Мезетіндегі күйіне дейінгі жүргізілген вектор орын ауыстыру векторы деп аталады



бет1/2
Дата22.08.2022
өлшемі126,01 Kb.
#38215
  1   2
Байланысты:
ФИЗИКА лекция


Механика – қозғалыстың ең қарапайым түрлерінің заңдылықтарын, дене қозғалысының кеңістікте уақыт өтуіне байланысты немесе олардың бөліктерінің бір-біріне қатысты орын ауыстыруын зерттейді. Механика зерттелетін қозғалыстың сипатына қарай: кинематика, динамика және статика болып үш түрге бөлінеді.
Кинематика – қозғалысты тудыратын немесе оны өзгертетін себептерге тәуелсіз қозғалыс заңдылықтарын қарастыратын механиканың бөлімі. Кинематикада берілген дененің өлшемі және пішіні есепке алынбайтын болса, оны материялық нүкте деп қарастыруға болады. Мысалы, Күннің айналасында планеталардың қозғалыс заңдылықтарын зерттеу барысында оларды материялық нүкте деп қарастыруға болады.
Материялық нүкте қозғалысының траекториясы – деп нүктенің кеңістікте жүріп өткен сызығы (геометриялық нүктелер жиыны) айтылады. Траекторияның пішініне байланысты қозғалыс түзу сызықты және қисық сызықты (шеңбер бойымен, парабола бойынша, кез келген қисық сызық бойынша қозғалыс) болып бөлінеді.
Кез келген механикалық қозғалыс есептерін қарастырғанда нүктенің басып өткен жолы немесе радиус-векторы уақытқа тәуелді функция болады. Координаттар басынан берілген нүктеге дейінгі жүргізілген түзу радиус-вектор деп аталады. Берілген уақыт аралығында материялық нүктенің басып өтетін траекториясының бөлігі жол ұзындығы деп аталады. Жол ұзындығы – скаляр шама, уақыт функциясы болып табылады. Қозғалатын нүктенің бастапқы күйінен оның берілген уақыт
мезетіндегі күйіне дейінгі жүргізілген вектор орын ауыстыру векторы деп аталады.


Жылдамдық және үдеу

Қозғалыстың кинематикалық сипаттамалары векторлық шамалар – жылдамдық және – үдеу болып табылады.



Жылдамдық қозғалыстың уақыт бойынша өзгеруін, сондай-ақ оның берілген уақыт мезетіндегі бағытын анықтайды.
орташа жылдамдық жол өзгерісінің уақыт өзгерісіне қатынасымен анықталады:
(1.1)
жылдамдық орын ауыстыру векторының уақыт бойынша алынған бірінші туындысына тең шама. Жылдамдық – векторлық шама, оның бағыты траекторияның кез келген нүктесіндегі жанама арқылы анықталады. Уақыт шексіз азаятын болса, орын ауыстыру векторы жол бөлігіне жақындай түседі. Жылдамдық шамасы жол теңдеуінің бірінші туындысы арқылы да анықталады.

(1.3) өрнегінен
Δr
υ = im
Δt→0 Δt
= ds dt

(1.3)


dS dt
(1.4)

Бұл материялық нүктенің өте аз dt уақыт ішінде жүрген шексіз аз жолы. Берілген t yақыт ішінде жүрілген жол (1.4) өрнегін интегралдау арқылы анықталады.


S t

S dS dt
(1.5)

0 0
Халықаралық бірліктер жүйесінде (ХБЖ) жылдамдықтың

өлшем бірлігі [υ] = м

с



. Егер қозғалыс кезінде нүктенің

жылдамдығы өзгермесе ( υ = const ), онда қозғалыс бірқалыпты
деп аталады.
Жылдамдықтың шама бойынша және бағыты бойынша өзгеруін сипаттайтын шаманы үдеу деп атайды. Орташа үдеудің шамасы (1.6) өрнегі арқылы анықталады.
Δ υ

< a > = Δt
(1.6)


Егер аз t уақыт аралығында нүкте жылдамдығы υ1 -ден

υ2 -ге өзгерсе, онда жылдамдық өзгерісі 2 1 болады.

Лездік үдеу деп, t0 кезінде Δ υ/ Δt қатынасы ұмтылатын шекті айтады, яғни
→ →




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет