3. Коммуникация басқарудың ерекшелік қызметі ретінде.
Бұл аспектілердің әрқайсысы нормативтік-ұйымдастырушылық және
субъектілік-психологиялық
жоспарлардан
тұрады.
Біріншісі
оңтайлы
коммуникативтік
процесс
құрылымымен
байланысқан.
Екіншісі
«коммуниканттардың» психологиялық ерекшеліктерінің осы қызметке үлкен
ықпалын көрсетеді және оның маңызды деген, соның ішінде тиімділікке
бөгет болатын маңызды сипаттарын түсіндіреді. Коммуникативтік қызмет
ұғымы
өзіндік
үш
психологиялық
аспектіден
тұрады:
жетекшінің
коммуникативтік
мінез-құлқы,
оның
іс-әрекетінің
коммуникативтік
құбылыстары мен процестері.
Келесі бағыттар коммуникативтік қызмет мазмұнын сипаттайды:
– бұл қызметтің мәні мен оның ерекшелігін анықтау;
– коммуникациялардың негізгі түрлері мен типтерін талдау;
– коммуникация үдерісінің құрылымдық компоненттері мен кезеңдерін
анықтау;
– осы қызметтің жүзеге асу формасын сипаттау;
– «барьерлерді (кедергілерді)» талдау (сипатты қателіктер мен
қиындықтар);
– коммуникативтік қызметін оңтайландыруға арналған негізгі талаптарды
сипаттау (оңтайлы коммуникация принципі).
Жетекшінің коммуникациялық қызметінің негізгі міндеті – ұйым ішінде
оның бөлімшелері арасындағы және сыртқы ортамен ақпараттың оңтайлы
алмасуын қамтамасыз ету.
Оңтайлылық көрсеткіші – қолданыстағы
коммуникация желісінің ұйымның жалпы мақсаттарына жетуге қолдау
көрсетуінің нәтижесі. Коммуникациялар тиімділігі үшін
мақсаттың айқын
тұжырымы, оның әр бөлімше үшін шағын мақсатқа нақтылануы; бөлімшелер
жұмысының белгілі бір түрлері мен нормативтерін реттейтін мүшеленген
жоспар; дұрыс таңдалған
ұйым типі;
бақылаудың тиімді жүйесі қажет.
Коммуникациялық қызметтің ерекшелігіне, басқарудың басқа қызметтерінің
барлығы, яғни мақсат қою, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау оны жүзеге
асыру құралдары болып табылатынын көрсетеді. Мұны жетекшінің бүкіл
жұмыс уақытының 50-90 пайызы осы коммуникациялармен толатыны
туралы мәліметтер растайды.
Достарыңызбен бөлісу: