1 .«Таныстыру» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын....
2.«Автопортрет» жаттығуы. Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшіөзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б...
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.
3. «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.
4. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
5. «Өрмекші торы» жаттығуы. Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.