Түсінік хат Математика бойынша бастапқы білім сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады, зерттеу және қарым-қатынастың, математикалық білімді өмірде қолданудың алғашқы дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
Бастауыш сынып білім алушылары математика курсын игере отырып, талдау, синтездеу, жіктеу, салыстыру, себеп-салдарлық қатынастар мен заңдылықтарды анықтауды үйренеді, түрлі заттар мен қоршаған орта құбылыстарын сипаттау үшін математикалық тілдің негіздерін игереді, білім мен іс-әрекет тәсілдерін меңгереді, мұның барлығы жинақтала келе оқи білуге негіз болады.
Математика» пәнін оқыту бейнелік және логикалық ойлауды дамытуға, математикалық тілді дамытуға, оқу-танымдық және практикалық міндеттерді шешуге, айтылған пікірді дәйектеу, дәлелдеу, негіздеу біліктерін дамытуға, басқалардың пікірлерін бағалау және қабылдауға бағытталған.
«Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
2-сынып – аптасына 4 сағат, оқу жылында – 144 сағат;
4-сыныпта сабақтастық және тереңдету принципін сақтай отырып, математиканы оқытудың бүкіл курсы бойынша білімдер мен дағдыларды жүйелі дамыту және тереңдете түсу қамтамасыз етіледі.
«Математика» оқу пәнінің мазмұны білім берудің кейінгі деңгейлерінде жалғасын табатын бес бөлімнен тұрады:
1. Сандар және шамалар.
2. Алгебра элементтері.
3. Геометрия элементтері.
4. Жиындар. Логика элементтері.
5. Математикалық модельдеу.
61-кесте – «Математика» оқу пәні бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдер саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша
жиынтық бағалау саны
ТЖБ
І тоқсандағы
БЖБ саны
ІІ тоқсандағы
БЖБ саны
ІІІ тоқсандағы
БЖБ саны
ІV тоқсандағы
Б ЖБ саны
Әр тоқсанда
1 рет
2-сынып
2
3
3
3
Оқу жылының ұзартылуына байланысты қосымша сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды зерттеу үшін пайдалану ұсынылды.