МәЗҺаб ұстанбай-ақ Қойсақ бола ма? Оның Қандай қажеттілігі бар?



бет1/2
Дата15.12.2023
өлшемі22,29 Kb.
#138152
  1   2
Байланысты:
«Мәзхаб ұстанбай ақ қойсақ бола ма Оның қандай қажеттілігі бар для




МӘЗҺАБ ҰСТАНБАЙ-АҚ ҚОЙСАҚ БОЛА МА? ОНЫҢ ҚАНДАЙ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР?
Осының ішіне Қазақстанда және орта азияда басым бөлігі Ханафи мазхабын ұстанады деп басып айту керек сияқты. Сонымен қатар заңды да мысалы ретінде көрсету керек сияқты ол жерде Ханафи мазхабын көрсеткен.
Мәзһаб – жол, бағыт, көзқарас деген мағынаны білдіреді. Шариғатта арнайы тәсілдер, ережелер арқылы Құран мен сүннеттен шығарылған үкімдер мен көзқарастар жиынтығы «мәзһаб» делінеді.
Мәзһаб ұғымын жете түсіне алмаған кейбір кісілер халық арасында: «Сен Пайғамбардың (с.а.у.) сүннетімен жүресің бе, жоқ әлде Ханафи мәзһабын ұстанасың ба?» дегендей сөздерімен Ханафи мәзһабын ислам дінінен бөлек етіп көрсетуге тырысуда. Әрине, мұндай сөздердің астарында мәзһаб ұстанушылардың адасқандығы меңзелгендіктен, ел арасында діни дүрдараздық пен бүлікке себеп болуда.
Ханафи мәзһабы Пайғамбар (с.а.у.) жолынан бөлек, жеке басына дара жол емес. Мұхаммед Ғазали: «Мәзһабтар – Исламның теңдессіз мәдениеті һәм тіректері» десе, Ибн Тәймия: «Ислам мәзһабтары – жұмаққа жетелер жолдар»1[1]деп, мәзһабтардың исламды түсіндіруші мектептер екенін білдірген.
Шариғат үкімдерінің қайнар көзі болып табылатын Құран және хадистің әрбір сөзінің тілдік негізгі бірнеше мағыналарымен қатар ауыспалы мағыналары да бар. Тіпті, кейде аят пен хадистердің бір әрпінің өзі бірнеше мағынаны білдіреді. Мысалы, басқа мәсіх тартуды әмір еткен «Маида» сүресінің 6-аятында: «Ей, иман еткендер! Намазға тұрарда жүздеріңді және қолдарыңды шынтаққа дейін жуыңдар. Бастарыңа мәсіх тартып, аяқтарыңды екі тобыққа дейін жуыңдар», –делінген. Бұл аятта басқа мәсіх тартудың көлемі нақты белгіленбегендіктен, шафиғиларда бастың кішкентай бөлігіне мәсіх ету, тіпті, су себу жеткілікті. Ал ханафиларда, кем дегенде, бастың төрттен біріне мәсіх ету парыз болса, малики және ханбалиларда басты түгел мәсіх ету парыз. Әр мәзһаб өзінің ұстанған көзқарасын қолдап, шариғи дәлел келтіргендіктен, бәрі дұрыс. Себебі, барлығы берген пәтуаларын аятта қолданылған «бастарыңды» деген мағынаны білдіретін «руусикум» сөзінің алдына қосылып жазылған «ب» яғни, «би» әрпінен шығаруда. Араб тілінде «би» әрпі әр түрлі мағынада келеді, айталық:
1. «әз-Заайда» – өзіндік ешқандай мағынасы жоқ, тек өзінен кейінгі сөзді көркемдеу үшін келеді.
2. «Лит-табъид» – «кейбір» деген мағынаны білдіреді.
3. «Лил-илтисақ» – «тигізу, жанастыру, бітістіру» деген мағыналарды білдіреді.
Имам Ахмед пен Имам Малик: «Бұл жердегі «би» әрпі тек қана сөзді әдемілеу үшін келген (заайда) яғни жеке тұрғанда мағынасы жоқ артық әріп болғандықтан, бастың барлық жерін мәсіх ету керек» дейді.
Ал имам Шафиғи бұл жердегі «би» әрпі «кейбір» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан, қолдың бастың кейбір жеріне, тіпті бірнеше тал шашқа тиюі мәсіх ету болып саналады деп пәтуа берген.
Ал Әбу Ханифа болса, бұл жерде «би» әрпі «тигізу жабыстыру, жанастыру» деген мағынасында келгендіктен, мәсіх тартудың құралы саналатын алақанның басқа тиюі мәсіх ету болып саналады деп пәтуа берген. Алақанның аясы бастың төрттен бірі болғандықтан, бастың осы мөлшерін мәсіх етуді парыз санаған.
Жоғарыдағы «Би» әрпінен байқағанымыздай, Құран және хадистердің бір сөзі, тіпті, бір әрпі көптеген үкімдерге негіз бола алады. Сондықтан, араб тілін жетік меңгермеген адамның бұл мәзһабтардың ешбірін ұстанбай-ақ өздігімен ижтиһад жасаймын деуі үлкен қателік.
Аяттардың түсу себептері, кейбір себептерге байланысты хадистердің, бір қарағанда, бір-біріне қарама-қайшы сияқты көрінетін жерлері де кездеседі. Және хадистердің «сахих лизәтиһи», «сахих лиғайриһи», «хасан лизәтиһи», «хасан лиғайриһи», «әлсіз», «жалған», «мутауатир», «ахад», «мәшһур», «ғариб» сияқты қуаттылық жағынан үкім шығаруда үлкен әсерлі дәрежелері бар. Бұларды кез-келген қарапайым адам тереңнен талдап, ара-жігін ажыратып, шариғи үкім шығара алмайды. Алла тағаланың өзі барлық мұсылмандарды мұндай ауыр жүкпен міндеттемейді. Керісінше, Құранда:

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет