Мұғалім мәртебесіне жаңа бетбұрыс «Алты Алаштың баласы бас қосса, Төр Мұғалімдікі»


Біз бүгін кездесіп отырған ең үлкен жаһандық проблема?



бет4/4
Дата18.10.2023
өлшемі19,53 Kb.
#118414
1   2   3   4
Байланысты:
М2ртебе эссе

Біз бүгін кездесіп отырған ең үлкен жаһандық проблема?

Қазіргі ғылым мен техника дамыған ғасырда жаһандану үрдісі тез дамып жатыр. Жаһандану әсіресе дамыған, алпауыт елдерден келіп жатқаны белгілі. Оның пайдалы тұстарымен қатар зияны да бар екенін білеміз. Ақпараттарға зер салсақ, әлем елдері алдында ортақ жаһандық проблемалар да баршылық.
Менің пайымдауымша, ең үлкен жаһандық проблема – ғаламторға тәуелділік пен экология мәселесі. Осылармен қатар, діни және ұлтаралық қақтығыстар да ең өзекті мәселелер қатарында тұр.
21-ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, ғаламтор өте тез дамып кетті. Бірнеше әлеуметтік желілер пайда болып, ғаламторға тіркелмеген адамдар қалмады. Осының салдарынан адамзаттық құндылықтар алмасты. Мысалы, кітаптың орнын ғаламтор басса, радио мен теледидарды ұялы телефон ауыстырды. Тіпті адами сезімдер мен қарым-қатынастың өзін әлеуметтік желі басып кетті. Менің ойымша, бұл күллі әлем дабыл қағарлықтай проблема деп санаймын. Неге десеңіз, ғаламтор, сонымен қатар адамдардың уақытын ұрлап жатыр.Ал, уақыт адамзаттың ең асыл қазынасы, оны кері қайтара алмаймыз.Ғаламтор денсаулыққа да зиянын тигізіп, адамдардың мінез-құлқын, психикасын өзгертіп жатыр.Өзіміз тәрбиелеп отырған оқушылардан осы проблеманы айқындап отырмыз.
Мен үшін ең үлкен жаһандық проблеманың тағы бірі – экология. Әлемдегі түрлі экологиялық апаттар, климаттың өзгеруі, озон қабатының тесілуі, мұздықтардың еруі экологияның салдарынан деп білемін. Адамзаттың тіршілігінің өзегі өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің сиреуі әлемдік ғалымдарды алаңдатып отыр.Бұл проблемалар әрбір адамның санасына жетіп, алдын алу шараларын ұйымдастырғанда ғана шешімін табады.Менің пікірімше, адамдарда экологиялық сауаттылықтың төмендігінен. Экологиясыз адамзат әлемінің мәні де, сәні де жоқ.
Басты проблемалардың біріне әлемдік қақтығыстар мен ушығуларды айтуға болады.Бұның себебі – діни сауаттылықтың төмендігі, билікке, таққа таласу. Әртүрлі діни экстремистік ағымдар арасындағы қақтығыстар адамдардың тыныштығын, бейбіт өмірін бұзды. Әсіресе, жас өскелең ұрпақтың санасын улап, жас өмірін қор қылған жағдайлар да көп. Қақтығыстардың басты зардабы – адам өмірін құрту.Осындай проблемаларды шешу жолдары мектептегі жас ұрпаққа дұрыс білім мен бағыт беруен бастау алады деп айта аламын. Демек, жаһандық проблемаларды шешуде ұстаздардың рөлі өте зор. Өзіміздің әр сабағымызды адамзаттық құндылықтарға бағдарлай өткізіп, сыныптан тыс іс-шараларды тікелей осы мақсатқа жұмылдыруымыз керек. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтары: құқық сауаттылығы, экологиялық сауаттылық, діни сауаттылық, оқу сауаттылықтарын қалыптастыруды өзімізге басты міндет етіп алғанымыз дұрыс.
Түйіндей келе, жаһандық проблемалар шешілмей, бүкіл адамзатқа бейбіт, тыныш, жарқын өмір жоқ. Олай болса, әрбір адам саналы түрде осы проблемаларға қарсы күресуі керек. Адам түзелмей, заман түзейлмейді!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет