Мұхамеджан Тынышбаев



бет6/7
Дата01.04.2022
өлшемі1,28 Mb.
#29538
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мұхаметжан Тынышпаев

Қуғындағы ғұмыр

  • Қуғындағы ғұмыр
  • 1906 жылы Верный қаласында Мұхамеджан Тынышбаев атақты фельдшердің қызы Гүлбахраммен отбасын құрады. Бұл некеден Ескендір, Фатанад-Бану және Динар-Зада атты балалары дүниеге келді. Алайда Гүлбахрам тырысқақпен ауырып қайтыс болды. Сол кезде тырысқақтан ауырған адамды өртейді екен. Мұхамеджан Тынышбаев іссапардан келгенде әйелінің көз жұмғанын біледі. Сонда ол балаларының ешқайсысына айтпай, әйелінің басына барып, топырағын құшақтайды. Үйге келгеннен кейін балаларына: «Менің өлгім келді. Өйткені мен өмірімді аналарыңмен ұштастырдым. Қатты жақсы көрдім. Бірақ мен сендер үшін ғана тірі жүремін» деген екен.
  • Өткен ғасырдың 30-жылдары қыздары тұрмыс құрып, ұлы Ескендір Ленинградқа оқуға кеткеннен кейін Мұхамеджан Тынышбаев үйінде жалғыз қалады. Сонда жолдастарының кеңесі бойынша башқұрт қызы Әмина Шейх-Әлиге үйленеді. Бұл некеден Дәулет есімді ұлы дүниеге келді. Бірақ Мұхамеджан ұлы дүниеге келгенде темірторда жатқан еді. Баласының болашағына алаңдап, ұлына өзінің тегін бермесін деген сәлемін жолдайды. «Мен туған кезде әкем түрмеде болатын. Кейін ақталып шыққаннан кейін де айдауда жүрдік. Ташкенттегі, Воронеждегі тұрмысымыз есімде. Менің тілім кеш шыққан. Әкем: «Сенің отаның – Алматы, сен инженер болуың керек» дегенді сол кездің өзінде құлағыма құя беретін. «Менің отаным – Алматы» деп өзі айтып, маған қайталататын. «Мен инженер боламын деп айт» деуші еді. Әттең, ол кісінің бұл өмірден ерте озуына біреулер себепкер болды. Кейін әкемнің аманатын орындап, мен инженер болдым» дейді ұлы Дәулет Шейх-Әли.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет