Әбу Жәндәл
Екі жақты келісім-шартқа отырып, жазылған
қағазға екі жақтың мөрі басылғаннан кейін екі тарап
бір-біріне қош айтысып өз беттерімен кететін уақыт
та жетті. Екі тарап та үйлеріне қайта оралуға қамдана
бастағанда, алыстан қарауытып бір адамның сұлбасы
көрінді. Келе жатқан кісінің арып-ашып, сүйретіліп
әрең келе жатқаны көрініп тұр. Барлығы содан көз
алмай қарап тұр. Бұл кісінің кім екенін білуге асықты.
Сүйретіле әрең қадам басуы оның кім екенін білгісі
келген жамағаттың әуестігін тіптен арттыра түсті.
Өйткені, мына адамның ілбіп басып, өте баяу келе
31
«Фәтих» сүресі, 48/24.
115
Ұмра сапары және Хұдайбия
жатқаны сонша, жақын арада жететін түрі жоқ. Сыртқы
жағдайынан жараланғаны немесе ажал алдында тұрған
бейшара екені көрініп-ақ тұр.
Көз көрім тұсқа жеткенде отырғандардың барлығы
келе жатқан адамның құрайыштықтар жағынан
келе жатқан елші ретінде келісім-шартқа қол қойған
Сухәйлдің баласы Әбу Жәндәл екенін таныды. Ол
мұсылмандықты қабылдағаны үшін үйде қамалып, ас-
сусыз азапталып жатқан болатын. Мұсылмандардың
Хұдайбияда екенін біліп, осы жаққа қарай қашып
келе жатқан беті екен. Әкесінің үйде жоқтығын пай-
даланып қапастан қашып шығып, жол жөнекей көзге
түсіп қалмау үшін тау-тастың арасымен жалғыз аяқ
соқпақтарымен жүріп отырып, Хұдайбияда Аллаһ
расулы мен сахабаларға келіп қосылатын ойда болған
екен. Аллаһ расулы жаққа әлдеқашан өтіп кеткен ағасы
Абдуллаһтан бастап барша мүміндер мына жайтқа
қатты қуанды. Бейшараның қатты азап көргені көріп
тұр, дегенмен, қиындықтың барлығы артта қалып,
енді мұсылмандар арасына келіп қосылуда. Ол таяп
қалғанда алдынан күтіп алуға тұра ұмтылғандар,
осынау тебіреністі сәтке толқып көзіне жас алғандар
да баршылық еді.
Мына жақта Сухәйл Абдуллаһтан кейін екінші
ұлының да қолынан сытылып шығып, мұсылмандар
қатарына өтіп кететінін ойлап, іші өрттей жанып, әрең
шыдап тұрды. Ашу-ызадан жарылардай болып дереу
ұлы Әбу Жәндалдың жанына барып жағасына жармаса
кетті. Ұлын жағасынан ұстап, қолындағы шоқпармен
ұра бастады. Баласын әбден төмпештеп алғаннан кейін
Сухәйл Аллаһ расулына қарап:
– Ей,
Мұхаммед!
Жасалған
келісім-шарт
негізінде маған қайтарып беруіңді талап ететін ең
116
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
алғашқы адамым осы! – деді. Осыны айтуы мұң екен,
Хұдайбияда жағдай тағы да ушығып, үлкен даудың
оты тұтанғандай болды.
Аллаһ расулы жалғыз болса да бір мүминнің
мүшріктердің қолында қалып қорлық көргенін
қаламады. Сондықтан қолынан келген бар мүмкіндікті
пайдаланып, бұл мәселені шешуге күш салды. Алайда,
Сухәйл ештеңеге көнбеді. Ол:
– Уаллаһи, ендеше арамыздағы келісім мәңгілікке
бұзылды дей бер. Мен енді сенімен ешбір келісім жа-
самаймын, – деп кергіді. Аллаһ расулы мүшріктердің
қолында азапталып, қиындық көріп жатқан бір кісіні
болсын құтқарып қалу үшін тағы бір ұсыныс тастап:
– Ұлыңды маған бер, оны келісім-шарттың тысын-
да деп есептейік, – деп көрді. Сухәйл бұған да келіспей:
– Ұлымды саған бермеймін, келісім-шарттың ты-
сында деп есептемеймін де, ұқтың ба? – деп табан-
дап тұрып алды. Біресе Әбу Жәндәлға, біресе әкесі
Сухәйлге қараған Аллаһ расулы:
– Ей, Сухәйл, менің ұсынысымды қабылдау
қолыңнан келеді, айтқанымды тыңда! – деп өзінің
салмағын салып та көрді. Алайда, Сухәйл одан сайын
қасарысып:
– Жоқ, қолымнан келмейді, – деп ұсыныстан
үзілді-кесілді бас тартты.
Сухәйлдің
қасарысқанына
және
Аллаһ
расулының мұншама табандылығына куә болған
құрайыштықтардың басқа елшілері Хуәйтыб пен
Микрәх ынсаптылық танытып, Әбу Жәндәлді
келісімнен тыс деп есептейік деп Сухәйлді көндірмек
болды, алайда, Сухәйл бәрібір дегенінен қайтпады.
Осы кезге дейінгі жағдайды асқан сабырмен
және байсалдылықпен тыңдап отырған Әбу Жәндәл
117
Ұмра сапары және Хұдайбия
Хуәйтыб пен Микрәх екі қолынан ұстап алып, бір
шатырға қарай сүйрей ала жөнелгенде:
– Ей, мұсылмандар! Араларыңа мұсылман ретінде
келіп тұрғанда, сендер мені мүшріктердің қолына
осылай бере салмақсыңдар ма? Менің қандай халде
екендігімді көріп тұрған жоқсыңдар ма? – деп күллі
Хұдайбиядағылардың аза бойын қаза етіп, айғайлай
бастады.
Расында адамның төбе құйқасын шымырлататын
аянышты жағдай еді. Әбу Жәндәл өзіне бұйыратын
үлкен игілік пен сауаптан бейхабар күйде жанайқайға
басты. Хақ тағаланың өзіне тарту ететін «бәрду-сәләм»
игілігін парықтай алмай, қараптан-қарап мүшріктердің
азабына тастала салғандай сезімге берілді. Осы кезде
Аллаһ расулы оған еститіндей дауыспен:
– Ей, Әбу Жәндәл! Сабыр ет! Игілігіңді бір ғана
Аллаһтан күт! Өйткені, Аллаһ тағала саған да, сен
секілді шарасыз күйде қалған мүміндерге де міндетті
түрде тығырықтан шығатын жол ашып, кеңшілік
нәсіп етеді. Өкінішке қарай, біз қазір мына қауыммен
келісім-шарт жасасып, шарттарын орындау үшін олар-
мен уағдаластық. Енді сол сөзімізден тайқып кете ал-
маймыз! – деп дауыстады.
Аллаһ расулының міндетті түрде бір білгені бар
еді. Күмәнсіз, Аллаһ Әбу Жәндәлге де, сол секілді басқа
да жандарға да міндетті түрде тығырықтан шығар жол
нәсіп етеді. Әбу Жәндәлдің де Аллаһ расулына деген
сенімі берік. Дегенмен, Сухәйлдің де бір ойлағаны бар
болатын. Ол Меккеге оралған бойда бұрынғысы былай
қалып, адам айтқысыз қатыгездікпен баласын азаптау-
ды қайта жалғастырды.
Әбу Жәндәл Хұдайбиядан құлындаған дауысы
құраққа жетіп кетіп бара жатқанда хазірет Омар шыдай
118
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
алмай артынан жүгіріп жетіп, қылышының қынын
ұстап:
– Ей, Әбу Жәндәл! – деп, оған аяушылық таныт-
ты. Мақсаты қылышын қынынан суырып алып, әкесін
сол жерде жайратып салып, Әбу Жәндәлды азаптан
құтқару болатын. Сөйтті де, оған бірдемені ишарат ет-
кендей:
– Өзіңе берік бол, сауабыңды бір ғана Аллаһтан
күтіп, сабыр ет! Күмәнсіз, Аллаһ алдында мүшріктердің
қаны иттің қанынан артық емес! – деп айтып салды.
Дегенмен, Әбу Жәндәлдің хазірет Омарды байып-
тап тыңдайтын жағдайы болмады. Ол құрайыштың
елшілерімен бірге қайтып бара жатты. Осылайша,
келісім-шарт жасалып, сахабалар арасынан Мұхаммед
ибн Мәсләма пайғамбарымыздың әмірімен оның тағы
бір нұсқасын көшіріп, сол нұсқаны Мекке елшісі
Сухәйл ибн Амрдың қолына ұстатты.
Достарыңызбен бөлісу: |