Мұғалім мәртебесіне жаңа бетбұрыс «Алты Алаштың баласы бас қосса, Төр Мұғалімдікі»


Мұғалімнің қоғамдағы рөлі қандай?



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі19,53 Kb.
#118414
1   2   3   4
Байланысты:
М2ртебе эссе

Мұғалімнің қоғамдағы рөлі қандай?
«Алты Алаштың басы қосылса, төрдегі орын – мұғалімдікі»
М. Жұмабаев
Қай заманды алып қарасақ та, қоғамдағы басты тұлға – мұғалім. Мұғалім зияткер ұрпақты оқытып, тәрбиелейтін, ұстаз әрі тәрбиеші саналған зиялы қауым деп айтуға болады.Сондықтан да, мұғалімнің қоғамдағы рөлі басты орында болуы тиіс деп санаймын.
Менің ойымша, мұғалімінің қоғамдағы рөлі ең бірінші орында тұруы керек. Өйткені, мұғалімнің алдынан өтпейтін жан жоқ. Балаға әріп танытып, атын жазуды үйретіп, білім мен тәрбиені қатар беретін ұстаздар Мағжан айтқан төрдегі орынға лайықты болуы керек. Алайда, мұғалім мәртебесін көтеру туралы заңның қабылдануының өзі қоғамдағы мұғалімнің рөлінен хабар береді деп ойлаймын.
Ең алдыменен, қоғамды ілгерілететін білімді жастары емес пе? Ал, білімді беретін – мұғалім. Ендеше, мұғалімнің қоғамға берер еңбегін зияткер шәкірттерімен салмақтап қарауға болады. Қоғам озып, өзге елдермен бәсекеге түсіп жатса, ол мұғалімнің еңбегі, үлесі болып саналмақ.Мұғалімнің зор жауапкершілігі мен асқан еңбекқорлығы ғана қоғамдағы енжарлық пен кертартпа мінездерді жойып, елдің санасын оятып, көкірек көзін ашар рухани білім нәрін береді. Сондықтан да, Ұлт ұстазы Ыбырай: «Мұғалім – мектептің жүрегі» десе, Ахмет: «Мектептің жаны – мұғалім» деп жоғары баға беріпті.
Жоғарыда айтқан қоғамның маңдай алды тұлғасы мұғалімдер төрдегі орынға лайықты болса да, толық өз деңгейінде бағалана алмай отырғаны белгілі. Сол себепті, «Мұғалім мәртебесін көтеру» туралы заң қабылданып, жүзеге асырылуда. Егер де, біздер, ұстаздар, қоғамнан өз бағамызды алған болсақ, осы заң қабылданар ма еді? Бұған не себеп? Қазіргі кездегі түрлі әлеуметтік топтардағы көзқарастардың қарама-қайшылығы, әлеуметтік желідегі әртүрлі пікірлер мен бейнежазбалардың жұртшылыққа таралуы мұғалімге деген төменгі пікірді қалыптастырғанын көріп жүрміз. Осындай пікірлердің қалыптасуына оқушылар ойының тым ашықтығы, отбасындағы ұлттық тәрбиенің әлсіреуі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі олқылықтары, мұғалімге деген теріс ойларының бала алдында талқылануы басты себептер деп айтуға болады.
Мұғалімдер қоғамдағы рөлін көтеру үшін заманға лайықты жаңашыл, мотиватор, ізденімпаз, құндылықтармен бағдарланған, жеке этикасын сақтаған, өз пәніне деген ізгілікті көзқарасты болуы тиіс деп білемін. Заманның ауыр жүгі мұғалімге түсері анық, сол үшін түрлі жағдаяттардан шыға алатындай, психологиялық, физиологиялық, педагогикалық жағынан дайындығы мықты, функционалдық сауаттылығы жоғары, құзыретті, жан-жақты болып, зиялы адамдар тізбегін жасауымыз керек, Әр мұғалімнің жеке иммиджі мен өз бренді, өзіндік сабақ беру тәсілі, мәнері, шеберлігі болып, үздіксіз даму үстінде болса ғана төрдегі орынды иеленбек.Сонымен қатар, қоғам да ұстаздарға деген көзқарасын өзгертіп, бұрыннан қалыптасқан ұстазға деген құрметті жаңғыртып, зияткер, көзі ашық ұрпақ тәрбиесіне бірлесіп кіріссе ғана нәтижелі жеңіске жетеміз деп санаймын.
Қорытындылай келе, батыр Бауыржан айтқандай даудан да, жаудан да қорқар болған мұғалімнің мәртебесін көтеріп, қоғамдағы орнын қайтарамыз десек, өз ұрпағыңды ұлттық құндылықтармен сусындат, мұғалімнің жағдайын жаса дегіміз келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет