Мұғалім асыл мамандық Білім беру жүйесінің жаны да



Дата19.05.2023
өлшемі15,45 Kb.
#94972
Байланысты:
Турысбеков М.М Эссе


Мұғалім - асыл мамандық

Білім беру жүйесінің жаны да,


жүрегі де, тірегі де – ұстаз.

Мұғалім! Ұстаз!


Осы бір аяулы сөз қаншама жанның жүрегінінен ерекше орын алды десеңізші. «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі»,-деп Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаев айтқандай ұстаздық – ұлы құрмет, зор мәртебе.
Сондықтан да мен өзімнің осындай абыройлы маман иесі екендігімді мақтан тұтамын. Себебі, мұғалім бүгінгі ел басқарған ағаларымыздан бастап болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісі мен кеншісін де өсіріп,тәрбиелейді. Ал ертеңгі ел тұтқасы болатын жас буынды тәрбиелеу, оларды терең біліммен қаруландырып, үлкен өмірге дайындау сияқты ауыр жүкті алып жүру тек білікті де білімді ұстаздарымыздың ғана қолынан келетіні анық.
Міне осы орайда бұл мамандық иелерінің бүгінгі мәртебесі қандай деген сауал туындайды. Енді осы сауалға жауап беріп көрелік.
Менің ойымша, біріншіден, мұғалімнің мәртебесі қай мемлекетте, қай қоғамда болмасын қашан да жоғары болуы керек. Қазіргі таңда мұғалімнің мәртебесіне ­рухани жағынан да, Заң жүзінде де ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінде өскелең ұрпақты тәрбиелеп, білім беретін маманға өркениетті елдер аса құрметпен қарайды. Мұндай көзқарасқа біз де қол жеткіздік деп айта аламыз. Сондықтан да тәуелсіз Қазақстанда мұғалімге деген құрмет жыл сайын артып келеді деп сенімді түрде айта аламын. Оған дәлел «Педагог мәртебесі туралы» заңның күшіне енуі және ұстаздарымыздың қай уақытта болмасын өз білімдері мен біліктерін жетілдіріп,аудан,облыс,республика тіпті халықаралық деңгейде өз тәжірибелерімен бөлісе алуларына жағдай жасалып отырғандығы.
Біздің басты байлығымыз – адам десек, ұлы ақын Абай Құнанбайұлы айтқандай: «Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады». Мұғалім өзінің өмір бойы жинақтаған білім мен білік дағдыларын, дүниетанымын, адами құндылықтарын жинақтап келешек ұрпаққа сіңіретін тұлға. Мұғалімнің мәртебесін көтермей, оны құрметтемей, оның қиын да асыл жұмысын тиісті деңгейде қамтамасыз етпей, біз маңызды мақсаттарға жете алмаймыз. Сол себепті жаңашыл мұғалім қалыптастыру жолында педагог мәртебесін мейлінше көтеру құптарлық іс деп білемін. Заман қалай құбылса да, осынау бір ұлы мамандық иелеріне деген құрмет өз деңгейінде сақталып қалуы керек. Өйткені, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелейтін ұлы тұлға болса,мұғалімдік ең асыл мамандық болып қала бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет