Мұғалімнің кәсіби құзырлылығы – нәтижелі білім берудің негізі
Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.
Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:
• Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);
• Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• Оқу - танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• Коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).
Ұстаздың шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Ұлы ғұлама Әл- Фараби: "Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек" дейді.
А.С.Макаренко былай деген болатын: "Тәрбиешінің шеберлігі ол бір ерекше өнер емес. Ол мамандық. Мамандық болѓанда да дәрігерді өз мамандығына, музыканттарды өз мамандығына үйреткен сияқты мұғалімді де өз мамандығына үйрету" деп, атап көрсеткен болатын.
Мұғалімнің шеберлігі екі жағынан бірдей танылады: бірінші жағы, баланы қалай, қалайша оқыту үшін оның психологиясын білу, екінші жағы, оқытып-тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін, жолдарын терең білу және оны қолдана білу. Тәжірибеде осы талаптарға сай мұғалімдер шеберлігі қалыптасып жетіледі. Бұл жөнінде біз өзімізге белгілі болъгп келе жатқан көптен таныс, даңқты педагогиканың іс-тәжірибесін оқьш үйрену арқьлы педагогикалық шеберліктерді танып-біліп, олардың іс-тәжірибелерін жаңа жаѓдайда жаңа форма-әдістермен жандандыра отырып, өз ісімізде басшылыққа алуға тиіспіз. Сонда ѓана өзіміздің педагогикалық шеберлігімізді жетілдіріп, шыңдай түсеміз.
Мысалы, А.С.Макаренконың, М.Горький атындағы, Э.Дзержинский атындағы балалар колониясындағы атқарған педагогикалық шеберлігі "Ұстаздық дастан", "Мұнара үстіндегі тулар" атты еңбектерінде айқын суреттелінген.
Қазақстанда педагогикалық іс-әрекеттің шеберлері Макаренконың педагогикалық шеберлігін қайталаушы Семей облысы "Көкпенті" балалар үйінің директоры Жақия Шайжүнісов, Алматы қаласындағы қиын балалар үйінің директоры - Архимед Мыңбаевтың іс-әрекеттері нағыз шеберліктің үлгісі болады.Қазір жаңашыл деп атап жүрген бір топ педагогтардың: И.Ф.Шаталов, И.Е.Ильина, Ш.А.Аманашвили, Т.И.Гончарова С.Н.Лысенкова т.б. педагогтардың іс-әрекеттерінен нақты педагогикалық -шеберлікті байқаймыз. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.
"Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. "Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!"- деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік демекпін.
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегін кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» - деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденішулікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу – тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. Осы ретте кейбір мәселелерді жаңаша көзқараспен қарастыруды жөн деп есептей отырып, мынадай эталондарды атап өтуге жөн көрдік:
- сабаққа педагогикалық – психологиялық талдау жасау;
- дамыта оқыту жүйесінің мәні мен міндеттері;
- сабақты ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық негіздері;
- мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты.
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, зерттеушілік қызметі мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында, іс – тәжірибеде және қайта даярлау кезінде қалыптасып тәрбиеленеді.
Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік - сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған.
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады. Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Білім сапасының арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіру басты роль атқармақ. Егер педагог мамандардың біліктілігін жүйелі арттырса, онда үлкен жетістікке қол жеткізуге болары анық. Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
1.Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
2. Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады:
1. Қызметтік (Мақсаты, міндеті, жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
2. Мазмұндық (Әдістемелік, ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге жағдай туғызу).
3. Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
«Мұғалім-өзі де оқуы керек. . . » - деп П. Ф. Каптеров айтқан еді.
Мұғалімнің өздігінен білім алуына нақты көмек көрсету үшін, тұлғаның кәсіптік қызмет саласындағы қажеттіліктерін, сұраныстарын, мүдделерін білуі қажет. Арнайы ұйымдастырылған әдістемелік жұмыс мұғалімнің жеке қажеттіліктерін ескеріп құрылуы тиіс. Мұндай жағдайда мұғалім біліктілікті арттырудың ұжымдық нормаларына қатыса отырып, өзін қызықтыратын мәселелерге жауап табатын болады.
Педагогикалық шеберліктің негізгі белгілері: кәсіптік білім, біліктілік, дағды, кәсіптік қабілет, педагогтік әдептілік, педагогикалық техника жатады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету – мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен, шеберлігімен тығыз байланысты. Өз мамандығына жан–жүрегімен берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы да, ұстаздық техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.
Мұғалімнің творчестволық қабілеті, жаңашылдық әрекеттері, біліктілігі, физиологиялық және психикалық сапасы, педагогикалық кәсіптік біліммен сәйкестенеді.
Жаңашылдық творчестволық қуат шексіз, әрі үздіксіз қозғалыста дамиды. Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамуда, ынтымақтастықтан теңгермешілікке, дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зор.
Материалистік диалектика табиғатында үздіксіз даму, ғылыми білім мен тәжірибенің бірлігін, тұтастығын, сәйкестігін ашып көрсетеді. Біздің ойымызша, педагогикалық шеберлік - бұл мұғалімнің кіріктірілген қасиеті, өйткені ол өзінің кұрамына өзара тәуелді, тығыз байланысты бірліктерді, яғни білім, іскерлік, қабілет пен қасиеттерді камтиды. Әрине, педагогикалық шеберлік күрделі кұрылым болғандықтан, оның мәнін ашуды, оны түсінуге деген әр түрлі көзқарас тұрғылары қалыптасқан. Тек жанашылдыққа деген талпыныс, үздіксіз ізденіс мұғалімді өз ісінің биік шыңына жетелейді. Осы тұжырымды өлкеміздің маңдай алды азаматтары, өз ісінің шеберлері К. Нұрғалиев, К. Бітібаева, Ж. Шайжүнісов, еліміздің бір туар тұлғалары Р. Нұртазина, А. Ысқақов, Е. Очкур сынды ұстаздар қызметі негізінде жасадық. Олар өз педагогикалық іс-әрекет шыңына жаңашылдыққа ұмтылыс негізінде жетті. Бірақ, инновациялық іс-әрекет, кәсіптік білім мен іскерліктерсіз және тұлғалык қасиеттерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Әсіресе, қазіргі таңда мұғалім шеберлікке қол жеткізу үшін өзін-өзі басқара алуы керек, бойында оптимизм, лидерлік қасиет, тәуекелге бел буа білу, қуаттылык, төзімділік сияқты тұлғалык касиеттері болуы тиіс. Аталған қасиеттер мұғалімді жанашылдыққа жетелейді, жаңаны жасауға ынталандырады.
Педагогикалық шеберлік ұғымына қатысты педагогикада әр түрлі көзқарастар қалыптасқан. Бұл ұғымды әр педагогтар өздерінше қарастырады. Жаңа дәуір педагогы А.Дистервег педагогикалық шеберлікті шынайы оқыту, істі білу, өз ісін, және оқушыларды жақсы көру, педагогикалық қабілеттерден құралады дейді.
Педагогикалық шеберлік – кәсіби педагогикалық іс-әрекетті өзіндік ұйымдастыруды жоғары деңгейде қамтамасыз ететін мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттер кешені. (И.А.Зязюнь)
Педагогикалық шеберлік - қоғамның әлеуметтік мәдениеттік құндылықтарын шығармашылық тұрғыда меңгерудегі жеке тұлғаның рухани-адамгершіліктік, интеллектуалдық дайындығын бейнелейтін және кәсіби іс-әрекетте білім, іскерлік, дағдылардың шығармашылық тұрғыда қолдана алудағы практикалық дайындығын қамтитын жеке тұлғалық қасиеттері. (И.П.Андриади).
А.И. Щербаков педагогикалық шеберлікті – ғылыми білім, іскерлік, дағдылардың, әдістемелік өнер және мұғалімнің тұлғалық сапаларының синтезі деп көрсетеді.
А.И.Щербаков педагогикалық шеберліктің қалыптасуына тұлғаның өзінің толық мәнді қалыптасуы да әсер етеді деп көрсетеді. «Педагогикалық шеберліктің қалыптасуының алғышарты мен негіздері жалпы тұлғаның өзіндік қалыптасуы»,- деп жазып кетеді.
Н.В. Кузьмина шеберлік деп маманға ситуацияны сәтті зерттеуге мүмкіндік беретін кәсіби білім, іскерлік, дағдыларды меңгеруі, осы ситуациядан шыға отырып, кәсіби міндеттерді құрастыруы, оларды ғылым мен өндіріс мақсаттарына сәйкес шеше алуы деп көрсетеді. Ол шеберліктің құрылымы кәсіби білім, іскерлік, дағыдалар және оларды меңгеруі деп анықтайды.
Ю.П.Азаров педагогикалық шеберлік негіздері балаларды тәрбиелеу заңдылықтарын білу деп көрсетеді. Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктері «сезімдер мен техниканың өзара әсерлесуі педагогтың тұлғаға образды эмоциянальды ықпалына әкеледі. Бұл біртұтастық – шеберліктің күші. Сезім мен техниканың арасындағы қашықтағы шекті жеңу шеберлікке жету жолы»,- деп пайымдайды.
В.А.Сластенин бірқатар кәсіби іскерліктердің жоғары деңгейлі дамуы шеберлікті береді дейді. «Теориялық білімдер және оларға негізделген іскерліктер – барлық мұғалімдерге ортақ педагогикалық шеберліктің объективті мазмұны және ең бастысы»,- дейді. Мұғалімнің шеберлігі - педагогикалық процестің жоғары тиімділігін анықтайттын тұлғаның тұлғалық-іскерлік сапалары мен қасиеттерінің синтезі.
Н.Н.Тарасевич «Педагогикалық шеберліктің мәні - кәсіби іс-әрекеттің жоғары деңгейіне қажетті мұғалімнің тұлғалық сапаларының кешені деп қарастырады. Педагогикалық шеберліктің құрылымы мұғалім тұлғасының педагогикалық бағыттылығы, кәсіби білімдер (педагогикалық шеберліктің қалыптасуының фундаменті), педагогикалық іс-әрекетке қажетті қабілеттер, педагогикалық техника.
В.Г.Куценко «Педагогикалық шеберлікті біртұтас әлеуметтік-психологиялық тұтастық ретінде қарастырады, ол белгілі бір, өзара байланысқан және өзара мәндескен компонентерден тұрады, өз кезегінде ол жүйенің арнайы құрамадас бөлігі».
Педагогикалық шеберліктің мәні – әлеуметтік-психологиялық тұтастық, яғни ол педагог тұлғасына қатысты.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы психологиялық –этикалық эрудиция, тұлғаға қажетті сапалар жатады.
Педагогикалық шеберлік кәсіби іс-әрекетті ұйымдастырудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тұлға сапаларының кешені. (Н.А.Морева). Педагогикалық шеберлік оқытушының кәсіби бағыттылығына тікелей тәуелді кәсіби іс-әрекеттердің жиынтығынан құралады. Педагогикалық шеберлік мұғалім тұлғасының белгілі бір сапаларының жиынтығы, олар мұғалімнің психологиялық-педагогикалық дайындығының жоғары деңгейімен, әр түрлі педагогикалық ситуацияларда жылдам шешім таба алуына негізделеді.
Педагогикалық шеберлік негіздері – педагогикалық техника. Педагогикалық шеберлікті «мақсаттар ағашы» ретінде қарастыруға болады, олардың әрбіреуін шешу (мақсаттарды) жиынтығы педагог өнерін дамытады.
Педагогикалық шеберлік педагогтың кәсіби іс-әрекетінде байқалады. Педагогикалық шеберлік – ол қозғалыстағы жүйе, себебі онда қоғамда жеке тұлғаның объективті және субъективті жағдайлары жеке тұлғаның ерекшеліктері бейнеленеді.
Педагогикалық шеберлік негізі бұл адамның жеке басының таланты мен осы талантты дамытуға бағытталған қажырлы еңбегі болып табылады. Әрбір маман шебер болып туа бермейді, бірақ еңбектену барысында шебер болуға болады. Мұғалім мамандығының басты ерекшелігі оның үнемі үлгі-өнге бола білуінде. Сондықтан нағыз мұғалім болуы үшін үнемі шеберлікке ұмытылып отыру керек. Шебер мұғалім атанудың алғашқы қадамы -жоғары оқу орынында басталады, студент өзінің пәнін жетік білуі керек, яғни теориялық материалды терең меңгеруге және оны нақты практикада орындай алуға дағдылануы қажет.
Педагогикалық шеберлік неге негізделеді, оның компоненттері қандай?- деген сұраққа жауап іздеп көрейік.
Педагогикалық шеберліктің құрамдас бөліктерінің бірі білім, іскерлік, дағдылар – олар өз кезегінде шеберліктің негіздері болады.
Білім, іскерлік, дағдылардың кәсіби-педагогикалық мазмұнының құрамдас бөліктері:
1. Кәсіби педагогикалық білім
2. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру тәжірибесі;
3. Педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық тәжірибесі.
4. Педагогтың қалыптасқан тұлғалық сапаларының болуы.
Көріп отырғанымыздай педагогикалық шеберлікті зерттеушілер арасында ортақ пікірдің жоқтығын байқауға болады. Бір авторлар - педагог тұлғасының сапалық ерекшеліктері десе, екіншілері - білім, іскерлік, дағдылар, үшіншілері – сапалық ерекшеліктер мен білім, іскерлік, дағдылардың жиынтығы, төртіншілері – тұлға сапалары мен кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыру деңгейі деп қарастырады.
Келесі бір авторлар педагогикалық шеберліктің құрылымы төмендегідей компоненттерден құралады деп көрсетеді
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық– қызығушылығы, құныдылықтар жүйесі, идеалы;
Педагогтық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық - тәрбиешілердің, мүғалімдердің балаларға адамгершілік-ізгілік қарым-қатынас орнату жағынан жетіле түсуін қажет етеді. Гуманистік бағыттылық жүйесі - педагогтардың балалармен ынтымақтастық, демократтық бағыттағы ізгілі-адамгершілік, сүйіспеншілік қатынас орнату стратегиясы мен тактикасының болуын қажет етеді.
Л.Н.Толстой былай деген болатын:
"Егер мұғалім өзінің балаларға деген сүйіспеншілігін, педагогикалық іс-әрекетпен жалғастыра білсе, ол жетілген мүғалім". Педагогтық іс-әрекетіндегі гуманистік бағыттылық әр жақты бағалы бағдарлар құрады. Олар мыналар:
өзін шебер педагог ретінде танып білу.
педагогикалық әсер ете білу ықпалының болуы.
балаларға, балалар ұжымына деген сүйіспеншілік- ынтымақтастық бейімділігінін болуы.
педагогикалық іс-әрекет мақсатының, гуманистік стратегиясының, тактикасының болуы
- Кәсіби білім – педагогикалық, психологиялық, әдістемелік, арнайы, жалпы базалық білімідері;
Педагогикалық кәсіптік шеберліктің фундаменттік негізі - кәсіптік білім. Мүѓалімнің кәсіптік білгірлігі - біріншіден, өзі оқытатын пәнін терең, негіздей білуге негізделсе, екіншіден сол пәнді оқып тани білетін оқушыларға арналады.
Кәсіптік білімнің ерекшелігі оның комплекстігінде: оған білім мазмүны, оны оқыту әдісі, оны ұйымдастыру принциптері жатады.
Кәсіптік білімнің комплекстігі ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қальштастырады.
Кәсіптік білім - теориялық, технологиялық, єдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагогтар өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.
- Педагогикалық қабілеттер – коммуникативті, перцептивті, эмоциональды тұрақтылық, жоспарлау, жабалау, креативті, аналитикалық және т.б. іскерліктер
- Педагогикалық техника – мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерлігі (жест, мимка, понтолмимика, поза т.б.) және өзара әрекеттесу іскерлігі (педагогикалық қарым-қатынас орната алуы, кері байланысқа түсе алуы т.б.).
Педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы. (А.П.Черняевская)
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері;
2) Ұжыммен жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері.
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері құралады:
- өз денесін басқара алу (физикалық денсаулық, мимика, понтомимиканы бақылай алу, төзімділік );
- эмоциональды жағдайын басқара алу (жағымды эмоциональды көңіл-күй, эмоцияларды білдіре алу т.б.);
- әлеуметтік перцепцтивті қабілеттер (зейін, әлеуметтік сезімталдық – басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау);
- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дем алу, сөйлеу темпі мен тембірін басқара алу, дикция)
2) Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері құралады:
- дидактикалық іскерліктер;
- ұйымдастырушылық іскерліктер;
- коммуникативті іскерліктер;
- талап қою іскерліктері;
- бағалау іскерліктері;
- конструктивті іскерліктері;
- педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері
Педагогикалық техника - мұғалімнің өзін-өзі басқара алу іскерліктері мен өзара әрекеттесу іскерліктерінің жиынтығы.
Мұғалім шеберлігін зерттеу барысында әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық өзара әсер ету тәсілдерінің алар орны ерекше екенін байқалады. Мұғалімнің өзара әсер ету тәсілдерін педагогикада педагогикалық техника қарастырады. Мұғалім өзіне әрқашанда оушыларды белсенді танымдық жұмысқа жұмылдыра алу іскерлігін, ұжыммен, жекелеген оқушымен жұмыс жасай алу іскерліктерін, өз көңіл-күйін, мимикасын, дауысын, қозғалысын басқар алу іскерліктерін меңгере алу іскерліктерін меңгере алу қажет.
Педагогикалық техникалық қарым-қатынас жасау формасы - мүғалімнің іштей ұйымдастырылған сөз әрекеттерімен сырттай ұйымдастырылған ым-ишара, дене қимылы әрекеттерімен ұштасып отырады.
Негізінен педагогикалық техника екі топ компоненттерінің сөйлесуімен жүзеге асырылады.
Бірінші топ компоненттеріне жататындар: өз дене құрылыс пітімін қимыл-қозғалысын басқара білу, келбет-пішінін, қас-қабағы, көңіл-күй сезімімен мақұлдауын, не құптамауын білдіру, сөйлеу шеберлігімен, дауыс ырғағымен дикция-сымен қатынасты үйлестіре білу, әлеуметтік байқағыштық, өз қиялын басқара білу.
Екінші топ компоненттеріне жататындар: оқыту мен тәрбие жұмысын ұйымдастыра білушілік, конструктивтік техникасының болуы. Жеке адамға, ұжымға ықпал ете білу коммуникативтік білгірлік, шығармашылық жұмыс ұйымдастыра білу.
Сондықтан педагогикалық техника дегеніміз - сөз және сөйлеудің басқада құралдары арқылы: адамның келбет-пішіні, дене қимылы басқада да ұйымдастыру формалалары арқылы іс-әрекет қатынасын жүзеге асыру жолдары болып табылады.
А.С.Макаренко былай деген болатын:"Тәрбиеленушілер сенің ойыњды, жүрек сезіміңді ұққандықтан ғана қабылдамайды сені көргендіктен, сені естігендіктен де қабылдайды". Демек, мүғалімнің іс-әрекет техникасы - оны ішкі рухани ой-сезім мәдениетінің көрінуімен бірге эстетикалық әсерлілігімен сырттай көзге түсуінің бірігуі, яки сөйлеу және сөйлеуден тыс қатынас формаларының бірігуі.
Мұғалімдердің негізгі міндеттері аталған педагогикалық техникалық іскерлік қатынас формаларын қолдана білу, әдетте мектепке жаңа келген жас мұғалімдердің уақытша сәтсіздікке ұшырауының негізгі себебі - педагогикалық техникалық іскерлік қатынастарды толық меңгермегендіктерінен болады. Мысалы, сөйлегенде сөйлеу мәнерінің болмауы, дауыс ырғағының біркелкі болмауы, дене қимыл-қозѓалысын дұрыс бағыттай алмауы, жүрсе - ұзақ жүріп кетуі; тұрса ұзақ тұрып қалуы, сөйлегенде дене қимылын, мимикасын қатыстыра алмаушылық, кейде жылдам сөйлеп, кейде тым баяу сөйлеушілік, дауыс ырғағы дикциясының дұрыс үйлеспеуі т.б. Осы сияқты кемшіліктер - оқушыға нәтижелі әсер ете білу өнерінің төмендігін көрсетіп, сабақтың тартымды болып өтуіне кері әсерін тигізеді.
Өз сезімін (эмоциясын) басқару. Эмоциялар психикалық сфераға қатысты адам эмоциясы өте күрделі процесс әрі объективтік шындықтың бейнеленуі ретінде қабылданады. Ол әрдайым адамның белсенді қызметімен байланысты туындап жүзеге асады. Соңғы кезде сезім мәдениеті проблемасының маңызы артты. Бұл өзінің эмоциясын, кез-келген ситуацияда мінез-құлқын басқара білу және басқа адамның орнына қоя білу. Басқа адамныњ сезімін бағалау және құрметтеу. Педагогикалық қызметте әрбір баланың психологиялық ерекшелігін ескере отырып, өзіне-өзі сенімсіз балаларға айрықша көңіл аударып, оқушылардың нерв жүйесінің жеткілікті қалыптаспаѓанын ескере отырьш, олардың көңіл-күйінің, белсенділігінің жоғары болуына мүмкіндік туғызу керек. Адамгершілік сезімді қалыптастыру жеке жағымды қасиеттерге тәрбиелеумен бірге өзін-өзі тәрбиелеумен ұштасады. Әр адам жағымды эмоциялардың қажеттігін түсініп, әркім өзінің мінез-құлқын, әрекетін бақылай білуді үйрену керек. Жағымды эмоцияны тәрбиелеуде мұғалімнің, ата-ананың, ересектердің достардың сөздерінің алатын орны ерекше. Сөз жеке адамға әсер ететін қуатты фактор. Адамдарға сөзбен ықпал ете білуді үйрену, сергектік,ықыластылықќа байланысты. Ықыласты, сезімтал сергек адам өзіне де, басқа адамѓа да эмоциялық әсер етіп, балаларды қуанышты көңілді сезімге тәрбиелей алады.
Мектептегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырып басқаруда мұғалімдердің ең алдымен өз эмоциясын дұрыс басқарып, одан кейін оқушыларды жаѓымды эмоцияға тәрбиелеудің үлкен маңызы бар. Тәжірибеде кейбір педагогтар оқушылар алдында кей уақыттарда өз эмоциялық сезімін басқара алмаушылығы, бет әлпетінен бұлшық еттерінің ұнамсыз рең беруі байқалады. Мұндай жағдай әсіресе жұмысын жаңа бас-таған жас мұғалімдер арасында жиі кездеседі. Олар оқушылардан басқа адамдармен де алғашқы кездесіп сөйлесуінде де абыржушылық, қысылушылық байқалып бет реңінен сезіліп тұрады. Бүл олардың тәжірибесінің аздығынан. Сондықтан педагогтар әсіресе жұмысын жаңа бастаған жас мұѓалімдер өзін-өзі басқаруға, өз сезімін өзі меңгеруге дағдыланып дайындық жасау керек. Ол үшін өзін-өзі жат-тықтыру жұмысымен шүғылданѓаны жөн. Ондай жаттығудың түрі өзін-өзі дайындаѓаны жөн болады, бұл жаттығу өзін-өзі реттеу жаттығуы. Мысалы:
Сіз әрқашанда ұстамды, байыптысыз ба?
Сіздің көңіл-күйіңіз біркелкі ме?
Үйде, аудиторияда, қызмет үстінде сіздің зейініңіз бірқалыпты шоғырланған ба?
Сіз өз сезіміңізді өзіңіз басқара аласыз ба?
Сіз жақын адамдарыңызбен, жолдастарыңызбен ықылас, қошеметті қалайсыз ба?
Сіз оқыѓан материалды тез меңгере аласыз ба?
Сізде алшақтауды қажет ететін қандай қолайсыз дағды бар?
Сіздің кейбір жағдайларда дұрыс істемеген жұмыстарының болды ма?
Міне, осы сұрақтарға "ИӘ", "ЖОҚ" деген сөздермен жауап беру керек. Егер "ИӘ" деген жауап басым, көп болса, сіз өз сезіміңізді басқара алғаныңыз. Егер "ЖОҚ" деген жауап көп болса сіз өз сезіміңізді басқара алмағаныңыз. Егер "ИӘ", "ЖОҚ" деген жауап бірдей болып келген жағдайда сіз өз сезіміңізді басқару үшін, көп жұмыстар істеулеріңіз қажет.
Педагогтың оқу-тәрбие процессі үстінде, аудиторияда, сынып оқушылары алдында өз дене бітімін, қозғалыс-қимылын дұрыс бағыттап ұстап білуі педагогикалық шеберлік тәсілдерін жүзеге асыруға байланысты. Дене бітімін бір қалыпты сымбатты, тұрақты ұстаған мұғалімнің өз ісіне сенімді, ойы тиянақты, айтатын сөзін абыржымай тиянақты мазмұнды бере алатындығын сипаттайды. Өз күшіне, өз біліміне, өз іс-әрекеттеріне сенімділігін білдіреді.
Сондықтан да мұғалім сабақ үстінде дене бітімін тік дұрыс, сымбатты ұстау керек. Әрі-бері орынсыз қозѓалып жүре бергеннен сақтану керек және бір жерде ұзақ тұрып қалуға да болмайды. Сабақ үстінде қақырыну, түкіріну, сіңбіру, өте мәдениетсіздікті байқатады, олар мұғалім үшін өте жат. Отырғанда да екі аяқ арасының аса алшақ болуы дүрыс емес. Мұғалімнің қимылы психологиялық мәнерде болу керек. Қолайлы көңілді кездерде қолыңды кеудеңе келтіріп қошемет көрсету, сыныпќа кіруде, шығуда қолданылуы көңілге жайлы тиеді. Дене қимыл-келбетін ұстай білуге жаттығу үшін физкультура спортпен шұғылданған жөн. Сол сияқты өзін-өзі қабырғада тұрып жаттықтыру және өзіне-өзі оқушы көзімен қарау керек. Мысалы, сөйлер алдында бір қадам ілгері басу оқушылардың зейінін өзіне тартатын болса, бір қадам кейін шегіну азѓана тыныстауды демалыс қалпын ұйғарады.
Келбет - бет пішінді байқатады. Мұғалімнің келбеті -көзқарасы, қас-қабақ қағысы, көзқарасы адамның ішкі сезім, ой дүниесінен көп хабарлар етеді. Келбет өзіңнің ойыңды, сезіміңді көңіл күйіңді білдіретін өнер.
Оқушы сенің бет-пішініңнен, қөзқарасыңнан сенің айтайын деген ойыңды, мақұлдауыњды, не мақұлдамауыңды, қолдамауыњды, не қолдауыңды танып біледі. "Көз -көңілдің ажары" деген мақал осы сияқты жайыттарды аңғартады. Күлімдеп сөйлеу, көздің кішіреюі дене қимылымен жымдасып, қуанышты жағдайды, қошеметтеуді білдірсе, көзді бадырайта қарау, қабақты керу, бет бұлшық етін бедрейту қоштамауды, мақұлдамауды, істің дұрыстығына шүбә келтіруді көрсетеді.
Мұғалім сыныпта сабақ үстінде оқушыларды тегістей көзбен шолып карауға, барлығын көз алдына ұстауға дағдылану керек. Көзбен сынып оқушыларымен байланыс жасап отыру керек. Көзбен оқушыны бейсауат іспен шұғылдануға мүмкіндік бермейтіндей етіп өзіңе көзбен тартып отыру керек.
Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді. Дене қозғалыстарына жест, поза, понтомимика, мимика және т.б. жатады.
Понтомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды.
Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді.
Бейнелеуші жестер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды. Мұғалімнің сабақ барысында қол қозғалысымен әр түрлі бейнелерді жасауы.
Психологиялық жестер – сезімді білдіреді. Мысалы, құптау, ишара білдіру, келіспеу және т.б. білдіретін жестер. Мұғалімнің қарым-қатынасы барысында бейнелеуші жестерден қарағанда псхологиялық жестер көбірек болуы тиіс. Олар берілетін ақпараттың мәнділігіне, ұғынықтылығына әсер етеді. Жест әрқашанда өз орынымен, белгілі бір нормадан шықпауы керек. Қарым-қатынасқа түскенде тым көп қол сермеуді қолдану оқушы зейінінің ауытқуына әкеліп соқтырады және де эстетикалық жағынан да әдемі болып көрінбейді.Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері. Мұғалімнің бет әлпеті тек мимикаларды білдіріп қана қоймай, сонымен бірге оларды жасыра да алуы керек.
Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды.
Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.
Мұғалімнің сыртқы бейнесі.Халық мұғалімі – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол- өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу- тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін- өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу- тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр. Ахмет Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім»,- деген болатын. Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады. Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Педагогикалық әдеп- мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай- ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр- сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Педагогикалық шеберліктің құрылымы
Оқушылар өздерінің мұғалімдерінің қаталдығын, талапкершілдігін кешіре алады, бірақ өз ісін нашар білетіндерді ешқашан кешіре алмайды. Олар педагогтың нақты білім, білігін, бойындағы өнерін, шебер қолдарын, жұмысқа деген жігерін, айқын ойын, тәрбие жөнінен біліктілігін өте жоғары бағалайды. Макаренко А. С. былай деген еді: «Мен тәжірибе арқылы мынадай шешімге келдім, сұрақты тек біліктілікке негізделген шеберлік арқылы ғана шешуге болады».
Педагогикалық өмірбаян әр мұғалімнің даралығын көрсетеді. Кез-келген мұғалім бірден шебер болып кете алмайды. Кейбіреуі, өкінішке орай, орташа мұғалімнің қатарында қала береді. Ал кейбіреулерінде шеберлікке жетуіне жылдар кетеді. Шебер, өзгертуші, жасампаз болу үшін мұғалім педагогикалық үрдістің заңдылықтары мен механизмдерін игеруі қажет. Бұл педагогикалық жүйеде ойлауға, әрекет етуге мүмкіндік береді, яғни, педагогикалық құбылыстарды өздігінен талдауға, оларды құрамдас бөліктерге бөлуге, әр бөлігін ой елегінен өткізуге, оқыту және тәрбиелеу теориясында қарастырылып отырған құбылыстың логикасына сәйкес идеяларды, қорытындыларды, қағидаларды табуға, құбылысты дұрыс диагностикалауға, оның қандай педагогикалық-психологиялық санатқа жататынын анықтауға, негізгі педагогикалық міндетті (проблеманы ) және оны ұтымды шешудің тәсілдерін табуға көмектеседі. Кәсіптік біліктілікті игеру, жетілдіру және педагогикалық қызметтің құрылымын және онымен байланысты теориялық білімдер жүйесі мен практикалық білік, дағдыларды нақты көз алдымызға елестетуіміз керек.
Педагогикалық зерттеулер көрсетіп отырғандай (Н. В. Кузьмина, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков және басқалары), оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің педагогикалық қызметінің өзара байланысты төмендегі түрлері бар:
1. диагностикалық;
2. бағдарлы-прогностикалық;
3. конструкторлық-жобалау;
4. ұйымдастырушылық;
5.ақпараттық-түсіндіруші;
6. коммуникативтік-ынталандырушы;
7. талдау-бағалау;
8.зерттеуші-шығармашылық;
Кәсіптік шеберлікке мұғалім өз қызметінде тек теорияға сүйенген кезде ғана жете алады. Әрине, бұл жолда оған көптеген қиындықтар тосқауыл болады. Ең алдымен, ғылыми теория- бұл жалпы заңдардың, қағидалардың, ережелердің ретке келтірілген жиынтығы, ал тәжірибеде қолдану үшін теориялық ойлаудың кейбір дағдыларының болуын талап етеді, алайда, бұл дағды барлық мұғалімдердің бойынан бірдей табыла бермейді. Екіншіден, педагогикалық қызмет-бұл білімдер топтамасына (синтезіне) сүйенген (философиядан, педагогикадан, психологиядан, әдістемеден және т. б.) толық үрдіс, алайда, мұғалімнің білімдері «сөрелер» бойынша бөлінген, яғни, жинақталған білік деңгейіне жеткізілмеген, бұл педагогикалық үрдісті басқару үшін қажет. Бұл өз кезегінде төмендегідей жағдайға әкеледі: мұғалімдер көп жағдайда, педагогикалық білікті теорияның ықпалымен игермейді, оған тәуелсіз, педагогикалық қызмет жөніндегі, тұрмыстық, ғылымға дейінгі түсініктер негізінде игереді.
Достарыңызбен бөлісу: |