PowerPoint программасының графикалық объектілерді бейнелеуге арналған басқа программалардан айырмашылығы, бір мезгілде бірнеше слайдтардан тұратын презентациялармен жұмыс істеу мүмкіндігін береді. Осы себепті слайдтарды қараудың бірнеше режимдері бар:
Слайдтар режимі;
Құрылымдық режимі;
Слайдтарды сұрыптау режимі;
Бетке ескертпе жазу режимі;
Слайдтарды көрсету режимі;
Бұл режимнің әрқайсысы слайдты әртүрлі етіп көрсетеді және бір режимде жасаған өзгерту барлық режимде де іске асады.
Слайдтар режимі – презентацияның әр слайдын жеке қарауға және өңдеуге өте ыңғайлы. Осы режімде мәтін енгізуге және өңдеуге, графикалық объектілер мен кестелер енгізуге болады. Сонымен бірге өзіміз дайындаған немесе дайын суреттер, мәтіндік түсініктемелер енгізу мүмкіндігі бар.
Құрылымдық режим – презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді. Бұл режімде презентациядағы мәтінді өзгертуге немесе жаңа мәтін енгізуге болады. Слайд режимінде жасаған безендіру әрекеттерін құрылымдық режимде орындай аламыз.
Слайдтарды сұрыптау режимінде – презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп, терезеде орналасады. Тұтас презентацияның түріне арналған слайдтардың фоны, түстерді таңдау сияқты ортақ параметрлерді тағайындай отырып, болған өзгерістерді бақылауға ыңғайлы. Нақты бір слайдтың мазмұнын өзгерту мүмкін емес болғанымен, оларды өшіру, қайталау, көрсету ретін өзгерту әрекеттерін орындауға болады.
Бетке ескертпе жазу режимі – презентация кезінде баяндамашы қолдану үшін беттерге ескертпелер құруға арналған. Бұл режимге көшкен кезде слайдтың кішірейтілген көшірмесі беттің жоғары бөлігінде орналасады да, төменгі бөлігін мәтіндік түсініктемемен толтыруға болады.
Слайдтарды көрсету режимінде – дайындалған презентация слайдтары бірінен кейін бірі экранда көріне бастайды. Бұл режимде қолданылған барлық анимациялық эффектілер экранда көрінеді.
осы режимдердің біріне көшу үшін, Түр командасының ішкі менюдегі қажетті режимінің бірін таңдаймыз немесе программа терезесінің сол жақ төменгі шетінде орналасқан режим батырмасының тиістісін шерту жеткілікті.