Сабақтың тақырыбы: Қазақ шежіресінің деректерімен материалдары жөнінде
Сабақтың мақсаты: Қазақ шежіресінің деректерімен материалдары жөнінде, қалыптасу
тарихын айқындайды;
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі ә) Жаңа сабақ Қазіргі таңда ұлттық санамыздың тереңдей түсуі тарихшылар алдына көптеген міндеттер қойып отыр. Менің ойымша, сондаймаңызды міндеттердің біріне – халқымыздың ғылыми негізделген шежіресін жазу жатса керек. Өкінішке орай, бұл міндетті соңғы жылдары, әсіресе, тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде кәсіби тарихшылар емес, әуесқой тарихшылар мен тарихты жақсы көрушілер, кезінде әртүрлі қызметтерде болып, кейіннен қолы босап демалысқа шыққан зейнеткер - ағаларымыз орындауға тырысуда. Бұл, әрине, жақсы, құптарлық іс. Дегенменде, сол жұмыстардың бәріне ортақ бір кемшілікке – оларда деректік базаның аздығы, тіпті қаттырақ айтсақ, жоқтығы жатады. Тек қана авторлар өздері ел арасынан жинаған материалдарына сүйеніп өздерінің ата-бабаларының шежіресін тарқатуға тырысады.
2003-2010 жылдары «Қазақ ру-тайпаларының тарихы» мәселесімен айналысу барысында қазақтың әр тайпасының тарихымен қатар, олардың шежіресін де бір тарау етіп жазу міндеті біздің де алдымызда тұрды. Алғашқы кездегі қиындықтардан соң, үздіксіз ізденістер нәтижесінде біз ғылыми негіздегі қазақ шежіресінің алғашқы нұсқаларын дүниеге келтіре бастадық. Бірте-бірте шежіреге қатысты деректер көзі жинала бастады, тіпті олардың көбейгені соншалықты оларды игерудің өзі жеке мәселеге айнала бастады. Сол себепті де біз қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың өзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бөліп жіктедік.
Олар мынандай топтар:
1) XVIII-XIX ғғ. орыс тіліндегі архивтік материалдардың мәліметтері;
2) XVIII-XIX ғасыр басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектеріндегі мәліметтер; 3) XIX ғасырдың соңы мен XX ғасыр басында Қазақ жерінің әр уезі бойынша құрастырылған „Материалы по киргизскому землепользованию...” атты статистикалық сипаттағы жинақтардағы мәліметтер жатады;
4) XX ғасырдың басында қазақ халқының өз ішінен шыққан ұлт зиялыларының еңбектеріндегі шежірелік мәліметтер жатады;
5) кеңестік кезеңдегі этнографтардың ғылыми зерттеулеріндегі материалдар жатады;
6) XX ғасырдың 90-шы жылдарынан бері жарыққа шығып жатқан қазақ шежірешілерінің еңбектеріндегі мәліметтер жатады;
7) ел аузындағы шежірелік сипаттағы тарихи аңыз-әңгімелер, өлең түрінде айтылатын шежіре-дастандар, сондай-ақ ақын-жыраулардың айтыстарындағы материалдар жатады;
8) мерзімді басылымдарда, оның ішінде қазақ тіліндегі газеттер мен журналдарда жарияланған шежірелік сипаттағы мақалалардың мәліметтері жатады;
9) жекелеген адамдардың өз аталығы, әулеті, руы туралы жазып жіберген қолжазбалық шежірелері жатады;
10) ауызша түрде информаторлардан алынған мәліметтер жатады.
ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.
1. қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың ғылыми негізделген шежіресін жазу барысында ең алдымен, шежіреге қатысты жинақталған материалдардың өзіне деректанулық тұрғыда қарап, оларды әртүрлі белгілері мен ерекшеліктеріне қарай он топқа бөліп жіктедік оларды атап өт.
IV. Қорытындылау