МұхаММед (с а л л а л л а һ у а л ә й һ и у ә с әл л ә м ) 3 Аударған: Ғалымбек Тобашев



Pdf көрінісі
бет95/155
Дата16.11.2022
өлшемі1,98 Mb.
#50491
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   155
Сүхәйл ибн Амрдан келген хабар
Бір жолы Пайғамбарымыз жанына Сүхәйл ибн 
Амрдың мұсылман болғандығы үшін көп жыл қоқан-
лоққы көріп, Бәдірде қапысын тауып мұсылмандарды 
паналаған үлкен ұлы Абдуллаһ жақындады. 
– Уа, Расулаллаһ, – деді, – Бүгін әкем Сүхәйл ибн 
Амр да келсе, кешер ме едің? 
Сүхәйл ибн Амр Аллаһ елшісінің көп жылдан бері 
келуін күткен адамы еді. Әлі Меккеге кірмеген бірнеше 
күн бұрын Ислам дінін қабылдау үшін дайындалып 
жатыр деп хабары жеткен төрт кісінің бірі еді. Анығында 
сол кездерде Сүхәйл, Икрима ибн Әбу Жәхил, Сафуан 
ибн Үмәйя, бәрі мұсылмандарға қалай қарсы төтеп 
берудің жобасын жасап жатқан болатын. Соңында 
қарсы алдарына хазірет Халид секілді кісі шығып, оған 
қарсы тұра алмайтындықтарын түсінгенде, жан-жаққа 
бытырады. Икрима ибн Әбу Жәхил мен Сафуан ибн 


275
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Үмәйя Меккенің сыртына қашса, Сүхәйл ибн Амр Мек-
кеде бір жерде жасырынғанды дұрыс көрген болатын.
Алайда ондай өте белсенді кісінің бұндай маңызды 
күнде қашып, бұқпантайламауы керек еді. Осы себепті 
Сүхәйл ибн Амр да мәрт мінез көрсетіп ұлы Абдуллаһқа 
хабар салып: 
– Мен үшін Мұхаммедпен бас амандығын сұра. 
Өйткені мені бүгін өлтірмеуіне көзім жетпейді, – деп, 
Расулаллаһтың өзі жайлы пікірін білгісі келді. Хазірет 
Абдуллаһтың жеткізген хабарын естігенде күлімсіреген 
Аллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
маңайындағыларға 
естілетіндей дауыспен: 
– Сүхәйл ибн Амрға да бас амандығы берілді, – 
деді. Айтқан сөзінің бұл жерде қалмайтынын білетін. 
Көп жылдан бері келетінін күткен Сүхәйл үшін 
мынаны қоса айтты: 
– Бүгін кім Сүхәйл ибн Амрды жолықтырса, ала 
көзбен қарап, оны ренжітпесін. Ғұмырыма ант етейін, 
Сүхәйл өте ақылды, абыройлы жан. Онсыз да Сүхәйл 
секілді кісінің қараңғы қалыптан айнымай Исламнан 
алыстап қалатынын ойлау қиын. Сірә, бүгін осыған 
дейінгі жүрісінің өзіне еш пайдасы болмағанын түсінсе 
керек. 
Бұны естігенде Абдуллаһтың қуанышында шек 
болмады. Дереу жүгіріп отырып әкесінің қасына барды 
да, естігендерін түгел жеткізді. 
Сүхәйл арадағы айырмашылықты таза көріп тұрды. 
Бәріне қарамастан осы бір пайғамбарға тән ілтипатқа 
жүрегі жібіп сала берді. Сөйтті де еріксіз былай деді: 
– Уаллаһи, ол да үлкен-кішілі барлық жақсылықтың 
иесі. 
Өзі тұрған жерде біршама уақыт ерсілі-қарсылы 
жүрді. Артынан шешім қабылдап, шақырған жерге


276
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Қағбаға қарай беттеді. Келді де, кең мейірімді құшақты 
жақыннан көріп, Расулаллаһтың қасында мұсылман 
болғандығын айтты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет