МҰҒалімнің КӘсіби біліктілігі білімді ұрпақ ТӘрбиелеу кепілі



жүктеу 398.97 Kb.

бет3/4
Дата15.03.2017
өлшемі398.97 Kb.
1   2   3   4

Курсқа  қатысушылар:  «Өзін-өзі  тану»  пәні  әрбір 

оқушының  өзін  тануына,  өз  әлеуетін,  өмірдегі  орнын 

тануына  мүмкіндік  береді  және  өзін-өзі  анықтау  мен 

дамудың жеке траекториясын құру механизмдерінің бірі 

болып  табылатындығын;  ата-аналардың  балаларының 

білім алуына, отбасының баланың адамгершілік қасиеттерін 

қалыптастыруға белсенді қатысуын, саналы және өнімді өмір 

салтын қалыптастыру бағдарын қамтамасыз етуші сабақтан 

тыс қызметтің атқаратын рөлі маңызды екендігін; «Өзін-өзі 

тану» мектептің барлық пәндерінің құндылықтық әлеуетін 

ашуға, пән мазмұндарын ықпалдастыру оқушылардың негізгі 

құзыреттіліктерін  дамытудың,  олардың  сәтті  әлеуметтік 

бейімделуінің  маңызды  шарты  болып  табылатындығын 

түсінеді. Осы орайда бағдарламаның тиімділігін арттыру 

мақсатында оны жүзеге асыру талаптары қайта қаралды. 

Білім беру бағдарламасының мазмұнын бала бойындағы 

жалдпыадамзаттық  құндылықтарды  дамытуға  бағыттау 

рухани бай ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Біліктілікті арттыру курстарының мазмұны жоғарыда 

аталған  мәселелерді  жан-жақты  қарастыра  отырып,  ізгі 

ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогтердің бойындағы рухани-

адамгершілік  құндылықтарды  дамытуды  басты  орынға 

қоя  отырып,  сабақта  қолданылатын  әдістердің  баланың 

бойындағы  табиғи  нышандар  мен  жалпыадамзаттық 

құндылықтарды  дамытуға  мүмкіндік  жасау  керектігін 

педагогтердің басты назарда ұстау керектігін міндеттейді. 

Бұл  жөнінде  Астанада  Қазақстан  Республикасының 

Тәуелсіздік  күніне  арналған  салтанатты  жиында  ҚР 

Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаев  өзінің  «Тәуелсіздік 

толғауында»  баса  айтты.  Елбасы:  «Қазақстанның 

отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі 

жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда 

барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. Қазіргі білім 

мазмұнында бар материалды пайдалану, онда назардан тыс 

қалған құндылықтық әлеуетті жарыққа шығару міндеттері 

туындап отыр. Елбасы жас ұрпақтың тәрбиесін аға буынға 

былайша аманат етеді: «Сіздердің көрегендіктеріңіз бен 

өмірлік тәжірибелеріңіз кейінгі буынның ақиқат жолынан 

адаспай, алға басуына септігін тигізеді».

Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден айырмашылығы – 

ол айналадағы қоршаған орта емес, Адам туралы пән. Адам 

болып дүниеге келгеннен келу оңай, адам болып өмір сүру 

керек. Сондықтан, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімінің кәсіби 

міндеті – Адам болу. Шында да, өз бойымызда жоқ қасиетті 

өзгенің бойында қалай қалыптастырамыз.

Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік 

тәрбие гуманизмге, қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін 

сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға 

және оны дамытуға,  Қазақстанның басқа халықтарының 

мәдениетін  зерттеу  және  игеруге  негізделген  азаматтық 

ұстанымды  және  патриоттық  сананы,  құқықтық  және 

полимәдениетті,  қалыптасқан  ұлттық  өзіндік  сананы, 

ұлт  аралық  мәдени  қарым-қатынасты,  әлеуметтік  және 


9

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

діни  төзімділікті  қалыптастыруы  тиіс.  Қазіргі  жағдайда 

тәрбиеленушілердің құқықтық санасын, олардың балалар 

мен  жастар  ортасында  құқық  бұзушыларға  қарсы 

тұруға дайындығын қалыптастыру аса маңызды мәселе.   

Бағдарламаның мазмұны қазақтың ұлттық мәдениетінен 

бастау алады десек, қателеспеген болармыз. Осы бағдарлама 

бойынша біліктілікті арттыру курстарын өткізген сайын 

әлемдік, отандық Ұлы тұлғалардың өмірімен терең танысып 

қана қоймай, қазақ халқының тарихындағы тұрмыс-тіршілік 

әрекеттінің барлығы осы рухани-адамгершілікке негізделіп 

дәріптелгенін тани түстім. Барлығының астарында керемет 

философиялық ой жатқанын түсініп келемін. Кейде, осы 

бай қазынамыздың түптамырынан қайта жаңғыртатын тағы 

бір пән өмірге келсе деп ойлаймын. Себебі, біздің салт-

дәстүрлеріміздің барлығы осы ізгілікпен өрілген «Алтын 

ереже» сияқты. Ізгіліктің кепілі десек те артық болмас еді. 

Әлемнің ең керемет деген өмірге пайдалы білімін игере 

отырып, өзіміздің рухани бай қазыналарымызбен, рухани-

адамгершілік біліммен интеграциялау арқылы  «Мәңгілік 

Елдің» бақытты ұрпағын тәрбиелеуге болады.

Әр оқушы үшін мұғалімнің оқушыларға айтқандарын, 

оның өзінің білуі маңызды. Оқушы соған мән береді. Осыған 

орай, рухани – адамгершілік білім беруде ең маңыздысы – 

мұғалім тұлғасы. Оның ойы, сөзі және ісінің бір – біріне сай 

болуы, өзін рухани тұрғыда жетілдіруі[3].

Мұғалімнің  кәсіби  біліктілілін  арттыру  ең  алдымен 

оның өзіне қарай бағытталғанда ғана, өз санасын дамытып, 

атқарып отырған қызметінің мәнін терең ұғынуы, соған 

сәйкес өзін-өзі жетілдіру қабілеттерін дамытуды, кәсіби 

шығармашылықтың биіктеріне жетуді талап етеді. Қазіргі 

таңда пән мұғалімдеріне шығармашылықтың теориясы мен 

тәжірибесі жайлы білім беріп қою жеткіліксіз. Біліктілікті 

арттыру курстарында олар шығармашылықтың жаңа түрі 

адамның өзін-өзі өзгертуі, қайта түлетуі арқылы  кәсіби 

шеберліктің шыңына көтерілуінің жолдарын меңгеруі тиіс. 

Осы қағиданы басты құндылық деп түсінген мұғалім ғана 

жас ұрпақ бойында дәл сондай қажеттіліктерді қалыптастыра 

алатындығы сөзсіз. «Ел болашағы - жастардың қолында!» - 

деген Елбасының жастарға деген үмітін басшылыққа алатын 

болсақ, сол жастарға білім беретін педагогтердің біліктілігі 

осы мақсаттарға қол жеткізудегі баса назар аударатын мәселе.

* * * * * * * 

КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ 

ҰТЫМДЫ 10 ҚАДАМЫ

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекет басшысы 

Үкімет  жұмысындағы  басым  бағыттардың  бірі  ретінде 

жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды 

қамтамасыз  етуді  белгіледі.  Сондай-ақ  агроөнеркәсіптік 

кешенді  дамыту,  жекелей  алғанда  ауыл  шаруашылығы 

кооперациясы және экспорттық әлеуетті әртараптандыру 

бойынша тапсырмалар берілді. Елбасы жүктеген міндеттерді 

жүзеге асыру мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер 

палатасы,  кәсіпкерлікті  дамытуға  арналған  10  қадамды 

ұсынады.

1. ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУДІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ

Қазіргі таңда бизнеске шағын несиелер  «Бизнестің жол 

картасы-2020» (6% жылдық мөлшерлемемен 10 млн теңгеге 

дейін), «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» (5% жылдық 

мөлшерлемемен  3  млн  теңгеге  дейін)  бағдарламалары 

аясында және «ҚазАгро» холдингі (Шағын несие ұйымдары 

(ШНҰ) арқылы 9,5/12% жылдық мөлшерлемемен 3 млн 

теңгеге  дейін)    арқылы  беріледі.  Бұл  бағдарламалардың 

тиімді қаржыландыру жағдайларына қарамастан, кәсіпкерлер 

кепілдікті қамтамасыз ету, қажетті құжаттардың көп болуы 

және жобаға қолдау көрсетудің жоқтығы сынды мәселерге 

кезігеді. Мысалы, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» 

бағдарламасы бойынша шағын несие алу үшін бас-аяғы 13 

құжат өткізуі керек.

Жалпы, 2016 жылдың 1 шілдесіндегі дерекке сүйенсек, 

Қазақстанда 342 ШНҰ белсенді саналуда және бұл тұста 

шағын несие нарығының тең жартысына жуығын «КМF 

(КМФ) шағын қаржы ұйымы» ЖШС иеленуде (бастапқыда 

USAID қорландырса, бүгінде қазақстандық құрылтайшылар 

сатып алған). 2015 жылы ШНҰ барлығы 120 млрд теңгеге 

567 мың шағын несие берген.

Сонымен  бірге,  ауылдық  жерлерді  шағын  несие 

қызметтерімен  қамту  төмен  деңгейде  қалуда.  Ауылдық 

жерлерде  тек  75  ШНҰ  белсенді  әрекет  етуде.  Атырау 

облысында ШНҰ ауылда жұмыс істемесе, Ақтөбе облысында 

тек 2 ШНҰ белсенді, Маңғыстау облысында – 1 ШНҰ.

Өз кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлердің көбісі үшін 

жоғары пайыздық көрсеткіштерге  байланысты (жылдық 

орташа есеппен 40%) шағын несие алу мүмкін болмай отыр.

Сол себепті, осы жылдың басында «Атамекен» ҰКП 

жеке  инвестицияларды  тарту    және  жергілікті  бюджет 

қаражатының есебінен 5 пилотты облыс бойынша шағын 

несиелеуге  кірісті.  Олар:  Алматы,  Ақтөбе,  Қызылорда, 

Қостанай және Маңғыстау облыстары.

«Атамекен»  ҰКП  жүзеге  асырып  отырған  шағын 

несиелеу тәсілдерінің артықшылығы кепілдік беру бойынша 

икемділік, кепілдікті қамтамасыз ету, кәсіпкерлерді оқытудан 

бастап  оларды  жүзеге  асыруға  дейін  бизнес-жобаларды 

қолдау, кооперация мүмкіндіктері және тікелей өткізу болып 

табылады. Шағын несиелер 15 млн теңгеге дейінгі сомада 

жылдық мөлшері 6%, салалық шектеулерсіз 5 жылға беріледі. 

Сондай-ақ шағын несиені алу үшін кәсіпкер бар-жоғы 5-6 

құжат тапсыруға міндетті. 

Шағын  несиелеу  қызметнің  кең  ауқымды  болуын 

«Атамекен»  ҰКП  инфрақұрылымының  дамығандығы, 

оның  ішінде  аудандық  деңгейде,  қамтамасыз  етуде. 

Бүгінгі таңда облыстық деңгейде 23 Кәсіпкерлерге қызмет 

көрсету  орталығы  (КҚКО)  және  аудандық  деңгейде  188 

Кәсіпкерлерді  қолдау  орталығы  (КҚО)  жұмыс  істеуде  – 

152-сі аудан орталықтарында, 9-ы шағын қалаларда және 

27-сі моноқалаларда.

КҚКО мен КҚО тараптарында кәсіпкерлерді оқытып, 

Шағын несие ұйымдарынан несие алу үшін бизнес-жоспар 

жасауға және қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектеседі. 

Нәтижесінде кәсіпкерлер тегін бухгалтерлік және заңдық 

қызметтердің игілігін көруде. 



10

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

Бүгінгі  таңда  5  пилоттық  облыстың  шағын  несиелеу 

ұйымдарына 1 942 млн теңге көлемінде 365 өтініш келіп 

түскен. Қазірдің өзінде 852 млн теңге көлемінде 185 жоба 

қаржыландырылды.

Осылайша,  Бизнестің  жол  картасы-2020,  Жұмыспен 

қамтудың жол картасы-2020, ҚазАгро құралдары арқылы 

шағын несиелеудің көлемін кеңейту үшін келесі шаралар 

ұсынылады:

- сомасы, пайыздық мөлшерлемесі, кепілдік бойынша 

икемділігі, құжаттарға талаптардың жеңілдетілуі тұрғысынан 

«Атамекен» ҰКП шағын несиелеу тәжірибесін қолдану;

-  сервистік  қызметтер  (бухгалтерлік,  заңдық  және 

тағы  басқа),  жобаны  сүйемелдеу,  бизнес-жоспар  жасау, 

оқыту бойынша мемлекеттік тапсырма түрінде (аудандық 

КҚО күшейту үшін жыл сайын 3 млрд теңге) «Бизнестің 

жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-

2020» барлық мемлекеттік бағдарламалары жөнінен шағын 

несиелеудің  сервистік  бөлігіндегі  бірыңғай  оператор 

қызметін «Атамекен» ҰКП-ға беру. «ҚазАгро» холдингі 

құралдары аясындағы сервистік қолдау қызметін табыстау 

мәселесін  аталған  холдинг  өкілдерімен  арнайы  жұмыс 

тобында талқылау ұсынылады.;

 - «Атамекен» ҰКП тәжірибесін ескере отырып, өзінің 

шағын несиелеу жүйесі арқылы, Мемлекет басшысының 

нұсқауымен жіберілетін жалпы сома көлемінен 2017 жылы 

10 млрд теңгені игеруге дайын.  

2.  ХАЛЫҚТЫ  ЖАППАЙ  КӘСІПКЕРЛІК 

НЕГІЗДЕРІНЕ ОҚЫТУ

Бүгінгі таңда халықты бизнестің негіздеріне оқытып-

үйрету «Бизнес-Кеңесші» және «Бизнес-Өсім» жобалары 

бойынша  «Бизнестің  жол  картасы-2020»  бағдарламасы 

шеңберінде жүзеге асырылуда.

Осы  арада  оқыту  тақырыбына  байланысты  «Бизнес-

Кеңесші» жобасы бойынша оқыту 2 күн ішінде, ал «Бизнес-

Өсім» жобасы бойынша 2-5 күн аралығында жүргізіледі.

Бизнестің қыр-сырына үңілуге дайын емес аудиторияны, 

әсіресе, ауыл халқын осындай мәнерде оқыту тиімсіз және 

қасаңдық құрсауынан шыға алмауда.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Үкіметінің 

қолдауымен    халықты  жұмыспен  қамтамасыз  ету  үшін 

тиісті  шараларды  жүзеге  асыру,  әлеуметтік  қысымды 

азайту, сондай-ақ өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту аясында, 

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында «Bastau Бизнес» 

және «Bastau Кәсіп» атты екі пилоттық жобаны аяқтады.

«Bastau Бизнес» жобасы кәсіпкерлікті ауылда дамытуға 

бағытталған. Сондай-ақ, ауыл халқының жұмыспен қамтылу 

деңгейін  бизнес-бастамалар  мен  халықты  кәсіпкерлік 

негіздеріне  жан-жақты  үйрету  арқылы  көтеруді  мақсат 

тұтады.


«Bastau Бизнес» жобасы бойынша оқыту ұзақтығы 1 

айды құраса, бұл бизнеске оқытудың басқа бағдарламалары 

ұзақтығынан 6-дан 10 есеге дейін асып түседі.

Жобаны  жасау  барысында  бизнеске  оқыту  бойынша 

мемлекеттік бағдарламаның кемшіліктері ескерілді: «келте 

қайырылуы», дара көзқарастың жоқтығы, қатысушыларды 

іріктеу жүйесінің жоқтығы, үйде оқыту мүмкіндігі, жобаның 

өне бойы сүйемелденбеуі, көшпелі кеңестер және т.б. 

«Bastau Бизнес» жобасы 5 кезеңде жүзеге асырылады: 1) 

халықты жобамен құлақтандыру және таныстыру; 2) тестілеу 

жүргізу мен қатысушыларды іріктеу; 3) тәжірибелік оқыту; 

4) бизнес-жоспарды жан-жақты талқылау, бизнес-жоспар 

жасау;  5)  жобаны  микронесиелеу  беруді  қоса  алғанда, 

алғашқы 12 ай бойы ілгерілету.

«Bastau Кәсіп» жобасының ерекшелігі еңбек нарығының 

сұранысына бағдарланғандығында болып табылады. Бұл 

оқыту және жұмыспен қамту қызметтері арқылы жүзеге 

асырылады  (Naimi.kz  сервистік  базасының  мобильді 

қосымшасы, біртұтас call-орталық, тапсырыстарды онлайн 

режімде оқыту және іздеу).

«Атамекен  Бизнес  Академиясы»  онлайн-оқыту 

жобасы  жүзеге  асырылу  үстінде.  Сондай-ақ,  бизнес-

жаттықтырушыларды дайындау үшін әдістемелік орталық 

құрылады. Ұзақтығы жөнінен оқытудың қысқа мерзімді 

мемлекеттік бағдарламасынан 6-10 есе асып түсетін «Bastau 

Бизнес»  жобасының  тиімділігін,  жобаның  икемділігі 

мен  бейімділігін,  бизнес-жоспарларды  сүйемелдеу 

сәттері  байқалатынын  ескере  келе,  онымен  Қазақстан 

Республикасының барлық өңірлерін кең ауқымды қамту және 

«Бизнестік жол картасы-2020» бірыңғай бизнесті қолдау мен 

дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қаржылық емес 

қолдау құралдарына қосу ұсынылып отыр.

«Bastau Кәсіп» жобасын толыққанды жүзеге асыру және 

кеңейту мақсаттарында Қазақстан Республикасының барлық 

өңірлерінде оны «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» 

мемлекеттік бағдарламасына ықпалдастыру ұсынылады. Бұл 

жерде тиісті орталық мемлекеттік органдардың (Білім және 

ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 

министрлігі) ресурстарын аталған жобаны барынша тиімді 

жүзеге асыру үшін пайдалану қажеттігі де аңғарылады.

Осыған  байланысты  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі 

аталған мәселелерді «Бизнестің жол картасы-2020» және 

«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларына 

енгізу  және  бейімдеу  бойынша  тиісті  жұмысты  жүргізу 

ұсынылады.

Барлық «Атамекен» ҰКП оқыту бағдарламалары шағын 

несиелеу жүйесімен байланыстырылатын болады.

Оқыту қорытындысы бойынша бизнесті бастауға арнайы 

шағын-индустриалды  аймақтар  мүмкіндік  жасай  алады. 

Оның  аясында  бір  сала  бойынша  (мысал  үшін,  барлық 

тігін кәсіпорындары) жасақталған шағын және орта бизнес 

кәсіпорындары  енгізіледі.  Бұл  жобаның  жалпы  атауы  – 

«Шеберлер қаласы».

Шағын  индустриалды  аймақтарда  1-2  га  көлеміндегі 

жерге 20-дан 60-қа дейінгі компаниялар орналастырылады. 

Шағын  индустриалды  аймақтар  ауқымы,  нақты  елді 

мекендердегі тұтынушылар сұранысына және де инженерлік 

коммуникацияларға жақын жер телімдерінің қолжетімділігіне 

қарай  (оны  тарту  құнын  төмендету  үшін)  кең  көлемде 

қарастырылатын болады.

Шағын индустриалды аймақ құру үшін мемлекеттік-

жекеменшік серіктестік тетігі арқылы бос тұрған өнеркәсіптік 

ғимараттар мен жайларды қолданған абзал.

Польша,  Түркия  сынды  елдердің  тәжірибесі  қажетті 

базалық  инфрақұрылымдары  бар  осындай  бизнес-

инкубаторлардың  шағын  өндірістік  кәсіпорындар  мен 

бизнесін енді бастаған өндірушілер үшін қолдаудың негізгі 

нысанына  айналғанын  көрсетіп  отыр.  Мұндай  құралдар 

оларға бастапқы кезеңде қалыптасуға және өсуге көмектеседі.

Мемлекеттік  бағдарламалар  аясында  (Бизнестің 

жол  картасы-2020,  Жұмыспен  қамтудың  жол  картасы-

2020) қаржыны еліміздің барлық өңірлерінде инженерлік 

коммуникацияларын  тартқан  райда,  дайын  жылдам 


11

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)

тұрғызылатын  ғимараттар  мен  өнеркәсіптік  бағыттағы 

құрылыстар түрінде шағын индустриалды аймақтар құруға 

бағыттау ұсынылып отыр. Ол жерде жалға алу шарттары 

бойынша шағын өндірістік кәсіпорындар орналастырылады.

3. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАЦИЯЛАРЫН 

ДАМЫТУ

Агроөнеркәсіптік  кешеннің  дамуын  тежеп  отырған 

мәселелердің  бірі  көбінесе  өндірістің  шағын  тауарлық 

сипаты болып табылады.

Аталған мәселені шешу үшін 2015 жылдың қазанында 

Қазақстан  Республикасының  «Ауыл  шаруашылығы 

кооперативтері  туралы»  Заңы  қабылданды.  Сондай-ақ 

10  пилоттық  кооператив  құру  бойынша  ҰКП  мен  Ауыл 

шаруашылығы министрлігінің (АШМ) бірлескен жоспары 

жүзеге асырылып жатыр. Осымен бірге, Ұлттық палатада 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «200 ауыл 

шаруашылығы кооперативі» атты бағдарлама жасалып жатыр. 

Бүгінгі таңда 7 мыңға жуық шаруа/фермерлік қожалықтар 

мен жеке қосалқы шаруашылықтарды біріктіретін 283-тен 

астам ауыл шаруашылығы кооперативіне қолдау білдірілді. 

Оған қоса, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер ауыл 

шаруашылығы кооперативтеріне біріккеннен кейін «арзан» 

ақшаға  қолжетімділіктің  болмауы  сынды  мәселелерге 

ұшырасады.

Қаржыға  қол  жеткізу  проблемасын  шешу  үшін  ауыл 

шаруашылығы кооперативтеріне мыналар ұсынылады:

-  халықтың  кооперативтерге  біріккен  жеке  қосалқы 

шаруашылықтарының  микронесиелеу  басымдықтарын 

айқындау;

- «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ институттары арқылы жеңілдікпен 

несиелеудің жаңа өнімін енгізу.

Өнімнің  белгіленген  бағасын  анықтау  сараптамасы, 

тікелей  сату    жүйесінің  жоқтығынан  бағасы  20-40%-ға 

қымбаттап жатқындығын көрсетіп отыр.

Сол  себепті,  желілер  мен  ауыл  шаруашылығы 

кооперативтері арасында  сауданы дамыту үшін үшсатылы  

тәсілді пайдалану ұсынылып отыр:

өндірістің мамандануын және желілермен тікелеу сауданы 

тереңде отырып, фермерлердің кооперативтерге бірігуі;

фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға жататын 

ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, орау, сақтау, тасымалдау 

және  сату  үшін  пилоттық  Көтерме-тарату  орталығының 

тұжырымдамасын жүзеге асыру;

көрші  мемлекеттердің  ұқсас  желілеріне  ықпалдаса 

отырып, өнімдерді аймақтар арасында және сыртқы өткізу 

нарығына экспортқа бөлу үшін Көтерме-тарату орталығының 

тиімді желісін қалыптастыру.

Бұрынғы қадамдарды жүзеге асыру бойынша жасалған 

жұмыстарды  ескере  келгенде,  ауыл  шаруашылығы 

кооперацияларын  қолдау  жүйесі  төмендегіше  түзілетін 

болады:


-  жергілікті  жерлерде  ұйымдастыру  және  түсіндіру 

жұмыстарын жүргізу;

- халықты бизнестің негіздеріне, бизнес-жоспар жасауға 

үйрету;


-  микронесиелеу  арқылы  қаржыландыру  немесе 

«ҚазАгро» ҰБХ арқылы жеңілдікпен қаржыландыру;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды/қайта өңдеуді 

ұйымдастыру.



4.  БӘСЕКЕГЕ  ҚАБІЛЕТТІ  БИЗНЕСТІ  ҰЗАҚ 

МЕРЗІМДІ  МЕМЛЕКЕТТІК  ТАПСЫРЫСТАР 

ЕСЕБІНЕН ҚОЛДАУ

Қалыптасқан  экономикалық  жағдайда  отандық  тауар 

түрлеріне сұранысты ынталандыру маңызды.

Аталған жағдай бойынша маңызды орынға мемлекеттік 

сатып алулар, квазимемлекеттік секторлар мен жер қойнауын 

пайдаланушылар бойынша сатып алулар аясында күнделікті 

және жиі сұранысқа түсетін тауарлар ие болады.

Күнделікті сұранысқа ие тауарлардың (киім, аяқ киім, 

азы-түлік, жиһаз) жылдық мөлшері 1,9 трлн теңгені құрайды. 

Сонымен  қатар,  отандық  тауар  түрлеріне  сұраныс  орта 

есеппен 30%-дан аспай отыр.

Ал  мемлекеттік  сатып  алулардың,  квазимемлекеттік 

секторлардағы  сатып  алулар  мен  жер  қойнауын 

пайдаланушылардың жалпы көлемі шамамен алғанда 9,7 

трлн теңге болса, отандық деңгейдің үлесі – 57 пайыз.

Сол себепті, бәсекеге қабілеттілікті арттыру бойынша 

тиісті шараларды қолдану керек. Ол үшін жергілікті қамту 

үлесін мемлекеттік қолдаулар көрсету мен ұзақмерзімді 

келісімшарт жасау арқылы арттырған жөн.

Осыған байланысты, Үкіметтік деңгейде ұзақмерзімді 

келісімшарттар  жасау  арқылы  жергілікті  қамту  үлесін 

арттыру комиссиясын құру және өнеркәсіптің өңдеу секторы 

кәсіпкерлерін мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын 

қабылдау қажет.

Отандық  тауар  түрлерін  ынталандырудың  маңызды 

тетіктерінің  бірі  мемлекеттік  сатып  алулар  жүйесін 

орталықтандыру болып табылады.

Мысалы,  АҚШ-та  АҚШ  мемлекеттік  тапсырыс  беру 

кеңсесі (Келісімшарт кеңсесі) бар. Ол жерде барлық сатып 

алулар ұзақ мерзімді мемлекеттік келісімшарттар бойынша 

жүргізіледі.

АҚШ  Үкіметі  тауар  өндірушілермен  бірге  барлық 

процесті жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауарлар мен 

қызметтерге  арналған    мемлекеттік  келісімшарт,  несие 

беру  мақсатында,  кепілдік  құжат  ретінде  америкалық 

коммерциялық банктермен жүзеге асырылады.

«NADLоC»  жергілікті  қамтуды  дамытудың  Ұлттық 

агентігі» АҚ базасында, АҚШ тәжірибесіне сүйене отырып, 

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасының сенімді басқаруымен, 

мемлекеттік тапсырыс берудің орталықтандырылған кеңсесін 

құру ұсынылады.

Мемлекеттік  қолдаулардың  кешенді  шараларын  алу 

және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру үшін (мемлекеттік 

және квазимемлекеттік сатып алулар) кәсіпкерлерді іріктеу 

түсінікті және нақты талаптар негізінде жүргізілуі тиіс. 

Оларға    индустриалды  сертификат  пен  кәсіпорынның 

болашағы жоспарланған стратегиялардың болуы және 2-5 

жылдың ішінде ЕАЭО, Қытай, Иран елдеріне экспортқа шығу 

үшін алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу жатады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қойылатын талаптардың 

бірі,  бірыңғай  біліктілік  орталығында  міндетті  оқудан 

өту  болады.  Онда,  беделді  халықаралық  компаниялар 

ауқымындағы алдыңғы қатарлы тәжірибені қосқанда, жоғары 

және орта буын менеджерлері үшін барлық іс жүзіндегі оқу 

бағдарламаларын біріктіру жүргізілмек («Аға сеньорлар», 

басқа да бағдарламалар).  

Осылайша, ішкі сұраныс есебінен кәсіпкерлерді қолдау, 

экспортты дамыту бағдарламасымен байланыстырылмақ.



12

Республикалық “СЕРПІЛІС” газеті – 28 қараша 2016 ж | № 02 (02)


1   2   3   4


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал