Мұғалімдер әріптестерінің іс-тәжірибесімен таныса отырып, өздерінің кәсіби өсулері үшін, мұғалім кәсібінің дамуын арттыру жолдарын анықтауды үйренеді.
Оқу нәтижесі:
Мұғалімдер жүргізілген жұмыстар нәтижесінде өзіндік құндылықтары мен мұғалімдік көзқарасын анықтайды, даму басылымдықтарын белгілеп, проблемаларды анықтайды.
Түйінді идеялар:
Даму жұмысы мұғалімдердің өз тәжірибесін жетілдіріп қана қоймайды, сол сияқты басқа мұғалімдердің тәжірибесіне ықпал етеді.
1.Амандасу
1.Психологиялық ахуал тудыру,
« Атомдар және молекулалар»
Мұғалімдер араласып жүреді.
І. «Атомдар» деп дауыстағанда олар бір-бірімен араласып жүреді, «Молекулалар!» деп айтып 2 дегенде ұстаздар 2 жұпқа тұрып бір-бірімен танысады.(3,4,5......)осылай топқа бөлінеді.
3. Ой қозғау «Идеялар себеті»
Сұрақ: Мұғалімнің кәсіби дамуы білім беру жүйесін жаңартудың негізі дегенді қалай түсінесіздер?. (Мұғалімдер өз ойларын стикерге жазып, идеялар себетіне жапсырады)
Негізгі бөлім
15-30 мин
1-топ
тапсырма №1
2-топ Тапсырма№2
Мұғалімнің кәсіби даму жолдары «кластер құру»
Қорытынды бөлім
Қағазды екі бағанға бөліп, біріншісінде өз тәжірибемізде бар, екіншісіне нені дамыту керек? мұғалімдердің өз тәжірибесіндегі сұрақ белгісі болып тұрған нәрселерге назарларын аударту.