Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – нәтижелі білім берудің негізі


Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы



бет14/48
Дата28.11.2023
өлшемі0,87 Mb.
#130932
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Байланысты:
2.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі (Баяндама)

Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы
Байғабылова Гүлайна-№55 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бірлік ауылы
Мақсатым: Рухани тәрбиесі мен білім сапасы тең келетін ұрпақтар тәрбиелеу.Тәрбие мен біліктілікті дамытуға психологикалық ой тастау.
Міндетім:Бала тәрбиесіндегі жеке дара қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып,оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру.
«Әркім өзінше бір әлем» Әлем дегеніміз қандай кең ұғым болса,ұстаз деген сөзге де сондай зор мағына сыйып тұр.Өйткені ұстаз өзінің ішкі әлемінің қалыптасуына тікелей ықпал ететін тұлға.
Яғни ұстаз баланы алға жетелеуші,сана сезімін қалыптастырушы. Мектеп-үлкен білім теңізіндегі ұстаздықтың шеберлігін ашатын орта.Бұл мәселеге тоқталған себебім мектеп,мұғалім,оқушы,ата-ана бір-бірімен тығыз байланысты.Егер біреуі қалыс қалса,орны бірден білінетіні анық.
Еліміздің ертеңі,ұлтымыздың болашағы-бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар. «Бала балқытылған алтын,оны қалыпқа құйып,қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген екен ұлы педагог К.Ушинский.
Жер бетіндегі әрбір халықтың ұрпақ тәрбиесінде өзіндік ұлттық ұстанымы бар.Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін,өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу.Қасиетті де қастерлі қазақ халқының да өз ұрпағын тәрбиелеу де өзіндік ерекшеліктері болған.Ата-бабаларымыз көзінің қарашығындай сақтап келген, тәрбиенің қайнар бұлағы қасиетті дәстүрлеріміздің дәріптемесек, болашақ тәрбие ісінің мәні тым жайсыз күйге ұшырауы ғажап емес.
«Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші өскелең өркенге саналы тәрбие бастауыш сыныптан беріледі.Ол процесті балғын бұтақты оңай июге болатынымен салыстыруға болады.
Мені, қазіргі сабақта біз тәрбие мен білім беруді ұштастыра алудамыз ба? деген сұрақ мазалайды.Әрине,толық сеніммен «ия» деп жауап беруге қиналамыз.Неге десеңіз білім беру саласындағы жаңашыл реформаларды іске асырамыз деп тәрбие жұмысын кенжелетіп алғандаймыз.Толыққанды тәрбие жұмысы болғанымен көп жағдайда тек қана қағаз жүзінде екенін мойындауымыз керек.Егер олай болмаса мектеп оқушылары арасында бұзақылықтар,ұлтымыздың ұяң мінезді деп есептелетін қыздары арасындағы қылмыскерлерге,белгісіз жан түршігерлік сорақылықтарға,бүкшеңдеген қарияға көмек қолын созу былай тұрсын, жекіп,мазақ ету т.б сол сияқты жан күйзелтерлік қоғамдағы көріністер неге жиілеп барады
Қиын сәтте досын демеуге асыққан,жасы үлкенді құрметтеп,кішіге аялы алақанын ұсынған,берілген жауапты міндетті егеменді елдің өскелең ұрпағымын деген жауапкершілікпен орындауға асыққан шәкірттерді өз деңгейінде кездестіресіз бе? Әрине, жоқ.
Кез келген ұлттың өзіне ғана тән, жарасымды салты бар емес пе? Сананы тұрмыс билеген мына заманда батысқа еліктеп,байырғы жайсаң мінезінен, жомарттығынан,жанашырлық сезімнен,адал қарым-қатынас пен сыйластықтың алшақтап бара жатқандай.Қазағымның жүдеп бара жатқанын әу бастан байқаған ұлтымыздың ұлы перзенті Шәкәрім Құдайбердіұлы өз өлеңдері арқылы толғанған жан айқайын білдіргендей:
Европа білімді жұрт осы күнде,
Шыққан жоқ айундықтан о да мүлде.
Терең ойлап сөзімнің мәнін біл де
Іштен жыла,шырағым түбін біл де......
Осы біздер ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесінде салған сара жолынан ауытқып кеткендейміз.Балам деген жұрты болмаса,жұртым дейтін баланың болмайтынын ескеріп, әрбір балаға кәусар бұлақтай қарап,көзін аша білуіміз керек.Осы жерге бізге сан салалы салт дәстүрге бай халқымыздың асыл мұрасы көп көмек етеді.Халқымыздың өткеніне үңілсек ұлттық тәрбиеден бай тәжірибе жинақтағанын аңғаруға болады.Байтақ даламыз бен туған елімізді көз қарашығындай қорғаған ержүрек бабаларымыз,еркіндік үшін күресте жалау болып,желбіреген қазақтың біртуар перзенттерінің сан-салалы дәстүрімізбен ұлттық тәрбие бұлағының кәусарынан сусындағанын дәлел ретінде тілге тиек етуге болады.
Жас ұрпақты рухани құндылықтарға негіздеп білім беру,әсіресе,мектеп жасында қалыптастыру ұтымды.Дегенмен,бүгін де бала тәрбиесіндегі бүкіл салмақты мұғалімдердің мойнына іліп қойып отырмыз,ол шынында да солай.Ата-ана бала тәрбиесінен алыстап барады.Мектептің есігін ашпайтын,шақырып келтіре алмайтын ата-аналар да бар.Сонда бала тәрбиесі ақсамай қайтеді?
«Балалы үй-базар,баласыз үй-қу мазар» деп айтамыз.Бірақ сол баланың қызығын қызықтағанымызбен де кейде азабына іргемізді аулақ салатынымыз алаңдатарлық жайт.
Бала тәрбиесі-баршамыздың ісіміз.Әр баланың өзінің отбасы,ата-анасы болғандықтан оны тәрбиелейтін де,болашағына жауап беретін де солар.Атамыз қазақ: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»деп бекер айтпаған.
Қайырымдылық,адалдық, ізеттілік,мейірімділік құндылықтары қалыптасқан халқымыздың асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіре білу мектеп мұғалімдері мен ата-аналар парызы.Жалпы адамзатты толғандырар,әсіресе қазақ үшін ерекше сипатқа ие болған мәселе-ұрпағымыздың бойындағы рухани-адамгершіліктің толыққанды болмауы.Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсенің бірі-қасиетті жер-ана,екіншісі-тіл,үшіншісі-атадан мирас болып қалған өзіндік құндылығы бар дәстүріміз емес пе?Әрі заман рухына,әрі өз халқының діліне сай келетін ұлттық тәрбие беру үлгісін іздестіруді әрбір ұстаз,әрбір ата-ана басты мақсат етсе игі еді.
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап,іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру.
Баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын,дүниетанымын,өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.Осы мақсаттарды іске асыруда оқушылар ұйымын құрудың маңызы өте зор деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет