Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция



Pdf көрінісі
бет62/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80
Алғашқы  кезең.  Бұл  ірі  ұлттық  компаниялардың  басқа  мемлекеттердің 
нарықтарына  кеңінен  енуіне  байланысты  жаһандық,  трансұлттық  деңгейде 
проблемаларды  зерттеумен  байланысты.  Бұл  кезеңде  зерттелген  елдердің 
монокультура  тұжырымдамасы  қолданылды,  «ұлттық  мемлекет»  түсінігі  де 
талқыланды,  «іскери  менталитеттің  неміс  моделі»  және  «қытай  моделі» 
талқыланды.Осы  кезеңнің  аясында  мәдениаралық  менеджмент  негізін 
қалаушылар 
көптеген 
факторларды 
талдады 
тарихи, 
географиялық, 
фольклорлық,  діни,  кез  келген  халыққа  немесе  ұлттың  менталитетіне  тән 
белгілердің қалыптасуына әсер ететін 
Абстрактілі  «жалпыадамзаттық  құндылықтарды»  және  орташа  «адам 
құқықтарын»  насихаттау  аясында  әрбір  ұлттық  модельдің  ішкі  құндылығын 
әлеуметтік-экономикалық  негіздеу  үлкен  маңызға  ие  болды.  Мәдениаралық 
басқаруды  құрушылар  осы  кезеңде  мынадай  қорытындыға  келді:  барлық 
ұлттар әртүрлі, әрқайсысында ұрпақтар жасаған өзіндік құндылықтар жүйесі 
бар және олардың өзгерісі ұлтқа зиян тигізбестен өтпейді. 
Екінші 
кезең.Бұл 
кезеңде 
халықаралық 
еңбек 
бөлінісінің 
проблемаларымен  байланысты  корпоративтік  мәдениеттің  теориялары  мен 


типологиялары 
дамуда. 
Құрушылар 
әр 
түрлі 
ұлттық 
мәдениеттер 
экономикалық  процесті  ұйымдастырудың  әр  түрлі  түрлеріне  тартылады,  әр 
түрлі  ұйымдастырушылық  мінез-құлық  пен  экономикалық  белсенділікті 
тудырады.  Ұлттық  экономикалық  менталитетті  нақты  экономикалық 
қызметке  қолдануға  негізделген  корпоративті  мәдениеттердің  түрлері 
бойынша көптеген зерттеулер жүргізілді.
 
Бұл  кезеңдегі  үлкен  жетістік  ұйымның  корпоративті  мәдениеті, 
біріншіден, ұлттық экономикалық менталитетке негізделген, екіншіден, оның 
ішкі  даму  парадигмасын  ескере  отырып  өзгертілуі  мүмкін  деген  түсінік 
болды.
 
Үшінші  кезең.  Жақында  «мәдени  әртүрлілікті»  басқару  бойынша 
зерттеулер  халықтың  белгілі  бір  топтарының  ұлттық  мәдени  ерекшелігін 
сақтай  отырып,  жалпыға  ортақ  және  қолайлы  мәдениаралық  модель  жасау 
арқылы  басқарудың  тұрақты  бақылауын  қамтамасыз  ететін  тетіктерді 
дамытуға  бағытталған.  мәдени  басқару  механизмдері,  бизнесте  де, 
геосаясатта да, мәдени менеджмент технологиялары.
 
 
Қазір  мәдениетаралық  коммуникация  саласындағы  ғылыми  зерттеулер 
тілдік  қызметте  мәдени  шартты  айырмашылықтарына  және  солардың 
салдарларына  душарласқан  адамдардың  мінез  –  құлқына  бағыт  бұрған. 
Коммунниканттардың  ахуалдық  тілді  іс  -  әрекеттерді  айту  және  түсіндіру 
кезіндегі  мәдени  айырмалары  сипаттау  зертеу  нәтижелері  болды.  Әуел 
бастан  бұл  зерттеулер  үлкен  қолданбалы  мәнге  ие  болып,  кросс  -  мәдени 
әсерлікті  дамыту  жөніндегі  практикалық  сабақтар  (тренингтер)  үшін 
сандаған жасалымдарда пайдаланылды. 
Мәдентетаралық коммуникация қоғамдық феномен ретінде 20 – ғасырдан 
бастап  „экзотикалық“  аталатын  мәдениеттер  мен  тілдерге  қатысты  ғылыми 
орта  мен  қоғамдық  санада  қалыптасқан  мүддемен  идиологиялық  жағынан 
бекіген  соғыстан  кейінгі  әлемнің  практикалық  сұраныстарынан  туған. 
Практикалық  сұраныстар  көптеген  елдер  мен  аймақтардың  қарқынды 
экономикалық  дамуының,  технологиядағы  революциялық  өзгерістердің, 
осыған  байланысты  экономикалық  қызметін  жаһандануының  салдарынан 
шыққан.  Нәтижесінде  әлем  елеулі  „тарыла  бастады“  әр  түрлі  мәдениет 
өкілдерінің  арасындағы  ұзақ  байланыстың  тығыздығы  мен  қарқындылығы 
мейлінше  өсіп,  одан  әрі  ұлғаюда.  Экономиканың  өзімен  қоса  білім,  туризм, 
ғылым,  кәсіби  және  әлеуметтік  мәдениет  арқылы  коммуникацияның  аса 
маңызды аймақтарына айналды. 
Бұл  практикалық  сұраныстар  қоғамдық  санадағы  өзгерістермен,  бірінші 
кезекте  гуманитарлық  және  қоғамдық  ғылымдарда  евроцентристік  жолдан 
постмодернистік 
бас 
тартумен 
қолдау 
тапты. 
Әлем 
мәдениетінің 
саналуандылығының  шексіз  құндылығын  мойындау,  отарлаушылық  мәдени 
саясаттан  бас  тарту,  дәстүрлі  мәдениеттер  мен  тілдердің  басым  көпшілігінің 
омырылуға бейімділігі мен жойылып кету қаупін сезіну тиісті пәндердің жер 
шары  халықтарының  бір  –  біріне  қызығушылығының  адамзат  тарихындағы 
жаңа феноменіне сүйене отырып, буырқана дамуына әкелді. 


Мәдениетаралық 
коммуникация 
зерттеулерінде 
психологиялық, 
социологиялық  және  лингвистикалық  бағыттарды  бөліп  қарауға  болады. 
Бұлай  бөлу  зерттеу  объектісіне,  сондай-ақ  қолданылған  әдістемеліктерге 
қатысты. [25, б.10-12]. 
Мәдениетаралық  коммуникация  саласында  жұмыс  істейтін  социологтар 
осы ғылым үшін дәстүрлі әлдеқандай жолмен іріктеліп алынған респондеттер 
топтарында 
сауалнама 
жүргізу 
әдісін 
қолданады. 
Сауалнамалары 
адамдардың мінез құлқында қалыптасқан құнды ұстанымдар мен дағдыларды 
анықтауға  бағытталған.  Негізінен  жұмыс  орнындағы,  іскерлік  қатынастағы 
және 
бизнестегі 
мінез-құлық 
қарастырылады. 
Бұл 
социологиялық 
зерттеулердің  іс  жүзінде,  бірінші  кезекте  қазіргі  транснационалдық 
корпорацияларда  қолданылады.  Социологтардың  белгілі  бір  мәдениет 
топтарына  тән  және  олардың  қадір  тұтатын  мінездері  туралы  мәліметтердің 
жиынтығының  негізінде  тиісті  практикалық  ұсыныстар  жасалынып,  арнайы 
мәдениетаралық  тренингтер  түрінде  өткеріледі.  Сауалнама  жүргізудің  келесі 
объективті  аймақтары:  ақпарат  алмасу,  әріптестермен  қарым-қатынас, 
шешімдер  қабылдау,  шиеленісті  жағдайлардағы  мінез-құлық,  басшыға 
көзқарас,  жұмыс  пен  жеке  өмірдің  байланысы,  инновацияға  көзқарас. 
Зерттелген  мәдени  шартты  мінез-құлық  стереотиптерінің  көп  бөлігінің 
Хофстеде  енгізген  мәдениет  параметрлеріне  көтерілуінің  мүмкін  екендігі 
белгілі.  Сондықтан  мұндай  жұмыстар  көбінесе  сол  параметрлердің  кейбір 
нақты  ортада  қалай  болатынын  тексеру  сипатында  жүргізіледі:  сол  уақыт 
кезеңіне, зерттелуші топтың, көбіне бірге жұмыс істейтін екі немесе одан көп 
мәдени 
топтың 
жасына 
қатысты 
өзгерістер 
зерттеледі. 
Ауқымды 
социологиялық  проблемалар  мигранттардың  әлеуметтік  бейімделуімен, 
шағын ұлттардың дәстүрлі мәдениетін сақтауымен немесе жоғалтуымен және 
тағы сол сияқтылармен байланысты. 
Мәдениетаралық  коммуникация  саласында  психологтарды,  бірінші 
кезекте,  мәдениет  айырмашылықтарының  интерпретация  мен  категоризация 
үрдістеріне 
ықпалы, 
тиісті 
мінез-құлық 
стереотиптерінің 
табиғаты 
қызықтырады.  1970-жылдардан  бастап  үрей,  белгісіздік,  категориялардың 
ықтималды көлемі, топаралық категоризациялау ерекшеліктерінің және тағы 
басқаларының маңызды ұғымдары әлеуметтік психология әдісімен зерттелді. 
Әңгіме  коммуникация,  әсіресе  мәдениетаралық  коммуникация  жайлы 
болғанда  әлеуметтік  психология  саласында  жүргізілген  социологиялық  және 
психологиялық  зерттеулердің  ара  жігін  ажырату  қиын.  Екеуі  де 
коммуникация  үрдісіне  туындаған  немесе  сол  арқылы  берілетін  күрделі 
категориялар 
– 
құндылықтармен, 
пайымдармен, 
ұстанымдармен, 
стереотиптермен  және  ырымдармен  байланысып  жатыр.  Екеуінің  де  міндеті 
–  қадаланатын  феноменді  (мүмкін  басқалармен  байланыстырып)  белгілеу 
және  мәдениетаралық  қатынаста  емес,  топ  ішіндегі  жағдайларда  ұқсас 
реакциялар мен ұстанымдардан айырықшылығын көрсету. 
Оның  қалай  өтетінін  бірінші  кезекте  лингвистерді  ғана  қызықтырады. 
Тілдік  қатынаста  мәдениетаралық  өзара  іс-әрекет  бар  екенін  не  білдіреді? 
Әртүрлі  мәдениет  өкілдері  алмасатын  хабарларды  сипаттайтын  не?  Ол 


қандай  коммуникативтік  контекстерде  байқалады?  Түсінбеушілік,  жете 
түсінбеушілік  қалай  болады,  тілдік  ерекшеліктер  мен  мехенизмдердің 
қайсысы  түсінбеушіліктің  орнын  толтыруға  мүмкіндік  береді  немесе 
бермейді?  Жасалынған  лингвистиқалық  тақырыптардың  ішінде  түрлі 
коммуникативтік  стильдерді  өз  тобының  ішінде  және  тыс  қолданылуында 
зерделеу  психологияға  тақау  тұр.  Аккомодацияның  психологиялық  ұғымы 
сөйлеу  екпіні,  тиісті  лексиканы  (шетелдікпен  сөйлесекенде,  баламен  т.с.с. 
әңгімелескенде)  таңдау,  қарапайымдандырылған  немесе  күрделендірілген 
грамматикалық 
құрылым 
сияқты 
коммуникация 
параметрлеріне 
қолданылады.  Аккомодацияның  позитивті  (әңгімелесіп  тұрған  адамның 
ыңғайына  бейімделу)  немесе  негативті  (әңгімелесушіден  өзгеше  стильді 
ұстану) болуы мүмкін. Түрлі топ өкілдері араласқанда (мәдени компоненттің 
үлесі  туралы  айтар  болсақ)  аккомодацияның  бағыты  бір  топтың  басқасына 
көзқарасына  қатысты  болады.  Қатынастар  құрылымына  „жақсы-жаман“, 
„төмен-жоғары“, „жақын-алыс“ межелері енеді (26, б.50). Сөздің өзінің және 
сөздің  болмауы  ретінде  үндемеу  функциялары  сияқты  қарама  қарсылықтар 
ерекше  қарастырылады.  Мәселен,  европа  мәдениеттерінде,  шала  таныс 
немесе  тіпті  бейтаныс  адамдармен  араласқан  жағдайда  үндемеу  әдепсіздік 
болып  саналады.  Үнсіздік  жайлап  алмас  үшін  әртүрлі,  мысалы,  ауа  райы 
жайлы  әңгіме  қозғайтыны  сондықтан.  Мысалы,  поездің  купесінде 
жолаушылардың  сөйлесіп  отыратыны  сол  себепті.  Солтүстік  Американың 
үндістерінің  атапаск  мәдениетінде  шалатаныс  адамдармен  әңгімелесу 
құпталмайды,  қауіпті  саналады.  Әбден  біліп  алғанынша  бейтаныспен  тіл 
қатыспайды.  Европа  мәдениетінде  қалыптасқандағыдай  онда  әңгіме 
жақынырақ танысудың амалы емес. 
Мәселен  Оңтүстік-Шығыс  Азияда  қызмет  хаты  индуктивті  құрылады: 
алдымен  себебі,  жағдайы  да,  ең  соңында  талап  немесе  іскерлік  ұсыныс. 
Европа  және  Солтүстік  Америка  дәстүрлерінің  өкілдеріне  бұл  стиль 
„қойыртпақ“,  іскерлі  емес  болып  көрінеді.  Олардың  көзқарысында,  мұндай 
хат  негізгі  талапты  немесе  ұсынысты  білдіріп,  соңынан  негізделіп, 
нақтылануға тиіс. 
Жалпы дискурстың кросс-мәдени зерттеулері оқиғалар мен барынша есте 
қалған жайлар туралы әңгімелердің сыртында тұрған әлемнің мәдени шартты 
көрінісін табуды өзіне мақсат ете алады [9, б.65]. 
Коммуникативтік 
қызмет 
пен 
тиісінше 
мәдени 
сценарийлерді 
сипаттайтын 
жекелеген 
ұстанымдарды 
салыстырмалы 
талдаумен 
айналысатын 
кросс-мәдени 
прагматика 
дискурстың 
прагматикалық 
аспектілері  бойынша  зерттеулердің  басқа  варианты  болды.  Барынша 
маңызды  және  прагматикалық  ұстанымдардың  мәдени  қатынасында  қарама-
қайшыларының  арасынан  сөйлеу  актісіне,  сол  ұстанымда  әлдеқалай 
құрылған тиымдарға, кешірім сұрауға арналған. П.Браун мен С.Левинсонның 
„Принцип  вежливости“  және  көптеген  еңбектерді  атап  өту  қажет. 
Сыпайлықтың 
қай 
типінің 

ынтымақтастыққа 
құрылғаны 
немесе 
арақашықтықты  ұстануға  негізделгенінің  сол  мәдениетке  тән  болуынан 
кросс-мәдени 
айырмашылықтар 
байқалады 
[27,б.10-12]. 
Мәселен, 


коммуникативтік  серіктестігімен  ынтымақтастығынан  орыстың  өз  пікірін 
айтуы,  кеңес  беруі  жеке  дара  және  арақашықтықты  сақтау  ұстанымында 
тәрбиеленген неміске өрескел көрінеді. 
А.Вежбицкая  мен  ізбасарлары  кросс-мәдени  прагматика  бойынша 
зерттеулерінде  өзге  жолды  өткерген.  Түрлі  тілдерде  дәл  сәйкестік  сияқты 
болып  табылатын  сөздерді,  конструкцияларды,  мәтіндерді  салыстыра  келіп, 
Вежбицкая  өзі  жасаған  семантикалық  примитивтерді  пайдаланып,  тура 
аударма  эквивалентерінің  елеулі  мәдени  шартты  айырмашылықтарды 
бүркемелейтінін көрсетті [28, б.43-46]. Біз, мысалы, достық, бостандық, ашу-
ыза  туралы  айтқанда,  сол  ұғымдарға  сол  тілдің  тиісті  сөздеріне  тән  мәдени 
шартты 
мағыналарды 
еріксіз 
жапсырамыз. 
Сөйтіп, 
оларға 
жоқ 
әмбебаптылықты  танып,  елеулі  мәдени  қате  жібереміз.  Ағылшынның  friend 
ұғымында  орыстың  „друг“  ұғымына  тән  мағыналық  компонентер  жоқ 
(мысалы, жан сырымен бөлісу, риясыз көмек көрсету). 
Сөздердің  мағынасы  ғана  емес,  нақты  мәдениеттің  коммуникативті 
қызметінде атқаратын рөліне қатысты әмбебапты емес мәдени сценарийлерді 
қолданғанда  да  жағдай  осындай.  Кросс-мәдени  прагматиканың  сыпайылық 
категориясын, 
ізет 
көрсету 
белгілерін 
дәстүрлі 
лингвистикалық 
салғастырмалы  зерттеуден  айырмашылығы,  ең  алдымен,  функциональдық 
бағытында.  Нақты  тілдің  тілдік  құрылымы  көп  варианттылығы,  стратегияны 
таңдау  мүмкіндігі  бар  әлдебір  тұлғаны  қолдануға  қатаң  тиымдарды 
қосарлайтын  салалар  қызығушылық  тудырады.  Қандай  стратегияның 
таңдалуы,  осы  дискурстың  (осы  айтылымының)  қандай  мәдени  сценарийге 
айналуға  тиісті  коммуникативтік  қауымдастықтың  мәдени  ерекшеліктеріне 
қатысты.  
Сөтіп,  мәдениетаралық  коммуникацияның  ғылым  ретінде  қалыптасуы 
түрлі  мәдениет  өкілдерінің  өзара  қатынасы  проблемаларын  өзектендіру 
салдарынан  маңызды  мәнге  ие  болады  деген  қорытындыға  келеміз.  Бүгінгі 
таңда  мәдени  біліктіліктің  түрлі  мәдениет  өкілдерінің  арасындағы  жемісті 
коммуникацияның  бөлінбес  бөлігі  екенін  дәлелдеп  жатудың  қажеті  бола 
қоймас. 
Вербальды қатынас адам коммуникациясының барынша зерттелген алуан 
түрі  болып  табылады.  Вербальды  адам  тіліне  кез  келген  басқа  белгі 
жүйесінің  көмегімен  жасалған  хабарды  „аударуға“  болады.  Мысалы,  қызыл 
жарық белгісі „өтуге болмайды“, „тоқта“ дегенді, спорт жарыстарында басқа 
қолдың  алақанымен  жабылған  қолды  жоғары  көтеру  „қосымша  үзіліс 
минутын  беріңіз“  дегенді  білдіреді.  Коммуникацияның  сөйлеу  қыры  күрделі 
көп  ярусты  құрылымға  (фонеманың  диффереренциалды  нышанынан  мәтін 
мен  интермәтінге  дейін)  ие,  сан  алуан  стилистикалық  түрлерде  (әртүрлі 
стильдер  мен  жанрлар,  ауызекі  сөйлеу  және  әдеби  тіл,  диалектілер  мен 
социодиалектілер). Сөйлеу коммуникациясын қамтамасыз ететін жүйе – адам 
тілі.  Контекст  өте  маңызды  мәдениеттер  де,  контекстің  мәні  онша  емес 
мәдениет  те  бар,  мәдениеттер  оларда  контекст  пен  сөздерге  қандай  мән 
берілуіне  қарай  айрықшаланады.  Батыста  шешендік  өнердің  көне  дәстүрі 
вербальды  қатынастардың  ерекше  маңыздылығын  алғы  шарт  етеді.  Бұл 


дәстүр  қисынды,  ұтымды  және  аналитикалық  ойдың  типін  толық  көрсетеді. 
Батыс  халықтарының  мәдениеттерінде  сөз  әңгіменің  контекстіне  қатыссыз 
қабылданады,  сондықтан  оны  бөлек  және  социомәдени  контексттен  тыс 
қарастыруға болады. Мұнда коммуникация үрдісіне сөйлеуші мен тыңдаушы 
екі  дербес  субъект  ретінде  қарастырылып,  қатынастары  ауызша  айтылған 
сөздерінен  түсінікті  болады.  Азия  мен  Шығыс  мәдениеттерінде,  керісінше, 
социомәдени контекст үлкен мәнге ие, сөз қатынасқа қатысушылардың жеке 
бас  қасиеттері  мен  тұлғааралық  қатынастарының  сипаты  енген  тұтас 
коммуникативтік  контекстің  құрамдас  бөлігі  болып  есептеледі.  Осылайша 
бұл  мәдениеттерде  вербальды  айтылымдар  этикамен,  психологиямен, 
саясатпен 
және 
әлеуметтік 
қатынастармен 
тығыз 
байланысты 
коммуникативтік  үрдістің  бөлігі  болып  есептеледі.  Мысалы,  жапондық 
кәсіпкерлер  іс  жағдайын  жеке  әңгімеде  талқылауды  жөн  көреді.  Шығыс 
мәдениеттерінде негізгі екпін ауызша айтылымдарды 
құрастыру техникасына 
емес
,  оларды  айту  мәнеріне,  коммуниканттардың  әрқайсысының  қоғамдағы 
орнын анықтайтын қоғамдық қатынастарға сәйкестігіне түседі. 
Сөйтіп,  араласуды,  вербальды  коммуникация  құрамдарын  меңгеру  әрбір 
адамға  қажетті,  өйткені  өзара  іскерліктің  тиімділігі  ғана  емес,  басқа 
адамдармен  өзара  түсінісуі  де  соған  қатысты  деген  қорытындыға  келеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет