Мұғалімнің аты-жөні: Кажекенова Эльмира Асимхановна Пән/Сынып



бет1/2
Дата12.09.2023
өлшемі2,51 Mb.
#106927
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
1 сабақ. Атом құрылысының заманауи теориясы.




Мұғалімнің аты-жөні:

Кажекенова Эльмира Асимхановна

Пән/Сынып:

10 сынып ҚГБ

Қай аптаның нешінші сабағы

1 апта 1-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

10.1А Атом құрылысы

Сабақтың тақырыбы:

Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және қозғалысы. Көрсетілім №1 "Атом құрылысы моделі"

Оқу мақсаты:

10.1.2.1 атом құрылысының заманауи теориясын білу;
10.1.2.2 s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату.

Бағалау критериі:




Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа сабақтың түсіндірілуі
Сабақ мақсатымен бағалау критерийлерін таныстыру;
Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Бекітуге арналған тапсырмалар орындату; тапсырмалардың жауаптарын жазу

Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы



Уақыт

Кезеңдері

Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Бағалау

Ресурстар

00.00-03.00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
Химия сабағынан атомның құрамы, құрылысы туралы оқып үйренуді жалғастырамыз. Атом құрылысының заманауи теориясы, атомдағы электрондардың күйі мен қозғалысы және атом құрылысының моделін жасап үйренесіздер.
Сабағымыздың тақырыбы: Атом құрылысының заманауи теориясы. Атомдағы электрон күйі және қозғалысы. Көрсетілім №1 "Атом құрылысы моделі"
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:



Сенің меңгеретінің:

  • Атом құрылысының заманауи теориясын;

  • s, p, d, f орбитальдарының пішінін ажырату;

  • Атом құрылысы моделін жасау.




Бүгінгі жұмыс мақсатымен танысу




Презентация
1-2 слайд

03.00-16.00


Жаңа сабақ

Атом құрылысы.



Фосфор атомының құрылысы.



Бор атомының құрылысы, энергетикалық диаграммасы.
Атомның энргетикалық деңгейлерінің саны период нөміріне тең (мысалы, борда 2 энергетикалық деңгей бар), ал негізгі топша элементтері орналасқан топ нөмірі сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон санын көрсетеді (борда 3). Атомда электрондар энергетикалық деңгей мен деңгейшелерге таралып орналасқан.



Атом орбитальдары.
Ядро маңындағы электрон қозғалатын кеңістік – электрондық бұлт, ал кеңістікте электронның болу ықтималдығы жоғары аймағы атомдық орбиталь деп аталады. Бір орбитальда спиндері әртүрлі электрондар орналасады.



Электрон бұлттарының пішіндері.
Атомның электрон қауызы қабаттардан тұрады. Электрондық қабат өлшемдері бірдей электрон бұлттарынан түзілген. Бір қабаттың орбитальдары энергетикалық деңгей түзеді. Әр орбитальға электрондық бұлт сәйкес келеді.
Электрондардың күйі сфералық пішінді бұлтпен кескінделгенде s-электрондар деп аталады.
Электрондар қозғалысының нәтижесінде гантель тәрізді пішіні бар бұлттар түзілсе р–электрондар деп аталады.
Электрондық бұлттары күрделі пішінді болып келетін электрондар d–электрондар деп аталады.
Электрондар өзінің қозғалысында d–электрондарға қарағанда күрделі пішінді электрондық бұлттар түзеді. Мұндай электрондарды f–электрондар дейді.

Атом орбитальдарындағы электрондар саны.
Атомның бір орбитальіндегі электронның саны 2-ден артық болмайды. Бұл Паули принципіне негізделген. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максималды саны N = 2 n2 формуласымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет