МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет68/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155
қауіпсіздік шеңберінің кеңеюі
Екінші жағынан Аллаһ расулы 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
Мухаййыса ибн Мәсғудты Фадак халқына жіберіп, 
оларды да Исламға шақыруын тапсырды. Өйткені, ан-
72
Сол күні Хабашстаннан келгендер он алты адам болатын, қалған отыз 
төрт адам болса Хабашстанда қалуды жөн көрген. 
Кейбір сахабалар өздерімен Хабашстан мұхажырларын салыстырып, 
өздерінің жақсырақ деңгейде екенін айта бастаған болатын. Бұл 
жағдай Аллаһ расулының құлағына жеткенде расулаллаһ мәселені 
түсіндіріп, Хабашстан мұхажырларының екі есе хижрет сауабын 
алатынын баяндаған. Қараңыз: Ибн Әсир, Усудул-Ғаба, 2\491; Салихи, 
Субулул-Худа уәр-Рәшад, 5\136
73
Атын біле сала «Күннің құлы болмайды» деп, оған «Абдуррахман» 
деп ат қойған Аллаһ расулы 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
кейінгі жылдарда 
оған ұстап тұрған мысықтың баласын көріп «Әба Хирр» деп дауыстап, 
кейіннен хазірет Абдуррахман «мысықтың баласының әкесі» деген 
мағынада әрдайым Әбу Хұрайра деп аталып кетеді. Қараңыз: Хаким, 
Мүстадрак, 3\579 (6141); Ибн Хажар, әл- Исаба, 7\426; Ибн Әсир, 
Усудул-Ғаба, 3\58


196
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
да-санда олардан да әр түрлі хабарлар келіп, Мәдинаға 
шабуыл жасайтын жоспарлары бар екені туралы 
айтылатын. Хазірет Мухаййыса Фадакка барып, 
халқын Исламға шақырды. Сол жерде екі күн болды, 
бірақ Фадак халқы бұған оң қабақ танытпады. Олар 
хайбарлықтардың мұсылмандарды жеңетін күнін күтіп 
жүрді. Тіпті, олардың бірі алға шығып: 
– Нататта Амир, Ясир, Харис және яхудилердің 
мырзасы Мархаб сияқты адамдар бар, Мұхаммед оларға 
жақындай да алмайды. Оның үстіне ол жерде он мың 
әскер де бар, – деді. Аңғарылғаны, бұлар хайбарлықтар 
жеңетін кезге дейін алдандыру әдісін қолданып, Му-
хайыссаны ұстап тұрмақшы. Мұны көрген хазірет Му-
хаййыса кері қайтуға шешім қабылдаған сәтте: 
– Сенімен бірге біз келісім-шарт жасау үшін 
біраз адамдарымызды жібереміз, – деп, тағы біраз 
күте тұруын сұрайды. Өздерінің әдістерін қолдануды 
жалғастырған еді. 
Сол кезде Хайбардан еш күтпеген хабарлар келе 
бастады, қамалдар біртіндеп қирап, сенген батырла-
ры біртіндеп жерге сұлаған еді. Қол-аяқтарын кескен-
дей хабар еді бұлар, олар сол сәтте пікірлерін өзгертті. 
Жағдай қиындаған соң енді жаңа жағдайға сай әрекет 
жасау керек, өте аз зиянмен бұл істен қалай құтылуға 
болатынын есептей бастады. Бұл жолы жетекшілері 
Нун ибн Юша бастаған топпен бірге жолға шығып, 
расулаллаһпен келісімшарт жасасу үшін Хайбарға 
барды. Олар өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету 
шартымен арттарында еш нәрсе қалдырмастан зат-
тарымен бірге жерлерінен кетуді ұсынды. Алайда, 
расулаллаһ 
(саллаллаһу алейһи уәссәлләм)
мұны қабылдамады. 
Тіпті, олардың бұл әрекетін көрген хазірет Мухаййыса: 


197
Даулы Хайбар мәселесі
– Не қолдарыңда соғысатын адамдарың жоқ, не па-
налайтын қамалдарың жоқ, не өздеріңді қорғайтындай 
күштерің жоқ, сендерге не болды? Егер расулаллаһ 
сендерге жүз адам жіберсе, бәрің де сапқа тізіліп, 
берілесіңдер, – деп олардың бұл бос әрекеттерінің 
дұрыс еместігін айтып, сағын сындырмақ болды. 
Алдыңғы 
жақтастарының 
басына 
келгені 
секілді артық қарсылықтың жақсылық әкелмейтін 
түсінген фадактықтар мал-мүліктерінің жарты-
сын мұсылмандарға беру шартына келісуге мәжбүр 
болды. Осыған орай, Фадак жерінің жартысы Аллаһ 
расулының иелігіне өтті. Және бұл жерді қолданатын 
фадактықтар пайғамбарымызға өнімдерінің жартысын 
берді
74
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет