдына  салып  алмақ.  Сол  үшін  Жігітектің  «Жер  табан»  таймас, 

қайсар  Бейсембісі  топтың  байлауын  өз  аузынан  бекітсін  дейді. 

Мұқыр сайлауында болатын оқиғаның бұ да астар жағы, әзірлігі. 

Ақыры  Абай  да,  Оразбай  да  сайлау  басына  барады.Оразбайға 

Әбен:  «Елді  алатынбыз.  Бірақ  Абай  келді.  Енді  тағы  алып  кетеді,- 

дейді.  Оразбай  сонда  Абайдың  аз  кісімен  келгенін  біледі.  Және  Әбен 

жағында  ел  күшінің  көп  жиылып  тұрғанын  көреді.  Өзінің  жаулық 

ниеті іске асатын бір кезеңі осы деп түсінеді. Сонымен, қол қимылын 

істеп жіберуді Әбен мен Жігітектерге тапсырады. 

Айтқанындай,  Абай  келген  кезде  Әбеннін  өзі  бастаған  бір  топ 

кісі  Абайдың  үйіне  қаптап  келіп,  жабылып  кетеді.  Абайға  таяқ  тиеді. 

Әбендер  Абаймен  қоса  Кәкітайды  да  сабайды.  Бұл  Абайдың  үстіне 

өзі  жығылып,  таяқты  өз  басына  алады.  Бір  кез  Кәкітай  оязға  жетеді. 

Ояздар мылтық атып барып, арашалап алады. 

Бұл оқиға ел  ішін астан-кестен етеді. Елдің  Абай үшін  күйзелген 

жігітінің  бәрі  тегіс  атқа  мінеді.  Жарым  жұрт  жол  тосып,  Оразбайды 

ұстап алып, өлтірмек  те болады.  Ашу үстінде әр  түрлі  ірі  жаулықтың 

жолдарын  айтысады.  Бірақ  Абай  оның  ешбірін  де  қостамайды.  Қол 

қимылынан  елді  тоқтатады.  Жалғыз-ақ  дәл  сол  күні  Оразбайдың 

Тәңірберді ауылына тілдесуге жіберген жансызы сезіліп қалады. 

Абай  соны  білген  жерде:  «Менің  жауым  бауырымда  отыр  ғой, 

бүйткен елде қайтіп тұрам, кетем!»- деп, атына мініп, қасына бір ғана 

жігітті ала, күнбатысқа беттеп қашады. Артынан қуа келген Ысқаққа: 

«Бұл  елде  тұрмаймын,  жоғаламын»,-  дейді.  Бірақ  қуғыншылар 

шылбырына оралып, атын жетелеп, қайта әкеледі. 

Барлық  осы  әлектің  терең  тамыры  жалғыз  партия  таласында 

емес, одан әріде жатыр.  Бұл  қастық  - ескішіл,  қараңғы феодалдардың 

Абайға  тап жауы екендігін, сондай қоғамдық  тартыс жөнінен өштігін 

көрсетеді.  Олар  үшін  Абайдың  өсиеті,  әр  өлеңі,  жаңа  жарық  дүниені 



 

43 


 

іздеуі  жат  жаңалық  болып  көрінетін.  Жуандардың  шірік  ортасы 

намысқа  дақ  салғанда,  өздерінің  қаншалык  нәрсіз,  құнсыз  екенін 

көрсетіп  еді.  Осы  іс  үстінде  сол  ру  басылар  ортасының  іштей  шіри 

бастағанын, Абай жалғыз Тәңірберді емес, көп жерден көреді. 

Бұл  уақыттағы  Абай  елден  азайып,  қайраты  кеміп,  таршылық 

көрген  жоқ-ты.  Оразбай  істеген  іске  он  есе  артық  істеп,  жаза  мен 

қарсылық  көрсету  1897  жылда  да  қолынан  келуші  еді.  Абайды 

Оразбайдың  сабағанын  естігенде,  тобықтының  өз  іші  емес,  алыс-

жақын  көп  қазақ  күйзеледі  де,  намысы  қозады.    Абай  үшін  ең 

алдымен  Оразбайды  жазалаймын  десе,  қалың  қазақ  Абайдың 

жасағынан табылатыны даусыз еді. 

Оразбай  жөнінде  тағы  осындай  бір  іс  1898  жылдың  жазында 

болған.  Тоғалақ  руынан  шыққан  Ержігіттің  Бейсембайы  деген  жас 

жігіт Оразбай айтқан бір бұйрықты орындамайды. Соған ашуы келген 

Оразбай  кәр  қылып,  қорламақ  боп,  көр  қаздырып,  Бейсембайды 

тірідей көмдіреді де, өлімші ғып жазалап, зорға босатады. 

Сол  ісіне  ызасы  келген  жай  шаруаның  көп  елі  бірігіп  ап, 

Бейсембайдың  намысын  жоқтап,  аттанып  барып  Оразбайдың  ауылын 

талтүсте  шауып,  желісін  кескілеп,  үш  мың  жылқысына  тиіп  алады. 

Елдің осы ашуында Абай кегі де жоқ емес еді. Абай тілесе, Бұл жолы 

Оразбай  қайтып  тұра  алмастай  соққы  көрер  еді.  Бірақ  Абай  ел 

жуандарынша  жаулық  қумайды.  Сол  тұстағы  барлық  басқа  ісі  мен 

мінезі де осы айтқан сөзді дәлелдейді. 

1899  жылдың  жазында  землемер  болыс-болыстың  арасына  меже 

салып, шек жүргізгенде, бұрын Мүқыр болысына  Абаймен араздасып 

шығып  кеткен  және  сол  жылғы  жанжалдың  кіндік  енесі  болған 

жігітек,  жер-қоныс  ыңғайы  бойынша  Шыңғысқа  қарап  қалады.  Абай 

бұрын  Құнанбайлармен  араз  болған  ағайынның  бар  адамдарын 

шақырып алып: 

«Қырық  жыл  елдік,  кырық  жыл  жаулық  болмайды.  Бұрынғы 

араздық кекті тастайық»,- деп, жігітек елімен татуласады. 

Абай  жуандардың  ісін  ұлыққа  да  шақпаған.  Заң-закон  арқылы 

кек алуды да іздемеген. 

Жаңағы  жылдарда  бұрынғыдан  біржолата  тыйылмағына  өмірден 

суынып,  қажи  бастағаны  да  себеп  болған,  «Алды  -  үміт,  арты  - 

өкініш» өмірден енді шын түңілген сияқты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет