Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет12/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68
Сілтеме: ЮНИСЕФ, 2013 ж.; БЖ – ҚХЖ, 2007 ж.
18


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
балалар» деген сөздерді өзгерте немесе оларды 
қолданудан қаша отырып, оны стигамалау мен 
оқшаулаудан босату үшін терминологияны қайта 
қарау дегенді білдіреді. Бұл орайда мүгедектікті 
әлеуметтік модель тұрғысынан түсіну үшін 
бағдар ретінде әрекет ететін Балалар мен 
жастардың тыныс-тіршілігі мен денсаулындағы 
шектеулер қызметінің халықаралық жіктелімі 
(БЖ ХҚЖ) көмектеседі. БЖ ХҚЖ мүгедектікті 
екі негізгі бағытта: 1) организмнің құрылысы 
мен функциялары тұрғысынан; 2) адамның 
белсенділігі мен қатысуы тұрғысынан қарастыра 
отырып, медициналық модель аясынан шығып 
кететін ДДСҰ жіктелімінің ХҚЖ-ге негізделген 
(2-кірістірмені қараңыз). 
ХКЖ-де анықталғандай, мүгедектік адамның 
тіршілік етуінің бір бөлігі болып табылады – 
әрбір адамда белгілі бір деңгейде мүгедектік 
бар (ЮНИСЕФ, 2013 ж.). ХКЖ – ның неғұрлым 
маңызды ерекшелігі оның мүгедектік пен 
организмнің қызметі әлеуметтік контексте 
өтетінін мойындайтындығы болып табыла-
ды. Бұл - мүгедектікті тиімді анықтау дегеніміз 
неліктен тек организмнің жұмыс істеуіне ғана 
қатысты болмайтынының және қоршаған ор-
таны ескере отырып, әлеуметтік факторлармен 
бірлікте қарастырылуға тиіс екенінің маңызды 
факторы болып табылады.
1.4. Қазақстандағы 
мүгедектігі бар балалар
Қазақстанда 2012 жылы 18 жасқа толмаған 
1,33 пайыз мүгедектігі бар бала саналды 
(ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрлігі, 2012 ж.). Бұл көрсеткіш өңірдегі 
ТМД –ның басқа елдерімен салыстырғанда 
айтарлықтай жоғары. Тәжікстан секілді елдерде 
2012 жылы 18 жасқа толмаған мүгедектігі бар 
балалар пайызы 0,80 болды, Түркіменстанда – 
0,55 пайыз (2005 жылы), Қырғызстанда – 1,25 
пайыз (2012 жылы) және Ресейде – 1,88 пайыз 
(2010 жылы) (Трансмони, 2013 ж.).
Жаһандық көрсеткіштер (ДДСҰ және 
Дүниежүзілік банк, 2011 ж.) егер орта және ауыр 
деңгейдегі мүгедектік көрсеткіштерін ескерсек 
(0-14 жастағы балалар үшін жаһандық деңгейде 
5,20 пайыз), бұл көрсеткіштердің орташа 
әлемдік көрсеткіштен төмен екенін көрсетеді
бірақ егер мүгедектіктің тек ауыр деңгейін 
ескеретін болсақ (0-14 жастағы балалар үшін 
жаһандық деңгейде 0,70 пайыз), дәл сол сандар 
ортадан жоғары болып шығады. Мүгедектігі бар 
адамдар мен балаларды қорғау және қоғамға 
араластырудың халықаралық стандарттарын 
сақтау бойынша өз күш-жігерін жұмсай оты-
рып, Қазақстан 2008 жылы 11 желтоқсанда 
БҰҰ Мүгедек адамдардың құқықтары туралы 
конвенцияға қол қойды. Бұдан бөлек, Қазақстан 
Республикасының заңнамалары мүгедектігі 
бар балаларға әлеуметтік қамтамасыз ету, 
мамандандырылған мекемелер ұсына, тегін 
білім беру (бастауыш, орта және кәсіптік оқыту, 
сондай-ақ осы санатқа жататындар үшін тегін 
жоғары білім беру), медициналық мекемелерде 
мамандандырылған ем алу және т.б. құқығына 
кепілдік береді. Мүгедектігі бар адамдардың/
балалардың құқықтарын зерттейтін көптеген 
заңдар соңғы 2 онжылдықтың ішінде мүгедектігі 
бар балаларды әлеуметтік қорғау үшін берік 
негізді қамтамасыз етуге көмектесіп қана 
қойған жоқ, сонымен қатар олар кезігетін 
мәселелер мен ерекше мұқтаждықтарды ілгері 
жылжытуға да жәрдемдесті. Мұндай мәселелер 
мен мұқтаждықтар бұрын аз ғана талқыланып, 
мүлдем дерлік шешілмегенін айтып өткен жөн. 
Қазіргі кездегі қолданыстағы заңнамаларға 
қарамастан, мүгедектігі бар балалардың 
бұрынғыша күнделікті өмірдегі қиындықтармен 
кездесетіні байқалады. Сейтенова мен Беккер 
(2008 ж.) мүгедектігін жасыратын адамдар 
саны айтарлықтай бар екені (мүгедектік ресми 
билікке хабарланбайды және / немесе ондай 
болып тіркелмейді) туралы қорытындыға келді. 
Бұл негізінен екі басты себепке байланысты: i) 
мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға өтініш 
берген кезде кедергілер көбейді, бұл оны алу-
ды неғұрлым қиындата түседі; ii) мүгедектікке 
қатысты кемсітушілік жағдайлары жиі туындай-
ды, сөйтіп, мүгедектігі бар адамдардың қоғам 
өміріне қатысуына кедергілер жасалады (БҰҰ, 
2009 ж.). Мүгедек болып туылған балалардың 
ата-аналары отбасы стигмаға және қоғамның 
қабылдамауына тап болатындықтан, көп 
жағдайларда баланың мүгедектігі туралы 
хабарлағысы келмейді. (ЭЫДҰ, 2009ж.). 
Қазақстанда білім беру саласында мүгедектігі 
бар балалар мен олардың отбасылары тап 
болатын мәселелер, хабарланғанындай, 
ТМД-ның басқа елдеріндемәселелерге ұқсас. 
Қазақстанда мүгедектігі бар балалардың 
жоғары сапалы білім алуға қол жеткізуіне 
кедергі келтіретін факторлар мыналар-
ды қамтиды: тиісті оқулықтардың болма-
уы, мүгедектігі бар балалар отбасыларының 
кедейлігі, қалалық/ауылдық аудандар 
арасында, білім беру мекемелеріне қол 
жеткізудегі теңсіздік, мектептердің және/не-
месе дайындығы бар мұғалімдер санының 
19


жетіспеушілігі, сондай-ақ осы оқушылар үшін 
тиісті білім беру модельдерінің болмауы (яғни 
жеке көзқарастың болмауы) (ЭЫДҰ, 2009 ж.).
Білім беру мекемелерінен тыс интеграциялану 
да Қазақстан Республикасындағы мүгедектігі 
бар балалар үшін күрделі мәселе болып қалып 
отыр. Мысалы, өз отбасыларында қалуға 
тиіс балалардың қалыпты өмір сүруі үшін 
мүмкіндіктері шектеулі. Көптеген ғимараттар, 
көшелер мен объектілер мүгедектігі бар 
балалардың мұқтаждықтарына бейімделмеген 
(ЭЫДҰ, 2009 ж.). Инфрақұрылым Қазақстан 
Республикасында мүгедектігі бар балалар 
бетпе-бет келетін тағы бір мәселе болып табы-
лады. Көлік, мектеп, медициналық клиникалар 
және т.б. секілді қоғамдық ғимараттар және т.б. 
көбінесе олар үшін қол жетпейтін мәселелер 
болып табылады. Арнайы көліктің болмауы 
және өзінің пәтерінен шығуға дәрменсіздік 
мектептерге барудан бас тартуға және 
қалыпты өмірден шығып қалуға алып келеді. 
Мүгедектігі бар балаларға арналған білім 
беруші мекемелердің көпшілігі мемлекеттік бо-
лып табылады әрі өте нашар жағдайда (ЭЫДҰ, 
2009 ж.). Тасымалдау мүмкін болмайтын 
жағдайлардамектеп-интернаттар немесе үйде 
оқыту (болған жағдайда) білім алудың бірден-
бір мүмкіндігі болып табылады (ЭЫДҰ, 2009 ж.).
Мүгедектігі бар балалары бар отбасылардың 
кедейлігі, сондай-ақ инклюзия үшін тиісті 
жағдайлардың болмауы мемлекеттік мекеме-
лерде тұруға мәжбүр мүгедектігі бар балалар 
санының өсуінің негізінде жатқан себептер 
ретінде анықталады. Мысалы, мекемелерде 
тұратын балалардың көпшілігі кейде ата-ана-
лары бере алмаған тамақтың және киімнің 
берілуіне байланысты болады (ЭЫДҰ, 2009 ж.). 
Мүгедектігі бар балалары бар жалғызбасты 
ата-аналар егер балаларын мекемелерге тап-
сырмаса, жұмыс істей алмайды. Нәтижесінде 
көптеген балалар туғаннан кейін балалар 
үйлерінен орын табады (ОЭСР, 2009 ж.). 
ЮНИСЕФ деректері бойынша, Қазақстан ОШЕ/
ТМД өңіріндегі халықтың жан басына шаққанда 
балалардың институционалдану көрсеткіштері 
жоғары елдердің бірі болып табылады – 5 млн. 
баланың 30 022 астамы балаларға арналған 
мемлекеттік интернаттық мекемелерде тұрады 
(Transmonee деректер базасы, 2013 ж.). 
Есептер Қазақстанда ата-аналардың балаларын 
отбасында өсу құқығынан шектеп, мемлекеттік 
мекемелерге тастау себептерінің бірі мүгедектік 
екенін көрсетеді (Голомолзина тең авторлар-
мен бірге, 2011 ж.). Голомолзинаның тең ав-
торлармен бірлескен баяндамасында (2011 ж.) 
тастанды балалардың шамамен 32% пайызға 
жуық дерлігі ауру және туа біткен патологиялары 
бар екендігі айтылады. Сонымен қатар зерттеу 
институционалдық мекемелер жағдайында тұру 
мүгедектігі бар балалардың дамуына кедергі 
келтіруі мүмкін екенін көрсетті. Бұл әсіресе 
балалардың денсаулығы мен әл-ауқатының 
психологиялық, әлеуметтік, физикалық және 
эмоционалдық аспектілерін қарастырған кезде 
әсіресе өзекті. 
Түрлі мекемелерді Қазақстан 
Республикасындағы әр түрлі мемлекеттік ор-
гандар реттейді. Балалар үйлері қазіргі кезде 
Денсаулық сақтау министрлігінің ведомство-
сында, ал Еңбек және халықты әлеуметтік 
қорғау министрлігі психоневрологиялық ау-
рулармен ауыратын және тірек-қозғалыс 
аппараттарының бұзылыстары бар балаларға 
арналған мекемелерге жауап береді. Білім 
және ғылым министрлігі мүгедек балаларға 
арналған интернаттық түзеу мекемелеріне жа-
уап береді. (Хаар, 2011 ж.). 
Мүгедектігі бар балаларға арналған 
мемлекеттік мекемелер мүгедектігі бар 
балалар инклюзиясы көбінесе мүлдем 
ескерілмейтіндіктен және медициналық 
модельдегі секілді олардың отбасыларының не-
месе қоғамның рөлі алынып тасталатындықтан, 
оңтайлы шешім болып табылмайды. Бұдан 
бөлек, балалар арасындағы зорлық-зомбылық 
пен қызметкерлер тарапынан балаларға жаса-
латын зорлық-зомбылық (түрлі типтердегі ме-
кемелер қызметкерлерінің 51–56%-ы басқа 
қызметкерлердің мекемелердегі балаларға 
зорлық-зомбылық көрсеткенінің куәсі болған) 
мүгедектігі бар балалардың осы мекемелер-
де бұрынғысынша маргиналды күйде қалып 
отырғанын көрсетеді. Зорлық-зомбылық соны-
мен қатар психоневрологиялық аурулармен ау-
ыратын және тірек-қозғалыс аппараттарының 
бұзылыстары бар балаларға арналған 
мамандандырылған мекемелерде де бар (Хаар, 
2011 ж.). Мүгедектігі бар балаларға арналған 
мекемелерде балалардың көбінесе білім алуға 
мүмкіндіктері жоқ (Хаар, 2011 ж.).
Қазақстан Республикасының Үкіметі 
мүгедектігі бар балаларға күтім жасаудың ба-
лама тәсілдерін пайдалануды көтермелейтін 
ынталандыру шараларын әзірлеп, іске асыруға 
кірісті. Мұндай ынталандырулар мүгедектігі бар 
балаларға жәрдемақы беруді көздейді. Бұл 
бағыттағы әрі қарайғы қадам мүгедектігі бар 
балаларға күтім жасау бойынша ата-аналарға/
қамқоршыларға жәрдемақы беру туралы 2010 
жылы басталған алған бастама болды. 
20


Қ
азақстанда 18 жасқа дейінгі мүгедектігі 
бар балалар саны осы жас ерекшелігі 
тобындағы балалардың жалпы санының 
шамамен 1,33 пайызын құрайды (ҚР Еңбек 
және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, 
2012 ж.). Үкімет мүгедектігі бар адамдардың, 
оның ішінде мүгедектігі бар балалардың 
әлеуметтік инклюзиясы саяси міндеттердің ара-
сында бірінші орында деп сендіреді. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 
«Қазақстан-2050: Қалыптасқан мемлекеттің 
жаңа саяси бағыты» стратегиясында бала-
лар құқықтарын қорғаудың маңыздылығын: 
«Балалар – біздің қоғамымыздың ең қауқарсыз 
әрі ең қорғалмаған бөлігі, олар құқықсыз 
болмауға тиіс» деп атап көрсетті. Әрі қарай 
ол индивидтің әлеуметтік кепілдіктері мен 
мұқтаждықтарының тізімін кеңейтудің және 
оған білім беру мен денсаулық сақтауға қатысты 
баптарды қосудың маңыздылығын атап өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет