МҰхтар әуезов (1897-1961)



Pdf көрінісі
Дата21.02.2017
өлшемі296,63 Kb.
#4649

МҰХТАР ӘУЕЗОВ

 

(1897-1961) 

          

М.Әуезов  туындылары  әлемдік  әдебиеттің  айдынына  мөлдір  бұлақ 

болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды. 

Мұхтар  Омарханұлы  Әуезов  казіргі  Шығыс 

Қазақстан  облысының  Абай  ауданында  1897 

жылғы 


28  қыркүйекте 

дүниеге 


келді.  Әкесі 

Омархан,  атасы  Әуез  Абай  ауылымен  іргелес 

отырып, 

айналасындағы 

адамдармен 

досты


қ 

көңілмен  араласа  білген. Әуездің  өзі  Абайдың 

өлеңдерін  сүйіп  оқыған,  түрік,  парсы әдебиетінен 

хабары  мол,  ескіше  сауатты,  еліне  қадірлі  адам 

болған. 

Атасы  Әуез,  әжесі  Дінәсіл  немерелеріне  Абай өлеңдерін  кайта-қайта 

айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы:  «Бір қыс, бір жазда Абайды 

түгелге  жақын  жаттап  алдым», –  деп  кейін  еске  алады.  Бұл  жас  Мұхтардың 

мейірін  қандырған  қайнар  бұлақтың  мөлдір  суындай  болып,  оның  болашақ 

өміріне,  шығармашылық  тағдырына  игі  әсерін  тигізеді.  Атасы Әуездің 

жәрдемімен,  бір  жағынан,  сол  кезде  ел  арасына  көп  таралған  қиссалар  мен 

аңыздарды,  өлең-жырларды,  екінші  жағынан  Абайдың  шығармаларын  көп 

тыңдап,  жаттап өскен  Мұхтардың  бойында  көркем  әдебиетке  деген  ықылас, 

құмарлық ерте оянды. 

1928  жылғы  «Өз  жайымнан  мағлұмат»  атты  өмірбаянында  жазушы: 

«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен 

асым,  алған  нәрімнің  барлығы  да  Абайдан.  Таза әдебиет  сарынына  бой 

ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері 

бар  сияқты.  Абайды  сүюім  үнемі  ақылдан  туған,  сыннан  туған,  сүйіс  емес, 

кейде  туған  орта,  кір  жуып,  кіндік  кескен  жерді  сүюмен  барабар  болатыны 



бар» деп жазды. 

Осы  сөздердің  өзінен-ақ  жазушының  бүкіл  шығармашылығына,  жан-

дүниесіне  Абай  туындыларының  әсер-ықпалы,  үлгі-өнегесі  айрықша  екені 

көрінеді.  Әкесі  қайтыс  болғаннан  кейін  он  бір  жасар  М

ұхтар  Семей 

қаласында  ағасы  Қасымбектің  тәрбиесінде  болып,  1908  жылы  бес  жылдық 

орыс  училищесіне  түседі.  Оны  бітірген  со

ң  төрт  жылдық  мұғалімдер 

семинариясында  оқып,  1919  жылы  бітіріп  шығады.  Бұл  кезең  жазушының 

ғылым-білімге  деген  ізденісі,  орыс әдебиетімен,  Батыс  Еуропа әдебиетінің 

таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды. 

Семинарияның  орыс  тілі  мен әдебиеті  пәнінің  окытушысы  В.Попов өз 

естелігінде:  "М.О.Әуезовпен  тұңғыш  рет  1916  жылы  таныстым.  Алд

ыңғы 


партада  отыратын  он  сегіз  жасар  сыпайы,  сұлу  жас қазақтың  денесі  сыптай 

түзу,  киімі  сәнді,  тап-таза,  қою  шашы  қап-қара,  кең  маңдайы  кере  қарыс, 

қоңырқай  жүзі  байсалды,  маңғаз,  көзінде  ақыл  тұнып  тұр...  Қадір-қасиеті  өз 

ортасынан  өзгеше 

бөлек 

осы 


жігіт 

орысша


ға  өте-мөте 

жетік. 


Ал 

эрудициясына  бәріміз  таң  қалатынбыз», – дейді.  Бұдан  болашақ жазушының 

жан-жақты  білімі,  жоғары  мәдениеті,  қарапайымдылығы  мен  адалдығы, 

ойының  тереңдігі  семинария  қабырғасында  жүрген  кезінде-ақ  ерекше 

байқалғанын көреміз. 

1919  жылы  Мұхтар  Әуезов  семинарияны  бітіріп  шығып,  бірыңғай 

әдеби  кызметпен  шұғылдана  бастайды.  Ауыз әдебиетінің  асыл  нұсқаларын 

өңдеп,  қазіргі  өскелең  өмір  талабына  сай әдебиеттің  қажетіне  пайдалану 

үлгісін  өзінің  жазушылық  тәжірибесімен  көрсетті.  «Еңлік–Кебек»,  «Айман–

Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі. 

М.Әуезов 

1928 


жылы 

Ленинград 

унив

ерситетінің 



филология 

факультеті, 

Ташкент  қаласындағы 

Орта 


Азия 

университетіні

ң 

аспирантурасын бітіреді. 



1917  жылдан  басталған  алғашқы  шығармаларының  өзінде-ақ  жазушы 

қазақ елінің тіршілігі мен тынысына зер салып, терең үңіліп зерттей отырып, 

көптеген  тарихи  және  әлеуметтік  мөселелерді  көрсетуге  күш  салды.  Бұл 


М.Әуезов 

талантының  жан-жақтылығын, 

білім-дәрежесінің  молдығын 

танытты. 

1917  жылы  алғашқы  шығармаларының  бірі  –  «Қазақтың  өзгеше 

мінездері»  Ташкентте  шығатын  «Алаш»  газетінде  жарияланды.  «Адамдық 

негізі – әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды. 

Бұл 


мақалаларында 

казақ 


халқының 

ғасырлар 

бойы 

талай 


қиыншылықтарды  басынан  өткізіп  күресе  білгенін,  сонымен  бірге  к

ейбір 


мінезіндегі  сүйекке  сіңген  жаман  әдеттерден  арылу  оңайға  соқпайтынын 

дәлелдеп  ашып  көрсетеді.  Мысалы,  ел  арасындағы  парақорлық,  жалқаулық, 

сауатсыздык,  т.б.  сияқты,  түрлі  келеңсіз  әдеттерді  сынай  келе,  солардан 

құтылудың  бір  жолы  оқып-білім  алуда  жатқанын  айтады.  «Жалғыз-ақ 

үмітіміз,  қаруымыз  –  оқығандарда.  Оқығандар  ендігі  жас  балаларды өздері 

үлгі  болып,  надандықтан  шығарып,  адамшылықтың  жарық  жағына  сүйреуге 

міндетті.  

Соларға  «қазақтың  мінезін  тастап,  айнымай қажымай,  таза  жүрекпен 

кемшіліктерге  қарсы  тұрып,  бірлік  жібіне  жармасуынан

  басқа  не  тілей 

аламыз» деп жазған еді.

 

 



М.Әуезовтің шығармашылығы

  

«Адамдық  негізі  –  әйел»  атты  мақаласында  автор  әйелдің  қоғам 



өмірінде  атқарар  рөлін  дәлелдеп,  ашып  танытады. 

Әйелді  қоғамдық  ортаның  ұйтқысы  ретінде  бағалайды. 

Әйел 

басында


ғы 

т

ұман 



айы

қпай, 


халы

ққа 


адамшылықтың бақытты  күні  күліп қарамайды. Өйткені 

адам 


қоғамындағы 

адамгершілік 

ана 

т

әрбиесінің 



нәтижесі.  Ал  өмірде  әділет,  мархабат,  махаббат  деген 

нәрсенің 

атын 

естімеген 



ананы

ң 

адамдыққа 



тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ? 

«...Ал,  қазақ,  мешел  болып  қалам  демесең,  тағылымыңды,  бесігіңді 



түзе!  Оны  түзейін  десең,  әйелдің  халін  түзе!»  –  деп  нақты,  дәлелді 

тұжырымдайды.  М.Әуезов  казақ  әйелінің  бүкіл  болмысына,  жан-дүниесіне, 

сезім  сырына  терең  үңіліп,  ерекше  ықыласпен  суреттей  білді. Әдебиеттің 

өшпейтін, мәңгілік тақырыбы – әйел болса, оны жан-жақты танытып, әсемдік 

әлемін жеткізе бейнеледі. 

Әсіресе,  адамды  өмір  сүруге  ұмтылдыратын,  сол  өмірді  сүйіп, 

бағалауға  тәрбиелейтін  «Абай  жолы»  сияқты  таңғажайып  шығармада,  жан 

тебірентер  әр 

түрлі  қылық-мінездерімен, 

іс-әрекеттерімен 

бірін-бірі 

қайталамай 

толықтырып 

отыратын,  қиналыс-ізденісі, 

сүйініш-күйініші 

еріксіз елжіретіп, өзіне тартатын бір топ әйелдер бейнесін жасады. 

Алғашқы  басылымдарынан-ақ,  жас  Мұхтардың  ой-өрісінің  кеңдігі, 

білім  дәрежесінің  молдығы  қалыптаса  бастаған  азаматтық  парасатының 

шамасы жақсы аңғарылады. 

1917  жылы  «Еңлік–Кебек»  пьесасы  қойылып,  «Алаш»,  «Сарыарқа» 

газеттеріңде,  1918  жылы  «Абай»  журналынд

а  жиырмаға  тарта  еңбектері 

басылды.          

Қазақ  топырағында  драматургиялық  дәстүрінің  жоқтығына  қарамай, 

басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, жанр шарттарына толық сай келетін 

«Еңлік-  Кебек»  трагедиясын  жасай  білді

.  Драма  заңдылықтарын  жете 

меңгергенін танытты, оның ірге тасын қалады. 

«Еңлік–Кебек»  пьесасы  Әуезов  шығармашылығында,  қазақ  әдебиеті 

тарихында да айрықша орын алады. 

1917  ж.  мамыр  айында  Ойқұдық  жайлауында  Абайдың  аяулы  жары 

Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды. 

Пьесаның  негізгі 

мазмұны:  Әуезов 

туып  өскен 

Абай 


елінде, 

Шыңғыстау  жерінде  XVIII ғасырдың  сексенінші  жылдарында  болған  қанды 

оқиға:  бір-біріне  жауласқан  екі  елдің  батыры  Кебек  пен  ару қызы  Еңліктің 

бірін-бірі  сүйіп  табысқандарын  екі  жақтың  да  билеушілері  кешірмейді. 

Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп,  жан түршігер шешімге  келеді де, екі 

жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді. 



Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға 

жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге 

әкелді.  «Еңлік–Кебек»  пьесасын  автор  бірнеше рет  өңдеуден  өткізіп, 

толықтырудың  арқасында  шытырман  о

қиғасы  шыңыраудай  терең,  тіл 

көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды. 

Пьеса  өзінің  өзек  жарды  сырын  тол

ғайтын 


Абыз  монологінен 

басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар 

береді. 

Абыз  –  халық  арманының  қасиетті  идеясын  арқалаушы  жан.  Мысалы, 

мәтінге үңілсек: 

  

Құйрығы жоқ, жалы жоқ  



Құлан қайтіп күн көрер. 

Аяғы жоқ, қолы жоқ 

Жылан қайтіп күн көрер! 

  

Жазушы  Абыздың  осы  толғауынан  белгілі  Асан қайғының  үніне  үн 



қосып айтқан сөздерімен ұластырады. 

  

Тұнығым ылай болды, 



Уа, тұнығым ылай болды. 

Қуғыншым кұмай болды 

Құтылар кайран жоқ,  

Сор қамар сыңай болды... (Асанша )  

Алданар жоқ, арман көп.  

Кәрім қайтіп күн көрер! 

Жарастық жоқ, жалын жоқ, 

Жарым қайтіп күн көрер! 

Барары жоқ, байлау жоқ, 

Ерім қайтіп күн көрер! 



Бәріңнің де нәрің жоқ, 

Елім кайтіп күн көрер?.. 

  

Бүкіл  халқының  ой-арманын,  мұң-шерге  толған  тағдырын  зарлап, 



күңірене  жеткізуі  тыңдаушыға  ерекше  әсер  ететіні  сондай,  Абызбен  бірге 

толғанып,  үн  қосып  күңіренесің.  Іштегі  шерді  сыртқа  шығарғың  келгендей, 

жалын атып аһ ұрасың, күрсінесің. 

Абыз  –  имандылықтың  насихатшысы, 

бұл  –  пьесада 

халық 


даналығының  символы  ретінде  көрінеді.  Драмада әр  кейіпкер  сөзі  өзін  таны 

деп тұрғандай.

 

Батыр Кебек пен б

атыр Есен

 

  

Батыр  Кебек

. ...Өз  көңілімді  барласам,  дүние  бәрі  дос.  Жарқыраған 

күн  де  дос,  тұнжыраған  түн  де  дос.  Бәріне  де  жаным  шат!...  Сүйерім  мен 

сүйсінерім мүлде көп. Саусақ құрам – ән сүйем, 

жалын  ұрам  –  жар  сүйем.  Қазірде,  міне, 

сүйгендеймін,  ынтығамын.  Бірақ  қайда  сол,  кім 

сол  өзі,  кезікпедім,  таппадым.  Тек алдымда 

нәркес  қана  қара  көз.  «Ізде  мені,  тап  мені!» – 

деп,  тұнжырап  қана  бір  қарап,  наз  тастап қана 

бір кетеді!..  

Бұл сөздер жалғыз Кебек сөзі емес, Кебек 

сияқты жас адамның ішкі толғанысы, жан сыры 

екені  толық  көрініс  береді.  Пьесада  батырдың  жігіттік  адамдық  қасиеттері, 

ақыл-парасаты  Еңлік  сөзіне  берілген  жауаптан  анық  байқалады.  Драманың 

барысы  халық  поэзиясының  дәстүрлі  ізімен  астасып  жатыр.  Еңліктің  ата-

анасымен  қоштасу  өлеңінен  мұң  боп  төгілген  көздің  жасын  көреміз.  Жылап 

тұрса  да  ертеңіне  үміт  артқан  Еңліктің  жүрек  жарды  сырын  танимыз. 

Мысалы: 

  


Ата-анам ақ батаңды аттап кеттім,  

Тентек ел талқысына тастап кеттім.  

Болсам да шұбар жылан іштен шыққан,  

Қарғамас деген сенім сақтап кеттім.  

Туған ел, амандасам жас-кәріне,  

Бірге өскен құрбы-құрдас, дос – бәріңе.  

Жарасқан әзіл-сауық аға, жеңге,  

Аласың мені не деп естеріңе!  

Аман бол, Найза шоқы, тоғайлы өзен,  

Өрістен қой асатын тұмсық кезең.  

Бөрлі мен батыр шыққан Қарауылым,  

Ен дала көркі болып жалғыз бізбен.  

Білмеймін қандай асу жолда жатыр.  

Құз бе екен, қиял ма екен таңдай татыр.  

Сиынып аруақ пен бір құдайға,  

Ұстадым етегіңнен баста, батыр! 

  

Енді бірде жас ару: 

  

Жар көрсе сүйінеді сағынған жас. 



Толқытпай ауған көңіл ерікке қоймас. 

Сұраймын уәдені ұстап келді ме деп,                           

Бауырына, жан батырым, айтшы жартас! – 

  

дей келе, өз құпиясын білдіреді. 

...Мен  төкпеген  жас,  шертпеген  шер  бар ма  еді  бауырыңда.  Игілік  пен 

сәті сәскеде келтір жалғыз арман жанымды...жалғыз тірек жарымды!.. 

Алып  ұшқан,  асқақ  албырт  сезімді  танып, қыз  жүрегінің  лүпілін 

естігендей әсерге бөленеміз. 

Еңлік  мінезінің  ұстамдылығы,  аз  күндік қызыққа  қызығу  емес,  баянды 


сүйіспеншілікті  аңсаған  жүрек  дүрсілі,  арман-тілегі  Кебек  пен  арада

ғы 


диалогте 

жақсы 


ашылған. 

Осының  бәрін 

жазушы 

мейлінше 



к

өркем 


бейнелейді.  Сөз  сиқыры,  суреткерлік  шеберліктің  құдіретті  күшін  тани 

түсеміз. 



Батыр  Есен

.  Ол  даңғой,  мақтаншақ,  өркөкірек,  оңай  алдауға  түсіп 

қалар аңғал түрінде суреттеледі. 

Абыз сөзіне  тосылып жауап  таппай сасқалақтаған  түрі... «Болды, баба! 

Тоқта, баба, толас бер. Жеңілдім, жеңдің сен мені...» 

Ел  намысы  үшін  жаумен  егесудің  орнына,  өзіндей  батыр  Кебекпен 

бәсекелесуінен  Есеннің  үйтентек  (ұсақ)  батыр  екеніне  шүбә  келтірмейміз. 

Бұл азаматтыққа үлкен сын екенін түсінген оқырман тағы еріксіз ойланады. 

«Еңлік–Кебек»  пьесасы қазақ  әдебиетінде  ғана  емес,  тарихы үлкен  ірі 

әдебиеттердің  осы 

жанрдағы  үлгілерімен 

теңдес 

түсетін 


шығарма. 

М.Әуезовтің  драматургия  саласындағы  еңбегі  қазақ  көркем  өнерін  ілгері 

дамытуда, ұлттық театр шаңырақтарын көтеруде ерекше рөл атқарды. 

Драма  театры  1926  жылы өзінің  шымылдығын  тұңғыш  рет  «Еңлік–

Кебек» трагедиясымен ашады. 

Әңгіме  қазақ  әдебиетінде  нағыз  көркем  жанр  ретінде  М.

Әуезов 

суреттеуінде жаңа тың, өзгеше сипатқа ие болды. 



Жазушының  еуропалық  прозаның  деңгейіндегі 

алғашқы 


көркем 

шығармасы  1921  жылы  жазыл

ған  «Қорғансыздың  күні»  атты  әңгімесі. 

Жазушы  өмір  шындығын,  заман  сипатын,  адамны

ң  тіршілік-тынысымен 

байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-

ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. 

Тағдыр  тауқыметін  арқалаған  жүдеу  үйдегі  соқыр  әйел,  кәрі  әже,  жас 

қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты 

қатыгез,  жауыз  болыс  қана  міз  бақпай,  өзінің  айуандық  бет-пердесін 

біртіндеп 

ашады. 


Жас  қызды 

зәбірлеп, 

зорлық  көрсетуі 

Ақанның 


азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман 

Ақан,  Қалтай  сияқтылардан  ешқандай  жақсылық  күтуге  болмайтынын 



түсініп,  ұғынады.  Қорлыққа  жаны  төзбеген,  жауыздықтың  құрбаны  болған 

Ғазизаның  әкесінің  моласына  барып, үсіп  өлуі  себебін  жазушы өте  анық  та 

дәл  шебер  суреттейді:  «Бұлардың  басынан  тағдырдың  дауылы  жаңадан ғана 

соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіт сол дауылдың салдарынан туған. 

Бұл  әйелдердің  қуаныш-қызығы  да,  үміт-қорғаны  да  сол  суы

қ  қабірге 

өліктермен  бірге  көмілген.  Ол  қабірде  жатқан  –  Ғазизаның  әкесі  –  Жақып 

және жалғыз кішкене бауыры – Мұқаш». 

«...  Ғазизаның  шашы  азырақ  дудырап  қапты.  Денесінің  жартысын  қар 

басқан.  Әкесінің  бейітіне  жабысып,  қасіретті  өмірдің  ақырғы  қуатын  сол 

жерге  берген  екен. Өлер  сағатына  шейін қабағын  басқан  қайғы  бұл  уақытта 

ыдыраған,  ізі  қалған  жоқ.  Балалық  жүзінде:  «Менде  жазық  жоқ,  мен 

тазамын»  деген  ашық  тазалықтың  белгісі,  қайғы  -  қасіреттен  сейілген  жас 

баланың ажары бар». 

Әңгімеде  жазушы  ескі өмірдің бір  елесін  көрсетіп,  пасық  әрекеттерден 

аулақ  болуға  оқушыға  ой  салады.  М

ұнда  автордың  ең  негізгі  түйін-

тұжырымы –жауыздық ешқашан да адамшылықты, тазалықты жеңе алмайды. 

«Жетім» әңгімесінде жетімдік тауқыметін тартқан он үш жасар Қасым, 

өгейлік  тепкісінен  қашып,  әке-шешесінің  зиратына  келіп  қаза  табады. 

Қараңғы  түндегі  табиғат  құбылысы  үрейі  ұшқан  баланың  ішкі  сезімімен 

тұтасып,  өте  әсерлі  бейнеленген.  «...Бір  мезгілде,  Қасым  қорқып,  дірілдеген 

жүрекпен  маңайына  жалтақтап  әр  нәрседен  үркіп  келе  жатқанда,  күн  жарқ 

етті...»  Жетім  балаға  рахымсыздық  жасаған  тас  бауыр  жандардан  мейлінше 

түңілесің.  Сондай-ақ,  сол  кездегі өмір  шындығын  жете  тануға  итермелейтін 

әмеңгерлік  салтқа  лағынет  айтқан  Рабиға  "(Қыр  суреттері"),  құса  болып  – 

өмірін қиған Ғазиза ("Кім кінәлі?"), т.б. – бұлардың тағдыры бір-біріне ұқсас 

болғанмен,  әрқайсысы  өмір  талқысында  өзіндік  ерекшелігімен  әр  қырынан 

көрінеді.  Бұл  әңгімелердің  бәрінде  жағымды  кейшкерлер  б

ір-бірімен 

тағдырлас, қорғансыз, жетім, жесір, көкірегі мұң шерге толған аяулы жандар. 

Жазықсыз  құрбан  кейіпкерлер  тағдыры  бұлай  болып  қала  бермейтініне 

жазушы  үлкен  үміт,  сеніммен  қарайды.  Бізді  де  сендіреді.  Б

ұлардың 


аянышты  халінен  құтылудың  жолы,  азаттық  үшін  күрес  екенін  автор 

шындықты  шынайы  суреттеу  арқылы  жетеді.  Ол  «Қараш-Қараш  оқиғасы» 

хикаятында  анық  көрініс  тауып,  әлеуметтік  теңсіздік  тартысы  үлкен 

суреткерлік  күпшен  бейнеленеді.  Демек,  алғашқы  мақала,  алғашқы  әңгіме, 

пьесаларының өзінде-ақ М.Әуезов ешкімге ұқсамайтын өзіндік даралығымен, 

көреген  білімпаздығымен  танылды.  Өмірді  жан-жақты  қамтып,  терең 

сипаттаған бұл дүниелер – жазушының реалистік қол таңбасының айғағы. 

М.Әуезов  қаламынан  туған  30-40  жылдардағы  әңгіме,  хиқаяттардың 

қай-қайсысында болмасын  кездесетін  терең де  нәзік  психологизм, өзгеше үн 

мен  тіл  көркемдігі,  жаңа  сапа,  ой-қиял  жүйріктігі  табиғи  дарынымен  тоғыса 

келіп,  автордың  суреткерлік  талантын  паш  етеді

.  Бұл  туындылар  қазақ 

прозасындағы  ерекше құбылыстың  әсем  үлгісі  болумен  бірге,  ұлы  эпопеяға 

бастар  жолдың,  шығар  шыңның  алғашқы  дайындық  баспалдақтары  екеніне 

күмән келтірмейміз.

 

Ұлылық үлгісі



 

  

Мұхтар  Әуезов  Абай  тақырыбын,  Абай 



өмірі  мен  өнерінің  мән-мағынасын  бар  ынта-

ықыласымен, 

асқан 

сүйіспеншілікпен 



терең 

зерттеді. Жазушы ұлы ақынның өпшес мұрасын, 

тарихи 

т

ұлғасын 



өз 

хал


қының 

тыныс-


тіршілігімен,  бүкіл  өмір  жолымен  бірлікте  алып 

суреттеп  көрсетті.  Ол  жөнінен  автордың  «Өз 

жайымнан  мағлұмат»  естелігінен  талай  сырды 

ұғамыз.  Сондай-ақ  жас  ойшыл  жазушылық  міндеттің  не  екенін  ерте  танып, 

жете ұғына білді. 

Тарихи  бір  дәуірді  толық  қамтитын  қазақ  даласының  бүкіл  тыныс-

тіршілігімен,  өмірін  жан-жақты  суреттеп  көрсететін  ұлы  эпопеяға  автор 

үлкен  дайындықпен  келді.  «Абай  жолы»  романының  негізгі  арқауы  –  заман 

шындығы,  сол  кезеңде  өмір  сүрген  адамдар  арасындағы  қарым-қатынас, 


күрес-тартыс,  күйініш-сүйініш.  Жазушы  халық  есінде  сақталған  естелік, 

әңгіме  оқиғаларын,  Абай  туралы  мұрағат  материалын,  ақынның  өз  мұрасын 

жинап, зерттеп, ой елегінен өткізе отырып, ұлы туындысына кеңінен ұтымды 

пайдаланды.  Автордың  өзі:  «Биограф  ретінде  Абай өміріне  қатысты 

материалдар  жинаумен  1930  жылдан  кейін  айналыса  бастадым. Өкінішке 

орай,  бұл  кезде  а

қынды  жүзбе-жүз  танитын  адамдардан  бірен

-саран 


қариялардың  ғана  көзі  тірі  еді», –  деп  жазады.  Абай  туралы ұзақ  уақыт 

материал    жинаудың  қиындығын  былай  жеткізеді:  «Жалпы  бұл  кезеңдегі 

романға  байланысты  жұмыс  сипатымды  мен  әлдеқашан  көшіп  кеткен 

керуеннің  жұртына  келіп,  сөнуге  айналған  ошақ  орнынан  әлсіз  қызуы  бар 

соңғы  шоқты  тауып  алып,  оны  демімен үрлеп  қоздатып,  жалынды  алауға 

айналдырмақ  болған  кешеуіл  жолаушының  харекетімен  салыстырар  едім. 

Көне  көз  қариялардың  күңгірт  тартқан  зердесі  мені  Абайдың  жас  дәуіріне 

жетелеп,  жол  көрсетіп  отырды.  Алпысты  алқымдаған  Әйгерімнің  жүзінен 

мен  оның  ақын  жүрегін  жаулаған  балғын  заманындағы  сұлу  ажарын 

елестетуге тырыстым». 

Бұл  романдардың  негізгі  арқауы  –  өмір  шындығы,  сол  өмірде  әрекет 

жасаған  тарихи  болған  адамдардың  арасындағы  қарым-қатынас,  күрес-

тартыс,  күйініш  пен  сүйініш.  Жазушы  халық  жадында  сақталып  қалған 

кейбір  оқиғаларды,  фактілерді,  әсіресе  Абай  турасындағы  мұрағаттық 

материалдарды,  есте  қалған  мәліметтерді,  ұлы  ақынның  қалған  мұраларын 

кең, өнімді пайдаланған. Әйтсе де әрбір көркем әдебиетке тән ойдан қосу, сол 

арқылы  өзінің  нысаналанған  ойын  толығырақ,  қонымдырақ  етіп  жеткізуге 

ұмтылуының да өте орынды екенін атап айтқан жөн. 

Эпопеяның  басты  қаһарманы  Абай  болғандықтан,  шығарманың  өн 

бойындағы  шытырман  оқиғалар  желісі,  сан  алуан  кейіпке

рлер  әрекеті, 

тағдыры Абай төңірегінде шоғырланып, ілгері дами түседі. 

Данышпан  ақынды  әлем  жұртшылығына  танытқан  «Абай  жолы» 

эпопеясы  барлығы  4  кітаптан  тұрады.  Мұнда:  Абайдай  алыпты  туғызған 

қазақ  халқының  өзгелермен  қай  жағынан  да  терезесі  тең,  дарынды,  ақылды, 


ақ  жарқын,  жомарт,  сері, өнерпаз  халық  екендігін,  ешкімге  ұқсамайтын 

өзіндік  мінезі,  ұлттық  рухы,  салт-дәстүрі  бар  екені  эпопеяда  жан

-жақты 

суреттеледі. 



«Бұл  тамаша  эпопея  бізге  тұтас  бір  әлемді  сыйға  тартты,  табиғаттың 

тұрмыстың  небір  ғажайып 

картиналары 

мен 


адам құштарлықтарын 

сипаттауымен  бізді  іңкәр  етті.  Әуезов  қаламымен  тарих  қайта  тірілді, 

ауылдар  өмірі,  адамдар  та

ғдыры  бой  к

өрсетті.  «Абай»  эпопеясы,  – 

шығармашылықтың  тылсым  сырына,  өмір  мен  өлеңнің  өзара  байланысына 

терең  бойлаған  туынды,  ақын  мен  поэзия  жайлы әлем  әдебиетіндегі  ең 

шоқтығы биік үздік шығарма»,–дейді М.Луконин. 

Ш.Айтматов: «Бұл роман бүкіл түркі тілдес халықтардың, оның ішінде 

өткендегі  көшпелі  халықтардың  да  адамзат  мәдениетіне  қосқан  зор  үлесі... 

Әлемді  көз  алдыңа  келтіру  үшін,  басқалардың  көзіне  түсу  үшін,  адам 

рухының қадір-қасиетін асқақтата көтеріп, жар салу үшін өз биігің – Мұхтар 

Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек», – дейді. 

«Абай  жолы»  эпопеясы  туралы  ай

тылған  бұл  пікірлердің  бәрі  – 

М.Әуезовтің ерекше талантына, халық алдындағы еңбегіне берілген өлшеусіз 

құнды баға. 

Бұл  роман  арқылы  жаңа  ғасырдың  жарқын  жолына  қадам  басқан 

ұрпақтың  бүгінгіні 

танып 


білуі 

кешегі 


тар

ихымызды 



жете 

білуімен 



сабақтасатыны дәлелдене түседі. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет