Мұғалім әдебі, мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас



Дата21.01.2022
өлшемі24,68 Kb.
#24167
Байланысты:
Документ (5)


Мұғалім әдебі , мұғалім мен оқушы арасындағы психологиялық қарым-қатынас
«Педагог — жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған

барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді,

кінәрәттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам»

А.В. Луначарский
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып тәрбиелеуде жаңаша ұйымдастырумен көкейкесті мәселе болып отыр. Біздің ең басты мақсатымыз сапалы білім, саналы тәрбие беру. Мұғалім өзіне жүктелген осы абыройлы міндетті жүзеге асыру жолында қолданылатын амал-тәсілдер құрамынан мұғалім әдебі елеулі орын алады.

Ұстаз әдебі – мұғалім мен бала ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас. Педагогикалық бірінші принцип: дұрыс амандасу. Сәлем сөздің анасы деп бекер айтылмаса керек, кім болсада ең алдымен амандасу, ол адамның көрегенділігін, білімділігін, мәдениеттілігін көрсетеді.

Шебер мұғалім үшін ең бастысы ол кіммен болса да тіл табыса алуы, үйде достарының қасында, ұжымда болсын жағымды атмасфере тудыра біледі. Ал ең бастысы алдында отырған 30 баланы айтып жатқанына сендіре білу, көңіл-күйін айтқызбай ақ түсіну, дер кезінде көмек көрсету, бұл қасиеттер мұғалім үшін аса маңызды дүние.

Педагогтың көңіл күйі- оның тәрбиелейтін зор күш қуаты. Кімде кім мұғалімнің көңілін бұзса, ол оқушыларымыздың тәрбиесіне зиянын тигізеді. Сондықтан өзіңіздің де, өз әріптестеріңіздің де көңіл күйіне абай болған жөн. Педагогтың бойындағы тәрбиеленушілерге ықпал жасайтын икемділіктер кешенін- педагогикалық техника дейміз.

Педагогикалық техника:

Столдың артында тұрып сабақ түсіндіруге болмайды;

Отырып сабақ түсіндіруге мүлдем болмайды;

Қол айқастыруға мүлдем болмайды;

Әр оқушының көзіне қарап сабақ түсіндіру керек.

Мұғалім әдебі деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін-мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайымда кішіпейіл,бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғарғы саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет. Оқушылар өз ұстаздарының бойынан көңілдеріне қонымды қасиеттерді көргісі келеді. Сондықтан, ұстаз бойындағы қасиеттер оқушылар үшін өте маңызды. Сол себептен де мұғалім оқушымен жақсы қарым-қатынас жасау үшін, көп оқуы керек. Оқушының барлық мінез-құлқын жете меңгеріп, сыныптағы әрбір оқушымен жақсы қарым-қатынас жасау, олардың ойын терең түсіну, өзінің әрбір іс-әрекетімен бала жүрегіне жол таба білу асқан шеберлікті қажет етеді.

Бастауыш сынып оқушылары үшін мұғалім ешбір теңдесі жоқ адам болып есептелінеді. Отбасында ата-ана қамқорлығы, өз баласына деген өнеге-үлгісі қалай әсер етсе, мектепте әсіресе бастауыштың баласына, бала бойына адамгершілік қасиеттерді дарытушы бірден-бір мұғалім болып табылады.

Баланың мектепке алғаш келген күнінен бастап, жаңа ортаға үйренуі, мінез-құлқы мен дүние танымын, сенім процестерін қалыптастырушы мұғалім, сондықтан бала үшін өз ата-анасынан кейінгі жақын адамы осы мұғалім.

Қазіргі мектеп оқушыларының психологиялық көзқарастары өте жоғары. Саналы қоғамда саналы оқушыны тәрбиелеп, жетістікке жету үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас дұрыс жолға қойылуы өте тиімді.

Сабақ үстінде дұрыс отыруын, өзінің нұсқауын дұрыс орындауын бірінші күннен бастап қадағалап, әрі байсалды түрде талап етіп, әрі оқушының жауабын дұрыс бағалап, нақтылы сұрақтар қоя білсе, оқушымен қарым-қатынасының нығая түсуіне көп мүмкіндік болуы сөзсіз.

Сонымен қатар мұғалім әр оқушының жауабын әділ бағалап, нашар оқушыны көтермелеп отырғаны тиімді. Баланың психологиясын терең түсініп, анық білмейінше оқушы мен мұғалімнің арасында дұрыс қарым-қатынас болуы мүмкін емес.

Дұрыс талап қоя алмайтын мұғалімнің сынып ұжымын бір ауыздылыққа тәрбиелей алуы да қиындайды. Себебі, балаға дұрыс талап қоя білумен қатар, қадағалап отырса, оқушылардың мұғаліммен қарым-қатынасы одан әрі нығайып оқушының жауапкершілігін арттырады, әрі өзіне деген сенімін күшейтеді.

Баланың жан-дүниесін, бар ойын, сезімін, эмоциясын терең білгенде ғана оқушы мен ұстаз арасындағы жақсы қарым-қатынасқа қол жеткізуге болады.

Мұғалімдер вербальді және вербальді емес қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Жан-жақты дамыған, мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген, сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам балалармен қарым-қатынасқа оңай түседі. Кей мұғалімдердің қарым-қатынас орнатуы қиын болады. Қарым-қатынасқа оңай түсудің себептері:



  • өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;

  • баланың ішкі жан-дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;

  • мұғалімнің әдебінің дұрыс қалыптасуында;

  • мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында.

Ал, кейбір мұғалімдердің қарым-қатынастарының өте қиын болу себептері:

  • авторитарлық стильді пайдалануында;

  • балаларға салқындық танытуы;

  • балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;

  • балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;

  • бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі және оны жариялауы.

Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:

  1. Қазіргі балалардың көпшілігі белсенділер. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «Тыныш отыр», «Немене бәрін білесің бе?», «Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың» деген сияқты педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.

  2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнатады. Өйткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды.

  3. Оқушылардың іс-әркеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады.

Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындықтарды жоюдың бірден-бір жолы:

  • әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;

  • мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;

  • қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;

  • бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;

  • қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;

  • сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;

  • қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы: психологиялық ойындар, тренингтер;

  • қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;

  • қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу;

Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды:

  1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде дамыту.

  2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу.

  3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру.

Мұғалім біріншіден өте әділетті шыншыл болуы тиіс. Педагог шәкіртіне өте мейірімді, қайырымды, қамқоршы болуы керек. Бұл жерде мен Л.Толстойдың «Егер мұғалім өз ісіне сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен біріктіре алса, онда ол шын мәніндегі мұғалім болғаны» деген сөзін естеріңізге салғанды жөн деймін.

Мұғалімнің мінезі жайдары, кең пейілді , сабырлы, ашу дегенді білмейтін, сөзі өте сыпайы, жұмсақ, ешкімнің көңіліне қаяу түсірмейтін болуы керек. Бұл туралы Чеховтың «Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды» деген нақыл сөзін ескеру біздерге (ұстаздарға) өте лайықты.

Сондай- ақ Ы.Алтынсариннің «Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек» деген өсиетін де есте сақтаған артықтық етпейді. Оқушы мұғалімнің сұрауына жауап бергенде, олардың сөздеріне, жауабына ынта қойып ұқыптап тыңдауды, оқушының сөзін бөлмеу, басқа оқушыларға бөлдірмеу, орынды жерде қоштап отыру, кейде жаңылысқан қиналған жерінді түзету жасап, жәрдемдесіп жіберуді де қолданып отыруымыз керек. Жәрдемдесу дегенді мұғалімнің өзі оқушының аузына сөз салып, жетектеуге айналдырып жіберуге болмайды.



Кейде сабақты нашар оқитын оқушының тағдырын алдын ала шешіп қоюмыз кездеседі. Мысалы: Асанова тез тақтаға шықшы, сен бүгін де ештеңеге жауап беріп жарытпассың, сен Асанова ең болмағанда мынаған жауап берші… Бұл сияқты күдікті сөз ұнамсыз қылықты көрген оқушының өзіне деген сенімі жойылады, ұнжырғасы түсіп, не намыстанып, кектеніп ұстазына да біліп тұрса да жауап бергісі келмейді. Сол сиқты сабақты өте салғырт, нашар оқитын не салақ, олақ, жалқау оқушылардан күдер үзіп, көңіл бөлінбей, ескерусіз қалдырған жағдайлары да кездесіп тұрады

Педагог бала үшін жақсы да үлгілі өнеге беруі тиіс. Мейірімі мол адамның келбетінің өзі кез келген оқушыны еріксіз бас идіреді, оған шабыт бере отырып, батылдық, адалдық, шыншылдық, қарапайымдылық және игілік арқалаған ұлағатты нәрселерімен еліктіре түседі. Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ал біз педагог болғандықтан біздің білім, тәрбие беріп отырған оқушыларымыз саналы, тәрбиелі болып өссе деп тілейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет