Мұхтар Әуезовтің феноменін жаңаша зерделеу міндеті де осы бағытта көп ізденуді талап етеді. Әдебиетшінің шығармашылық өміріндегі ең шешуші әрі жемісті жылдары болып саналатын 20-30-шы жылдары алдыңғы кезекте әдебиет тарихы, сыны, теориясы және әдеби мұраларды жинау, ғылыми және әдеби тіл мәселелері туралы маңызды ойларды теориялық тұрғыдан қалыптастырды. Осы мақсатта мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазып, ұлттық білім беру жүйесін жақсартуға, жетілдіруге талпыныстар жасады. М.Әуезовтің әдебиет тарихына деген ғылыми көзқарастар жүйесі сол ХХ ғасыр басында қалыптасты.
Халықтың тарихына, рухани мұраларына зеректік М.Әуезовтің қаламгерлік міндетін арттырып,өмір бойы сан алуан ғылыми ізденістерге ұмтылдырды. Мұндай ізденістердің бірі және бірегейі жазушы ғалымның халықтық әдеби туындылары зерттеуі болып табылады. Ол өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап фольклор тарихынан мақаламен тың зерттеу еңбектер жазды. Бұл еңбектердегі негізгі мақсат, өзі атап көрсеткендей – «... ескі күннен бастап Абай мезгіліне шейін қазақ тіліндегі шыққан сырлы сөздің түрлерін айырып, жік-жікке бөліп, әрбір дәуірден қадау-қадау белгі қойып, сол белгілер бойынша тарих шаңы басып жатқан есіліктің желісін созып шығу болды ». Ойша қаламгер шығармашылықтың бағзы заманнан бері қарай қоңыраулатып келе жатқан көші қай» кезеңде қай асудан асты, қай деңгейге жетті, міне, соның ұлы сүрлеуін тауып алуды мақсат тұтқаны аян. Ол фольклорлық туындылардан тілдің тұнған байлығын, ел санасында екшелеген, бағасын алған сарындарды, сөз меруертін іздеді. Соларды жаңа әдебиеттің ғимаратын орнатуға пайдаланды. Демек, ғалым халықтық әдеби мұраның мәнін қазіргі дәуірдің сөз өнері мұқтажын қаншалықты өтей алатындығы тұрғысынан тексерді. Әдебиеттің қазіргі кезеңдегі ерекшеліктерінің бәріне айналып отырған мифтердің, аңыздардың кеңінен орны алуының ал оның өзі Әуезов дәстүрінің өмішеңдігіне дәлел. Фольклор менжазба әдебиеттегі көркемдік тәсілдердің бірін – бірі байыту заңдылығы бүгінгі таңдағы әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелерінің бірі.