МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет43/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   155
Байланысты:
Жүрек төрінен орын алған 3 том

қайтар жолда тағы бір мұғжиза
Мұсылмандар Хұдайбияны артта қалдырып, 
Мәдинаға қарай бет алды. Олар әуелі Мәхруз-Зәхран, 
содан кейін Усфан деген жерде ат суытып, түнеді. 
Мұсылмандарда жейтін азық қалмаған болатын. Саха-
34
Мұсылмандардың Хұдайбияда тұрақтаған күнінің он тоғыз күн екені 
де айтылады. Мәдинадан жолға шығып, қайтадан Мәдинаға оралғанша 
өткен күн саны бір жарым ай шамасында екендігі айтылады. Қараңыз: 
Ибн Сәйидуннас, Уюунул-Әсәр, 2/125; Салихи, Субулул-худа уәр-
рәшад, 5/57.


123
Ұмра сапары және Хұдайбия
балар Аллаһ расулына келіп, мініс түйелерді бауыздап 
жеуге рұқсат сұрады. Аллаһ расулы рұқсат берді. 
Бәрі қатты қуанды. Алайда, бұл қуаныш көпке со-
зылмады. Хазірет Омар әлгі сахабалардың әрекеттеріне 
тосқауыл болып, артынан пайғамбарымызға келіп:
– Ей, Аллаһтың расулы бұлай етуші болма! 
Ықтияттылық тұрғысынан артық түйенің болғаны 
абзал. Ертең аш яки жаяу-жалпылап келе жатып 
дұшпанмен бетпе-бет келсек қайтеміз? Егер қабыл 
алсаңыз, қолдағы барлық азықты бір жерге әкеліп үюді 
бұйыр. Бәрі азықтарын бір жерге жисын, сен соған 
берекет дұғасын оқы! Күмәнсіз, Аллаһ сенің дұғаң 
арқылы бізді елімізге аман-есен жеткізеді.
Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
хазірет Омардың 
ұсынысын мақұл көріп, мүміндерге дауыстап, 
қолдарындағы азықтың барлығын алып келуді 
бұйырды. Осы тұста жерге теріден жасалған бір 
төсеніш жайылып, келген азықтың барлығын осы 
төсенішке жимақ болды. 
Ардақты сахабалар қолдарындағы азық-түліктің 
бәрін жүгіре-қабына алып келіп жатты. Келген 
азықтардың арасындағы ең молы бір дорба құрма бола-
тын. Барлығы азық-түлігін алып келіп ортаға үйгенде, 
барлығы лақ көлеміндей ғана шықты. 
Аллаһ расулы мүбәрак қолын жайып, осы азыққа 
дұға ете бастады. Біраз уақыт осылай отырғаннан 
кейін сахабаларына қарап оларға «Аллаһтың атымен» 
осы дастарханнан дәм татып, тамақтануға шақырды. 
Мың төрт жүз кісі кезекпен осы дастарханға келіп, 
бас қойып, тойғанша ішіп-жеп кетіп жатты. Тіпті 
қарындарын ғана тойдырып қоймай, жандарындағы 
дорбаларын да дастархандағы тамаққа толтырып 
алып жатты. Мүміндердің барлығы қарын тойдырып, 


124
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
қоржын толтырып алды. Алайда, бағанағы лақтың 
үлкендігіндей азық-түлік әлі ортаймады. 
Хазірет Омардың себепкерлігімен тағы бір 
мұғжиза осылайша жүзеге асты. Осындай бір 
қиналған кезеңде расулаллаһ өзіне осыншалықты 
нығмет нәсіп еткен Аллаһ тағалаға шексір 
ризашылықпен, қуаныштан жүзі бал-бұл жанып 
тұрды. Тіпті, қатты қуанғаны соншама, сахабалар оның 
маржандай аппақ тістерін де көрді. Осыдан Аллаһқа 
шүкіршілік ету мақсатында:
– Аллаһтан басқа тәңір жоқ екендігіне және менің 
Оның расулы екендігіме куәлік етемін. Ант етемін, 
осы екеуіне иман келтіре отырып, Аллаһқа қауышқан 
кісі күмәнсіз жаһаннам отынан құтылады, – деді. 
Иә, бұл неткен керемет нығмет десеңізші? Сахаба-
лар Аллаһтың расулымен бірге үнемі Аллаһ тағаланың 
иләһи нығметтеріне бөленіп, игілікке қауышумен бола-
тын. Онымен бірге басқан әрбір қадамдары, алдарынан 
шыққан әрбір мәселе, әрбір әрекет иман тұрғысынан 
оларды заңғар биіктерге шығарып, таңғажайып әлемге 
рухани саяхат жасағандай болатын. 
Осындай жағдайда Аллаһ расулы жолға шығу 
үшін қайтадан бұйрық берді. Осы жолы да ғайып 
әлемінің қақпалары айқара ашылып, оларды мейірім 
мен рақымға бөлеп жатқан болатын. Сахабалардың 
қуанышында шек болмады. Құрғақшылық айналаны 
апшыдай қуырып жатқан тұста осынау мұғжизаның 
мәні зор болатын. Сахабалар бейне бір алақандарын 
жайып, арғы әлемнен ағылып келіп жатқан иләһи су-
сындармен шөлдерін қандырып жатқандай күй кешті. 
Үсті-үстіне келген осыншама нығметті көріп, Аллаһ 
расулы сахабаларына бұрылып, соларға арнап сөз 
сөйлеп кетті.


125
Ұмра сапары және Хұдайбия
Аллаһ расулы насихат сөздерін айтып жатқанда 
сырттан үш кісі келіп кірді. Олардың бірі сахабалардың 
арасына еніп, алқаға кірді. Енді бірі алқаның артына 
жайғасты. Үшіншісі теріс айналып ол жерден алыста-
ды. Мұны көріп-байқап отырған Аллаһ расулы 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) 
осы үш кісінің жағдайын да құтпасында 
тілге тиек етті. 
– Мына үш кісінің жағдайынан хабар берейін бе? – 
деп сұрады. Сахабалар:
– Әрине, уа, Аллаһтың елшісі! – деп дабырласты. 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
– Олардың бірі ұялып артқы сапқа ығысты. Аллаһ 
та оның ұялуын құптады. Екіншісі тәубада шынайы 
екендігін көрсетті. Аллаһ оның тәубасын қабыл алды. 
Ал үшіншісіне келсек, ол теріс айналды. Аллаһ та оған 
рақымын төгуді тоқтатып, нұрлы дидарын одан аулақ 
етті! – деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет