Microsoft Word 1-8 тақырыптар лекция


  Әлеуметтік  психологиядағы  тұлғааралық    қатынаc    ұғымы  және



Pdf көрінісі
бет58/80
Дата25.02.2022
өлшемі1,75 Mb.
#26435
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80
Байланысты:
psihologia lecture

2.  Әлеуметтік  психологиядағы  тұлғааралық    қатынаc    ұғымы  және 
түрлері 
Тұлғаның  қалыптасуындағы  маңызды  факторлардың  бірі  –  қарым-
қатынас  мәселесі  болып  табылады.  «Қарым-қатынас»  түсінігі  мен  тұлғаның 
қалыптасуындағы  қарым-қатынастың  алатын  рөлі  туралы  идея  кеңестік 
психологтар 
А.Н.Леонтьев, 
А.Б.Добрович, 
И.А.Зимняя, 
Г.В.Казнова, 
М.И.Лисина,  А.В.Мудрик,  Л.А.Поварницынаның  және  т.б.  ғалымдардың 
еңбектерінде  қарастырылған.  Тұлғааралық  қарым-қатынастың  бірлігі  мен 
қызметтік пайымы біркелкі  түсінікті бермей, қарым-қатынастың қызмет  түрі 
ретінде  де  қарастырылады.  Себебі  қарым-қатынас,  біріншіден,  бұл  - 
қызметтің  ерекше  бір  түрі  (коммуникативтік  қызмет),  екіншіден,  кез  келген 
қызметті  жүзеге  асырудың  шарты,  үшіншіден,  арнайы  қойылған  қызметтің 
нәтижесі  болып  табылады.  Өзінің  еңбектерінде  М.Н.Ночевник  «Адамның 
дамуын,  жеке  адамның  тұлға  болып  қалыптасуын,  оның  қоғаммен 
байланысын  басқа  адамдармен  қарым-қатынасынан  тыс  елестету  мүмкін 
емес»  деп  атап  көрсетсе,  М.Жұмабаев  «Педагогика»  атты  еңбегінде  бұл 
мәселе  жөнінде  «Жеке  адамның  шын  мәніндегі  рухани  байлығы  оның  іс 
жүзіндегі қарым-қатынастарының байлығына байланысты», деп жазған.  
Тұлғааралық қарым-қатынас адамдар болмысының қажетті шарты болып 
табылады. 
Қарым-қатынассыз 
адамның 
жекелеген 
психикалық 
қызметтерінің,  үдерістер  мен  ерекшеліктерінің,  жеке  тұлғаның  және  тұтас 
қоғамның  толыққанды  қалыптасуы  мүмкін  емес.  Кейде  «қарым-қатынас», 
«әлеуметтік  қарым-қатынас»,  «тұлғааралық  қарым-қатынас»,  «іскерлік 
қарым-қатынас» және «мәдени қарым-қатынас» түсініктері өзара байланысты 
болғанымен,  бір-біріне  тең  келмейді,  себебі  олардың  өзіндік  өзгешеліктері 
болады.  
Адамдар  арасындағы  қатынастардың  қаншалықты  айқын  байқалуына 
байланысты қарым-қатынастар бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады: 
-  Қоғамдық  қатынастар  анағұрлым  айқын  көрінетін  әлеуметтік  бағдарлы 
қарым-қатынастар (дәріс оқу, баяндама және т.б.); 


-  Бірлескен  іс-әрекеттерге  байланысты  қарым-қатынастар  айқын 
байқалатын пәндік бағдарлы топтық қарым-қатынастар (бұған еңбек ету, оқу 
барысында қалыптасатын қарым-қатынастар жатады); 
-  Тұлғааралық  қарым-қатынастар,  яғни  бір  адамның  екінші  адаммен 
қарым-қатынасы.  Тұлғааралық  қарым-қатынасқа  адамзат  аралық  ақпарат 
алмасу  жатады,  бұл  қарым-қатынастың  бірінші  коммуникативтік  жағы 
ретінде  сипатталады.  Тұлғааралық  қарым-қатынастың  екінші  жағы  –  қарым-
қатынас  жасаушылардың  өзара  әрекеттестігі  –  тек  сөйлесу  үдерісі  арқылы 
ғана  емес,  істері  мен  әрекеттері  арқылы  да  қарым-қатынас  жасау.  Қарым-
қатынастың  үшінші  жағы  қатынас  жасаушылардың  бірін-бірі  қабылдауы 
болып  табылады.  Ал  оқыту  үдерісіндегі  тұлғааралық  қарым-қатынас 
дегеніміз  –  оқытушының  ықпалымен  студенттердің  топтық  іс-әрекетін 
реттеуші,  вербалды,  бейвербалды  қарым-қатынасқа  түсу  ерекшелігі,  оқыту 
үдерісіндегі  шиеленістерді  шешудің,  мінез-құлықтың  топтық  нормаларын 
қалыптастырудың  құралы  және  болашақ  маман  тұлғасының  қалыптасуының 
бір факторы болып табылады.  
Оқыту  үдерісінде  тұлғааралық  қарым-қатынас  мәдениетінің  болмауы 
немесе  төмен  деңгейде  болуы  көп  жағдайда  келіспеушілік  пен  келеңсіз 
оқиғаларға  себеп  болуы  мүмкін.  Мұндай  келеңсіз  жағдайды  табысты  әрі 
шебер түрде реттей білу қарым-қатынас мәдениетіне тікелей байланысты.  
Оқытушы  мен  студент  арасындағы  тұлғааралық  қарым-қатынастың 
негізгі  моральдық  нормалары  бар,  олар  –  өзінің  тыңдаушыларының 
әрқайсысының  қадір-қасиетін  құрметтеу,  ішкі  дүниесіне  ықыласпен  және 
сеніммен қарым-қатынас жасау, қайырымдылық пен мейірбандық таныту. 
Кәсіби  маманның  коммуникативтік  құзіреттілігі  сөйлеу  қызметі  арқылы 
қалыптасады.  Коммуникативтік  құзіреттілік  -  іс-әрекет  барысында  түрлі 
коммуникативтік  міндеттерді  шешу  жағдайында  сөйлеу  әрекетін  тиімді 
жүзеге  асыруға  даярлығы  мен  қабілетін  көрсететін  тұлғаның  сипаттамасы. 
Оның  негізін  қарым-қатынас  құралдары  мен  тәсілдері,  іс-әрекет  нормалары 
мен  ережелері,  әдептің  ерекшеліктері,  тұлғааралық  байланыстарды  орнату 
заңдары және коммуникативтік іскерліктер құрайды. Мұндай комуникативтік 
құзіреттілікке  педагогтарды  ғана  емес,  студенттерді  де  дайындау  қажет. 
Студент оқытушыны қызығушылық танытқан сұхбаттас және әріптес ретінде 
қабылдауы  қажет,  бұл  оқытушының  сөйлеу  әдебін  қаншалықты  жетік 
меңгергеніне тікелей байланысты болады. Оқытушының коммуникативтік іс-
әрекетін  сипаттауда  оның  сөйлеу  сазы,  студенттермен  қарым-қатынас 
жасауы,  жауап  беру  мәнері,  бағалаушы  пікір  айтуды  орынды  қолдануы, 
сөйлеуде  қолданылатын  ілеспелі  мимикалар  мен  ым-ишараттардың  сипаты 
аса маңызды болып табылады. 
Практикалық  психологтың  тұлғааралық  қатынас  және  қарым-қатынас  
мәселесін    психодиагностикалау    жұмысы    -    кәсіби    іс-әрекеттің    күрделі  
саласы.    Біріншіден,    тұлғааралық    қарым-қатынас    саласының    өзі    кең  
ауқымды,    яғни    адамның    жекеден    әлеуметтікке    дейінгі    аспектілерін  
қамтиды.    Адам    жалғыздықта    қалғанда    да    өзгелерге,    маңызды  
бағалауларға   сүйенетініне  келіспеуге  болмайды.  


Ғылыми  зерттеулерде  ерекше  бөліп  қарастырылатын  адамның  өзге  өмір 
жағдайы  мен  өзге  ортаға  түсуінің  салдарынан  туындайтын  кері  құбылыстар 
адам  өмірінің  өң  бойында  психологиялық  көмек  жүйесін  құрастыру  қажет 
екенін көрсетеді. 
Адами  ресурстарды  басқаруға  көшу  бір  жағынан  теориялық  және 
қолданбалы  әлеуметтану,  екінші  жағынан  теориялық  және  қолданбалы 
психология,  сонымен  қоса  әлеуметтік  психология,  еңбек  психологиясы  мен 
психодиагностикасы  тағы  басқа  өзара  байланысатын  адам  жағдайындағы 
ғылымдар жүйесіне негізделетін бөліп айтқан жөн. 
Адами ресурстармен басқаруда үш негізгі аспектіге ықпал етіледі: 
1)Индивидтер мен әлеуметтік топтардың өмір сүру жағдайы;  
2) Әрекеттің әр саласындағы түлға аралық қатынасы;  
3)  Субъекттің  өзін  қоғам  мүшесі,  профессионал  және  толыққанды  тұлға 
қалыптастырудағы  даму  үдерістері.  Аталмыш  аспектілер  алуан  түрлі  ортада 
көрініс табады - білім алуда, еңбекте және т.б. 
Қазіргі  кезде  жоғарыда  аталған  практикалық  талаптардың  шешуге 
негізделген  тұрақты  ғылыми  базаны  құру  шарт.  Олар  өз  алдына 
психологиялық  теорияның  даму  бағыттарын  анықтайды,  зерттеу  әдістерін 
бағалау және т.б. 
Тәжірибеде пайда болатын мәселеледі жүзеге асырудағы ғылыми базаны 
құру  бұрынғы  классикалық  қатынастармен  қатар,  құрылымды  өзгертуді 
талап ете отырып, олар төменгі әрекеттерден тұрады: 
1.  Субъект  өмір  үрдісінің  анализі,  ол  адам  дамуының  үрдісі, 
қажеттіліктердің    пайда    болуы    мен    оларды    қанағаттандыру,      қарым    - 
қатынастарды қалыптастыру және дамыту; 
2.  Әлеуметтік    үрдістегі  және  ірі  топтардағы  жеке  субъектілердің  өмір 
жолдарының  интеграцияларын  зерттеу  -  «жеке»  және  «қоғамдық»  сананың 
қатынасы, ұйымдардағы адамдар әрекеті; 
3.  Сауда  үрдісі  деп  аталатын  ортадағы  психологиялық  жайттарды 
зерттеу: жеке меншіктердің өзгеруі және ұйым конверсиясы және т.б. 
Мамандар  жүйелеудің  көрсеткіштерін  психодиагностикалық  міндетіне  
әдістемелердің  адекваттылылығын  бағалайтын  аспектісі  ретінде  көрсетеді.   
Әр    психодиагностың    алдында    әрдайым    әдістермен    жұмыста    таңдау  
мәселесі  тұрады.    Бұл    пәннің      мәнін    нақты    түсінуді,    зерттейтін,  
психологиялық    ақиқаттың    механизмдеріне    түсінуді    талап    етеді.    А.А. 
Бодалев  және  В.В. Столин  әдістерді  таңдауда  бастапқы  есептеу  нүктесін  
зерттеуді    ұйымдастырудың    негізі    деп    санайды,    себебі    зерттейтін  
психологиялық    деңгей    жұмысын    құрылымдайды.    Осыдан    келе  
міндеттерді    шешудегі    диагностикалау    әдістерін    таңдауда    көрінеді,    ол  
практикалық    психологтың    алдында    тұрады.    Төменде    көрсеткіштер 
негізінде    анықталған    психодиагностика      процесіне    және    мақсаттық  
тұрғылардың  шартталған  топтары  көрсетілген. 
Тұлғааралық    қатынасты    субъективті      қалаулар    негізінде  
диагностикалау.    Мұнда    мысал    ретінде    бәріне    танымал    социометриялық  
тестті және  оның  модификациясын  айтуға  болады.  Мұнда  топтың  тікелей  


бағалау    әдісінде    кіргізуге      болады.  Бұл      әдістемелер    тобының  
кемшіліктеріне    әлеуметтік      бекітілім    әсерінен    болатын    саналы    бағалау,  
зерттеу    процесіне    деген    қатынас    немесе    психологиялық  қорғаныштың 
әсерінің    салдары    түбегейлі    өзгеруі    жатады  (бастысы    рационализация  
және    реактивті    құрылулар).    Мұнда    адам    санасындағы    эмоционалды  
қатынастың  бейнелену мәселесі де  жатады.  
Ал    тұлғааралық    қатынасты    жанама    бағалау    әдістемесіне  тоқталатын 
болсақ,  мұнда    әлеуметтік    психологиядағы    эмоционалды    қатынас  
заңдылықтарының    әсеріне    негізделген    соның    ішінде,    вербальды    емес  
мінез-құлық,      поралингвистикалық    параметрлердің    әдістемелік    тәсілдері  
жатады.    Бұл    әдістемелердің    қатарына    адам    мінез-құлқының  
прокимикалық    заңдылықтарына    негізделген    ең    танымал      әдістер    кіреді.  
Мұндағы    негізгісі    адамның    кеңістіктегі    орны    өзгелермен    тұлғааралық  
қатынасына    байланысты    болады,    арақашықтықта    болатын      жағдайда  
таңдалады.  Осы    топтағы    барлық    әдістемелерді    үш    категорияға    бөлуге  
болады: 
- нақты  жағдаятты  бақылау  әдістемесі; 
- нақты  жағдаятты  символикалық  модельдеу  әдістемесі; 
- проективті  әдістер. 
Тұлғааралық    қатынысқа    әсер    ететін    жеке-тұлғалық    қасиеттерін  
анықтау    негізінде    құрылған    әдістемелер    тобы  да  жеткілікті.    Мұнда  
қолбасшылық,    авторитарлық,    сәйкестік,    үрейленушілік,    тұлғалық  
құндылықтар    және    т.б.    қасиеттерді    өлшейтін    тесттер    мен    шкалалар  
енеді. 
Мамандардың  айтуынша  тұлғааралық    қатынастың    субъективті  
бейнеленуін    зерттеу    әдістемесінде,    тұлғааралық    мінез-құлықты    түсіну  
үшін  индивидтің  мотивациясы  мен  сыртқы  жағдаятты  білуі  жеткіліксіз.  
Бұл    тұлғаның    белсенділігіне    байланысты.    Сондықтан    практикалық  
психолог  психодиагностикалық  міндетті  шешуде  индивидтен  тұлғааралық  
қатынысқа    деген    субъективті    бейнелеуі    туралы      ақпарат    алу    керек.     
Мұнда   тематикалық  апперцепция   әдістемесі   жатады.   
Тұлғааралық    қатынасты    субъективті    бейнелеу    тобына    жататын  
әдістемелер  практикалық  психологтың  талабына  сай  келеді,  себебі,  адам  
туралы    кең    көлемде    ақпарат    береді,    бірақ    зерттеу    мақсатына    көп  
қолданылмайды,  өйткені  мәліметтерді  интерпретациялауда  «көп  көлемді»  
субъективизм  басым  болады. 
Практикалық  психологияның    қазіргі    уақыттағы    даму    деңгейін    саяси  
психологияның, жаппай  комуникация мен  жарнама  психологияның, мәдени  
кросс    және    этникалық    психологияның    интенсивті    дамуынан    байқауға 
болады.  Егер  бұл  жағдайды  жалпы    жұмыстың    негізгі    тәсілдері    деп  
қарастырсақ, онда  келесілерді  ескеруіміз керек: 
Біріншіден - практик  психологтың  әдістер  жүйесі  нақты  міндеттердің  
спецификасымен  беріледі;  
Екіншіден  бұл    жүйеде    практикалық    психологияның    негізгі    әдістер  
тобы  қолданылады;  


Сонымен  қатар,  психологиялық    сараптама    әдістемесі,  психоболжам  
және  психологиялық  жобалау  әдісі, психологиялық  басқару  әдісі және т.б. 
Ю.М. Забродинаның пікірі  бойынша, практикалық  міндеттердің  шешімі  
жүзеге    асу    фазасына    көшкенде,  нақты    әлеуметтік    процесстердің  
ағымымен  басқара  бастағанда  психодиагностика  мен  психоболжам  өзінің  
тәуелді,  көмекші    рөліне    ауысады.  Бұл    сәтте      ең    маңыздысы    бізді  
қызықтырушы    факторлардың    әрекет    механизмінің    теориялық    білімі. 
Жағдайлармен    нақты    басқару    барысында    әрекет    етуші    барлық  
факторлардың,  барлық  функциясының  жүйесін  қарастыру  қажет.  
Психодиагностикалық 
әдіс 

мінез-құлықтармен 
әрекеттердің 
ерекшеліктері  мен  заңдылықтарын  анықтауға,  бағалауға  мүмкіндік  беретін, 
зерттеушілерге ықпал ететін ұсыныстар жиынтығы.  
Психодиагностикалық  әдістеме  -  психодиагностиканы  пайдалануды 
қажет  ететін,  практикалық  талаптардың  ерекшеліктерін  қолданудағы  әдісті 
нақтылауды айтады.  
Әдіс  және  әдістеме  ұғымдарының  қатынастары  арасында  төмендегі 
ерекшелік  болады.  Мысалы,  жалпы  психодиагностикалық  әдістің  тестерімен 
қандайда бір тест әдістемесінің құрамы, әңгіме құрудың жалпы мазмұны мен 
нақты  зерттеулер  жүргізу  барысындағы  әңгіме  мазмұны  арасындағы 
ерекшеліктер.  Осыған  ұқсас  мысалдарды  псиодиагностиканың  кез-келген 
әдісіне келітіруге болады.  
Зерттеушіге ықпал ету  тәсілдері, ұсыныстар, ережелерді қолдану тәртібі, 
оның  іс-әрекеттерінің  интерпритациясы  психодиагностикалық  процедура 
құрып, төмендегі бөлімдерден тұрады: 
-  зерттеушінің  мінез-құлқы  мен  іс-әрекет  ерекшеліктерін  айқындайтын 
алғашқы мәліметтерді алу тәсілі; 
-  салыстыруға  (сұрақ  жауаптары,  өзіндік  әрекеттер,  іс-қимылдар  т.б.) 
және қарым-қатынасқа қажетті жеке мәліметтерді талдау алгоритмі; 
-  психикалық  реттеудің  заңдылықтарын  анықтауға  мүмкіндік  беретін 
нәтижелерді талдау тәсілдерінің анализдері;  
-  мұндай  анализдің  нәтижелерін  интерритациялық  мүмкін  болатын 
нұсқаларын талдау.  
Психодиагностикалық 
зерттеу 
әрекеттері 
нақты 
зерттеушілердің 
индивидуалдық  ерекшеліктерін  анықтауға  және  бағалауды  қажет  ететін 
психодиагностикалық  әрекеттер  мен  олардың  үйлесімінен  тұрады.  Бұл 
ерекшеліктер 
мен 
ақырғы 
мақсатқа 
байланысты 
алуан 
түрлі 
психодиагностикалық процедуралар пайдалануы мүмкін.  
Алғашқы 
мәліметтердің 
нәтижесі 
психикалық 
реттелудің 
жеке 
ерекшеліктерін  бағалау  мақсатында  жүргізілетін  талдауды  қажет  етеді. 
Мұндай  интерпритациялар  әдістердің  базалық  концепциясы  ретінде  таңдап 
алынған  зерттелуші  тұлғаға  негізделген  модель  параметрлерін  айқындайды. 
Соңында  зерттеушілердің  жеке  психологиялық  ерекшеліктерін  алдын-ала 
бағалары қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет