Вестник КазНУ. Серия географическая. 2010, №2 (31)
122
белдеуін 3%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи жəне жасанды ормандар
3,6% құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6–7%-ға дейін жеткізу
жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру
жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде жəне бұрын орман өскен жерлерде
жүргізу қажет /2/.
Себебі, барлық нəрсенің өз орны болады: су көп жерлерде – орман мен шалғындық,
құрғақ жерлерде – даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу
тəжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес – жиырма жасқа жеткенде
өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы
қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Əлі де болса, Қазақстанның
ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына
келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек /4/.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық
жəне экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге
ынталандыруды белгілі шамада арттырды. Соңғы жылдары еліміздегі, «Жасыл ел»
бағдарламасына жəне су ресурстарының жануарлар дүниесін сақтау жəне ұтымды пайдалану
мен ЕҚТА желісін дамыту жөніндегі 2010 жылға дейінгі бағдарламаға сəйкес, Орман жəне
аңшылық шаруашылығы комитеті биологиялық табиғи ресурстарды сақтау жөнінде
ауқымды жұмыс жүргізді. Қолданылған шаралардың нəтижесінде табиғи ресурстарды
қорғау, молықтыру жəне ұтымды пайдалану саласындағы ахуал тұрақты күйінде қалуда.
Мəселен, соңғы 5 жыл ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан
ормандарды молықтыру жəне орман өсіру жөніндегі жұмыс қарқыны 1,5 есе артып,
2009 жылы 48,3 мың гектарға жетті.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың көлемі 1,1 есе ұлғайды, қазір олар ел
аумағының 8,3% қамтиды. Осы көрсеткіштерден, еліміздің халықаралық нормаларға –
10–12% жақындап қалғандығын көруге болады. Мемлекеттік бақылауды күшейту, мүдделі
орталық жəне жергілікті атқарушы орғандардың қызметін ведомство аралық үйлестіруді
жақсарту заңсыз ағаш кесу мен орман өрттерінің көлемін елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік
беруде. Мəселен, заңсыз ағаш кесу көлемі соңғы бес жылдың ішінде 1,5 есе
қысқарғандығын, ал орман өрттерінің көлемі бес есеге азайғандығын байқауға болады.
Ормандарды өрттерден қорғау мəселелерін тиімді шешу мақсатында мемлекеттік
орман күзетінің санын, сондай-ақ табиғат қорғау мекемелері мен орман шаруашылығы
мекемелерінің техникамен жəне жабдықтармен қамтамасыз етілуін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілген нормалар мен нормативтерге кезең-кезеңімен
сəйкестендіру қажет, яғни табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды ұйымдастыру үшін,
экономикалық критерийге негізделген кешенді тəсіл қажет /5/.
1. Əлімбеков А.Т. Табиғатты пайдалану жəне оны қорғау негіздері. – Алматы: Кітап, 2008. – Б. 15–37.
2. Охрана окружающей среды и устойчивое развитие Казахстана: Статистический сборник / Под ред.
А.А. Смаилова. – Астана, 2010. – 180 с.
3. Будникова Т.И., Мусатаева Г.Б. Особенности ландшафтной организации территории Восточно-
Казахстанской области // Вестник КазНУ. Серия географическая. – 2006. – № 2. – С. 45–51.
4. Бекішев Қ. Жасыл желекті тиімді пайдаланайық. – Орталық Қазақстан, 2003. – № 22.
5. Жанғабылұлы Қ. АгроЖаршы // Специализированная газета агропромышленного комплекса. – 2010.
– № 42–43. – С. 120–121.