Иесіне табысталған аманат
Қағбаның кілттері әлі де қолында еді. Оларды
төрелер төресінің қолынан көрген хазірет Али: –
Уа, расулаллаһ, – деп дауыстады. – Қағбаның жа-
буына қатысты қызметпен қоса, кілттерін де бізге
табыстасаңыз.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи
уә
сәлләм)
бұны құптамады. Бұл ұсынысты орынды деп
қабылдамағандығы байқалды. Оған қарап:
– Мен сендерге нығметтерінен пайдаланатын
нәрсені емес, керісінше, өз қалталарыңнан жұмсап орын-
дайтын бір міндет беремін, – деді. Жанындағылардан
анағұрлым көбірек жанқиярлық күтетіні белгілі еді.
Ақы үлестірілетін жерде өз жақындарын ең артта
көргісі келетін. Оның әлемінде онсыз да міндет соны
286
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
сұрағанға берілмейтін. Керісінше сол міндеттен кім
қашса, соған берілетін.
Қағбаның ауласында жүрген Пайғамбарымыз
көзімен хазірет Осман ибн Талханы іздеді.
Жанындағылардан «Осман ибн Талха қайда?» деп
сұрады. Аллаһ елшісінің өзін іздегенін естігенде
хазірет Осман тез келді. Әуелі хазірет Османға:
– Уа, Осман, – деді. – Бұдан бұрын да болғанындай
кілттерді өздерің алыңдар. Бұдан кейін өмір-бақи осы
міндетті алып жүріңдер. Бұдан кейін осы кілттерді
сендерден кім алатын болса, нақ зұлымдық жасағаны.
Әй, Осман! Аллаһ сендерді Бәйтуллаһқа қызметші
етті. Ендеше, осы себепті өздеріңе бұйыртқан
жақсылықтардан адал негізде кәделеріңе жаратыңдар
және бұларды жақсылап сақтаңдар!
Қағбаның кілттерін қайта қабылдап алған хазірет
Османның қуанышында шек жоқ еді. Артқа бұрылып
кетіп бара жатыр еді Аллаһ расулы қайтадан:
– Әй, Осман! – деді. – Не дейсің? Осылай боларын
бұрын мен саған айтпап па едім? Рас па?
Қайтадан Пайғамбарымызға қайтқан хазірет
Осман ибн Талха бұдан бұрынғы жайттарды есіне
алды. Өйткені әлі Мекке кезеңінде бір күні Аллаһ
елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: – Бір күні осы кілттердің
менің қолыма өткенін өзің де көресің. Сол күні мен бұл
кілттерді өзім қалаған адамға беремін, – деген еді.
Уақыт қалай тез сырғып өткен. Расында да сол
күні айтқандары бүгін жүзеге асуда. Аллаһ расулы сол
кілттерді қолына алып өзі қалаған адамына беруде еді.
Сәл ойланғаннан кейін хазірет Осман: – Иә, – деді, –
Сіздің Аллаһтың елшісі екендігіңізге куәлік етемін!
Әрине, кілттерді хазірет Османның қолынан алмақ
емес. Өйткені Жәбірейіл-әмин жеткізген сөзде аманат-
287
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
тарды иесіне беру айтылыпты
109
. Аллаһ елшісі кілт
мәселесіндегі соңғы түйінді сөзін айтты:
– Кілттер сенікі болсын. Қайткенмен бүгін
жақсылық пен опалылық таныту күні емес пе?!
Бұл кезде Хұзаға тайпасы мен Хүзейіл арасында
келіспеушілік туындап, Хүзейліктерге шабуылдаған
Хұзалықтар тағы да қан төккен еді. Бұны естір-естімес
Аллаһ елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
арқасын Қағбаға беріп,
жұртқа қарады да әуелі Жаратушыға шүкіршілік,
мақтау айтып былай деді:
– Уа, Хұзаға қаумы! Енді адам қанын мойындарыңа
жүктеуден қолдарыңды тыйыңдар. Уаллаһи, әлдеріңнен
асып барасыңдар. Сендер өлтірген мына адамның
құнын өзім төлеймін. Мына Хыраш не деген қанышер!
Егер мен бір кәпірге тең етіп бір мүминді өлтіретін
болсам, Хырашты өлтірер едім!
Уа, адамдар! Аллаһ Меккені көктер мен жер, күн
мен ай, мына екі тауды жаратпай тұрып харам еткен.
Оны адамдар харам етпеді. Керісінше харам еткен
Аллаһ әрі бұл харам ету қиямет күніне дейін жалғасады.
Аллаһ пен ақырет күніне иман еткен адам үшін бұл
жерде қан төгу, осы жердің ағашын шабуға ешқашан
рұқсат етілмейді. Бұлар маған дейін де ешкімге рұқсат
етілмеген. Менен кейін де рұқсат етілмек емес. Тек
қағидадан тыс маған бір сағат (Меккеліктерге деген
иләхи ашу себепті) рұқсат етілді. Бұл құрмет бұрынғы
жағдайына қайта келді. Бұны осы жердегілер басқаларға
жеткізсін. Кімде кім «Бұл жерде Расулаллаһ соғысқан»
десе, сендер оған «Аллаһ тағала елшісіне уақытша ғана
соғысуға рұқсат етті, алайда сендерге рұқсат жоқ» деп
түсіндіріңдер.
109
«Ниса» сүресі, 4/58.
288
Жүрек төрінен орын алған теңдессіз тұлға Мұхаммед (с.а.с.)
Уа, адамдар! Адамдар арасында Аллаһтың ақысын
ең көп аяқ асты еткендер, Харамда кісі өлтірген немесе
өлтірушінің басқасының өмірін қиған не жахилия
сезімімен өш алғысы келіп, басқаларды өлтіруге
жарысқандар.
Егер менің осы сөздерімнен кейін әлдекім басқаны
өлтірер болса, оның қамқоршы жақынына мына екі
істің бірін таңдау еркі беріледі: егер қаласа құнын
толық алады, қаласа, өлтірген кісіге қысас жасап
өлтіртеді.
Ардақты расул осы хұтбасымен адам құқын
аяқасты еткен түсінікке қарсы ұстанымын анық
көрсетті. Бұдан кейінгі кезеңде қоғамның саулығы
үшін қылмыс жасағандарға қарсы қатаң шаралар
қолданатынын жариялады. Сол күні пайғамбарлар
төресі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
еш қатыспаса да, өзін
осыншалықты ашуландырған әлгі қылмыс үшін
жүз түйе құн төледі. Осылайша тайпалар арасында
жалғасуы мүмкін құн дауының алдын алды.
Тіпті сол күні Аллаһ елшісі осыған ұқсас
қажеттіліктерді өтеу үшін Абдуллаһ ибн Әби Рабия,
Сафуан ибн Үмәйя мен Хуайтиб ибн Абдулұззадан
қарыз алып, олар да Пайғамбарлар мырзасына жалпы
алғанда жүз отыз мың дирхам қарыз берді. Шын-
туайтында сол күні бұлардың ешбірі әлі мұсылман
болмаған еді. Осыған қарамастан олар Аллаһ расулына
толық сенім артты. Кейіннен өздеріне кері төленетінін
біліп Расулаллаһқа Абдуллаһ ибн Әби Рабиямен Хуай-
тиб ибн Абдилұзза төрт жүз, Сафуан ибн Үмәйя да бес
жүз дирхам қарыз берді
110
.
110
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл қарыздарын Хауазиннен
қайтқанда төлеген. Төлеп жатып: – Күмәнсіз, алынған қарыздың қайтарымы
рақмет айтып, оны қайтарып беру, – деп, қарыз берген адамдардың малы-
на берекет берсін деп Аллаһқа дұға еткен. Уақиди, Мағази, 1/863; Салихи,
Субулул-хүда уәр-рәшад, 5/258.
289
Келісімнің бұзылуы және жеңістің сүйінші хабары
Достарыңызбен бөлісу: |