Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік


терминологиялық аппаратты жетілдіру



Pdf көрінісі
бет5/68
Дата15.09.2022
өлшемі3,63 Mb.
#39197
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

терминологиялық аппаратты жетілдіру 
1) Ұлттық стандарттар халықаралық 
стандарттарға, әсіресе бала мүгедектігі бар 
адам ретінде танылуы үшін балада анықталуға 
тиіс бұзылыстардың ең төменгі деңгейіне 
қатысты сәйкестікке келтірілуге тиіс. 
2) «Дамудағы шектеулі мүмкіндіктерді» 
«мүгедектіктен» ажыратудың нақты стандартта-
ры мен критерийлері бұл санаттардың неғұрлым 
жүйелі түрде берілуін және патологиялары аса 
ауыр емес балалардың қажетті мемлекеттік 
қызметтер мен тауарлардан балаларды айыр-
мауы үшін әзірленуге тиіс. 
3) «Мүгедектігі бар бала» немесе «дамуында 
мүмкіндіктері шектеулі бала» секілді сөздерді 
балаға таңба ретінде басылуын немесе оның 
оқшаулануын болдырмау үшін ауыстыру немесе 
заң терминологиясында қолданудан аулақ болу 
қажет.
Мониторинг жүргізу құралдары
Осы баяндамада білім беру, медициналық 
қызмет көрсету, әлеуметтік қамтамасыз ету, 
әлеуметтік жәрдемақыларға қолжетімділік, 
мүгедектігі бар балаларды қоғамға арала-
стыру, олардың тең мүмкіндіктерін және 
қатысуын қамтамасыз ету секілді салаларға 
қатысты мерзімді түрде бақылау қажет болатын 
көрсеткіштер тізбесінен тұратын техникалық 
қосымша беріледі. 
Қарым-қатынасты өзгерту
Мүгедектігі бар адамдардың көріну 
мүмкіншіліктерін арттыратын ақпараттық-
ағарту және насихат науқандары жүргізілуі 
мүмкін. Мұндай науқандар мүгедектігі бар 
адамдардың мүгедек емес адамдар секілді 
мүдделерінің, мүмкіндіктері мен шектеулерінің 
ұқсас екендіктерін көрсете алар еді. 
Мүмкіндіктерді ынталандыру
Жұмыс істеп жүрген дәрігерлердің, 
педагогтердің және басқа әлеуметтік қолдау 
жүйесінің қатысушыларының мүгедектігі бар 
балалар мен олардың отбасыларына өнімді 
болашағын жоспарлауға көмектесуге дайын 
екендіктеріне кепілдік беру үшін тренингтер 
өткізу қажет. 
9




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет