ҚазҰУ Хабаршысы. География сериясы. 2010, №2 (31)
125
жүргізіледі. Жалпы саны 23 құрайды. Осыған байланысты 2008 жылы жиналған мəліметтерді
өңдеуге ыңғайлы болу үшін, ботаникалық объектілерді бақылау үшін арнайы кестелер
жасалды. Мысал ретінде, құрлық экожүйесінің № 1 «Тұйықсу» алаңының екі жылда
толтырылған кестесін алып қарастырайық, мұндағы екі жылдық көрсеткіштерді салыстыра
отырып, грунт суларының жақын жату индикаторы болып табылатын орал миясының жəне
дəнділер тұқымдастығына жататын құрғақ айрауықтың 2008 жылға қарағанда 2009 жылы
1 шаршы метрде санының азайғанын жəне жағдайының нашарлағанын көреміз (1-кесте). Ол
өз алдына грунт суларының төмендеп кетуімен байланысты. Ал грунт суларының
төмендеуіне қыста қар жамылғысының жəне шауын-шашын мөлшерінің аз болуы əсерін
тигізеді. Сонымен бірге су экожүйесінің №2 «Үлкен Қаратентек» мониторинг алаңдарынан
толтырылған кестелерінде, су бетінде өсетін ақ тұңғиық жəне сары сугүл өсімдіктерінің
2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 1 шаршы метрде көп кездескені байқалады
(2-кесте), ол суайдындарында су деңгейінің төмен болуына байланысты шөп басу процесінің
тез жүруімен байланысты. Ал су деңгейі өз алдына қар жəне жауын-шашын мөлшеріне
тəуелді. Екі жыл ішінде жасалған мониторинг нəтижесі бойынша бір нақты тұжырым жасау
ерте. Дегенмен де, екі жылдық бақылаулар бойынша қары аз, жауын-шашын мөлшері төмен
жылдары су өсімдіктерінің тығыз өсуі, ал ылғалдылықты қажет ететін құрлық өсімдіктері
сирей түсетіні анық /3/.
1-кесте «Тұйықсу» ҚЭЖ-1 мониторингтік алаңының құрлық экожүйесіндегі өсімдіктерге бақылау нəтижелері (2008, 2009 жж.) Бақылау күні Бақылау уақыт (басы) Бақылау уақыт (соңы) Бақылаушы аты-жөні Өсімдік түрі Алынған телімі 1 ша р. м . же рд е қарастырылған түр саны Қ арастырылған сабақ т ард ың м in. биік -гі Қ арастырылған сабақ т ард ың мах . биік -гі Қ арастырылған сабақ т ард ың орташ а биік -гі Нашар түр саны Сəтті түр саны Гүлденген түр са ны 1 ша р. м . биомассасы Сирек 23 48 120 84 3 16 4 –
Орта 36 32 94 63 23 13 0 –
10:00 13:30
Мухамадиева А.,
Султанова Б.М.
Құрғақ айрауық -
Calamagrostis epigeios
Қалың 58 54 118 86 12 41 5 –
Сирек 6 64 96 80 0 6 0 –
Орта 15 56 112 84 0 15 0 –
18.06.2008
10:00 13:30
Мухамадиева А.,
Султанова Б.М.
Орал миясы –
Glycyrrhiza uralensis
Қалың 21 49 93 72 4 14 3 –
Қалың 39 64 116 90 11 25 3 –
Орта
24
60
97 78,5
12
7
5
–
13:40 15:30 Мухамадиева А.
Құрғақ айрауық -
Calamagrostis epigeios
Сирек
19
62
110
86
8
9
2
–
Қалың 14 39 78 58,5 7 4 3 –
Орта
10
34
78
56
5
4
1
–
29.06.2009
13:40 15:30 Мухамадиева А.
Орал миясы –
Glycyrrhiza uralensis
Сирек
4 39 81 60 3 1 0 –
Осы мониторинг негізінде жүргізілген бақылаулар нəтижесінде алынған мəліметтер
табиғат дамуының заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Белгілі бір фенофаза кезінде
анықталған ауытқулар, сонымен қатар климаттық факторлармен мезгілдік дамуының
байланысы, жеке түрлерінің жəне фитоценоздардың тұрақтылығын зерттеуде көмек
көрсетеді. Ол өз алдына климат өзгерген жағдайда өсімдік дамуын болжауға негіз бола
алады.