Қазақ елінің ауыр тұрмысы, азапты тіршілігі суреттелген туындылары қатарында
Бұл шығармаларында қазақ тұрмысының көлеңкелі жақтары қатыгездігі мен тұрпайы жат қылықтары аса дәлдікпен жазылады. Өзгенің есебінен күн көріп, өзгенің қолымен от көсеген кейбір әлділердің қылықтарын, зәбір көріп, запыран жұтқан әлсіздердің бейнесін ұтымды аша білген. М.Әуезовтің «Жетім» әңгімесі (1925) алғашқы рет «Таң» журналының 1925 жылғы бірінші санында «Қайғылы жетім» деген атпен басылады. Кейінгі жинақтарда «Жетім» деген атпен жарияланады. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер-жас бала Қасым. Шығармада он жастағы баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген, бала психологиясы көрініс тапқан. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан. Әуезовтің суреткерлік болмыс - бітімі әңгімеде ерекше көрінеді.
Мұхтар Әуезовтің «Таң» журналында жарияланған «Барымта» әңгімесі – жалшы мен байдың, жуан мен әлсіздің тіршілігінің ақиқаты. Автор дау- жанжалдың, келіспеушіліктің шешімі болған, қазаққа ғана тән барымта жайын шығармаларының біріне арқау еткен. Әңгіменің «Таң» журналындағы алғашқы нұсқасы «Қанды түн» деген атпен жарық көріп, кейіннен 1936 жылы шыққан «Қараш-қараш» атты жинаққа әңгіме аты өзгертіліп басылған.

М.Әуезовтың отызыншы жылдардағы шығармашылығынан қазіргі заман тақырыбына жазылған еңбектері елеулі орын алады
«Білекке білек» (1933) «Үш күн» (1934) «Іздер» (1935) «Шатқалаң» (1935) «Бүркітші» (1937)
«Октябрь үшін» (1933)