Ми құрлымы мен қызметі Әділбек Исламбек Ми жайлы зерттеулер



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата16.11.2022
өлшемі3,05 Mb.
#50606
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ми жайлы зерттеулер Ә. Исламбек



Ми құрлымы мен қызметі
Әділбек Исламбек
Ми жайлы 
зерттеулер 


Мидың ойлау қабілеті жыл мезгіліне
байланысты
Мидың түсіну және қабылдау қабілеті жылдың
мезгіліне байланысты болады.
Бұл туралы
нейрофизиолог-ғалымдар Proceedings of the National
Academy of Sciences басылымында жариялады.
Осыған дейін адамдардың көңіл-қошы жыл мезгіліне
байланысты болатыны туралы тұжырымдар
келтірілді. Бірақ, ми жұмысының мезгілдерге
байланысты болуы аз зерттелген тақырып екен, деп
жазады planet-today.ru. 
Льеж Университетінің ғалымдары өткізген ғылыми
тәжірибеге 28 ерікті қатысқан. Олар жылдың 4
мезгілінде арнайы зертханада сыртқа шықпай,
бірнеше күнді өткізген. Осындай әрбір оқшаулау
кезеңінен кейін оқымыстылар олардың ми жұмысын
алуан түрлі тест арқылы тескеріп, ойлау қабілеттерін
зерттеген. 
Нәтижесінде тест қорытындылары жыл мезгіліне
байланысты болмағанымен, бұл сынақтардан өтуге
қажетті ми ресурстарының қоры жыл мезгіліне
тікелей тәуелді болатыны анықталды. 


Аз қимылдайтын адамның миы кішірейе береді 
Көп қимылдайтын адамға қарағанда, аз қимылдайтын
адамдардың миы кішірейе береді. Бұл өз кезегінде
қартаю процесін тездетеді. Тәжірибеге 40 жастағы
1583 адам қатысқан. 20 жылдан кейін олардың миын
магниттік-резонансты томографиялық жолмен
тексеріп көрген. Сондай-ақ, дене белсенділігін
тексерген. Белгілі болғандай, көп қимылдайтындарға
қарағанда аз кимылдайтындардың миы кішірейетінін
анықтаған. 
 Адам миы семіздікті де «басқаратын» болып шықты 
АҚШ-тың Гладстон институтының медиктері адамның
семіздік індеті мен ми қызметінің байланысы барын
анықтады. Олардың айтуынша, адам миы тек зат
алмасу процесін ғана басқарып қоймай, сонымен
қатар, зат алмасу процесінен пайда болатын семіздік
індетіне де жауап береді. Ғалымдар адам бойында,
яғни, барлық ағзада, соның ішінде бауыр мен жиналған
май қабатында кездесетін «P75 NTR» ақуызының барын
анықтаған. Бұл ақуыздың көбеюі өз кезегінде адамды
тез семіртетінін және майдың жиналуына себепкер
болмақ. Олардың сөзіне қарағанда, ақуыздың пайда
болу процесін басқару жолы табылса, семіздік індетін
ауыздықтауға және метаболикалық синдромның
қарқын алуына тосқауыл қоюға мүмкіндік тумақ.


Жаңа зерттеу көрсеткендей, баспалдақпен жүру мидың
саулығын арттырады.
«Neurobiology of Aging» журналында жарияланған
зерттеуде адам неғұрлым баспалдақпен көп жүрсе, оның
миы соғұрлым жасара түседі деп жазылған.
Монреалдағы (Канада) Конкордия университетінің
жетекші зерттеушісі Джейсон Стеффенер мен оның
әріптестері 19 және 79 жас аралығындағы 331 дені сау
адамның миын зерттеу үшін магнитті-резонансты
томографияны (МРТ) пайдаланды.
Олар қатысушылардың миындағы күкірт мөлшерін
өлшеді. Өйткені оның төмендеуі - қартаю үдерісінің
белгісі. Кейін олар қатысушылардың ми көлемі мен
олардың қанша уақыт білім алғанын және баспалдақпен
қаншалықты көп жүргенінің арақатынасын есептеп
шыққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет