Microsoft Word 1 География doc


Estimation of norm of the annual runoff of the Tobyl rivers basin within the limits of the republic



Pdf көрінісі
бет79/146
Дата08.11.2022
өлшемі16,6 Mb.
#48309
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   146
Байланысты:
журнал казну вестник

 
Estimation of norm of the annual runoff of the Tobyl rivers basin within the limits of the republic 
Kazakhstan territory at absence of the data supervision 
 
In the article spatial laws of distribution of annual runoff in the Tobyl River Basin are considered. Specification 
of calculation procedure of the annual runoff is made. 
Статья рекомендована к печати 
к.г.н., доц. Д.К. Джусупбековым
(кафедра гидрологии суши) 
2-cурет. Тобыл өзені алабында жылдық ағынды модулінің
су жинау алабының ауданына тəуелділігі 


Вестник КазНУ. Серия географическая. 2010, №2 (31) 
80 
ƏӨК 532.543 
 
Ж.Ж. Жанабаева, К.К. Дускаев, А.Б. Мырзахметов 
ІЛЕ ӨЗЕНІНІҢ ТАСЫНДЫЛАР АҒЫНДЫСЫ РЕЖИМІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН 
ҚАПШАҒАЙ СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚАЗАНШҰҢҚЫРЫНДА ТҰНАТЫН 
ТАСЫНДЫЛАРДЫҢ КӨЛЕМІН БАҒАЛАУ 
 
Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ. 
 
Ғылыми мақала Іле өзенінің төменгі ағысының тасындылар режимін зерттеуге 
бағытталған. Жұмыста Іле өзенінің төменгі ағысындағы тасындылар ағындысының режимі мен 
негізгі сипаттамаларына Қапшағай су қоймасының ықпалы қарастырылған. Тасындылар 
ағындысының сипаттамаларын есептеумен қатар Қапшағай су қоймасының қазаншұңқырында 
тұнатын жүзбе тасындылардың көлемі есептелген. 
Іле өзені Қазақстанның оңтүстүк-шығысында орналасқан трансшекаралық өзен. Қазіргі 
уақытта Іле өзенінің су ресурстары Қазақстан Республикасының экономикасы жəне Балқаш-
Алакөл алабы үшін маңызы өте зор. Бірақ Іле өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану жəне 
оларды қорғау үшін, өзеннің барлық гидрологиялық сипаттамаларын анықтау қажет. 
Олардың басым жəне негізгі су сапасының көрсеткіштері, өзен ағындысының сұйық жəне 
қатты сипаттамалары болып табылады.
Іле өзенінің ағындысын көпжылдық реттеу мақсатында жобалық көлемі Іле өзенінің екі 
жылдық ағынды көлеміне тең 28,1 км
3
, су беті ауданы 1847 км
2
, ұзындығы 180 км, бөгендегі 
бекеттің тереңдігі 43–45 м-ге жететін ірі су қоймасын жасау қарастырылған. Қапшағай су 
қоймасының негізгі мақсаты Іле өзенінің төменгі ағысында ауданы 430 мың га суармалы 
жерлерді дамытуға жəне аймақты қажетті электрэнергиямен қамтамасыз етуге арналған. 
Бірақ, 1969 жылы басталған Қапшағай су қоймасын толтыру 1985 жылға қарай оның 
көлемі 13,99 км
3
жетті, яғни жобаның 50% болды.
Қапшағай су қоймасын пайдалануға беру бірнеше теріс салдардың пайда болуына 
əкелді. Соның бірі болып Қапшағай су қоймасының төменгі бьефінде ағынның тəулікішілік 
жоғарғы ауытқуымен байланысты табиғи гидроэкологиялық режимнің бұзылуы. СЭС 
тəулігіне екі рет іске қосылып, 1500 м
3
/с су өтімін құрайтын 4 агрегат қатар жұмыс істейді. 
Нəтижесінде өзеннің төменгі ағысында толқындары түзіліп, Іле өзенінің қазіргі атырауының 
шегіне жетеді жəне СЭС төменгі бьефінде өзен түбінің жалпы жайылымын күшейтеді, содан 
кейін түзілген ірі тасындылар ағындысы жиынтығы атырауға қарай жылжып, барлық ірі 
тармақтарды бөгеп, оның өткізу қабілетін бірден төмендетті /1/. 
Басқа да теріс факторлардың бірі шамадан тыс булану ҚазНИМЭП мəліметтеріне 
сəйкес айдын ауданынан булануға кететін шығын 1,5–2 км
3
жетеді.
Іле өзенінің атырауы Балқаш көлі жазығының шамамен 20 мың км
2
ауданын алып 
жатыр. Оның 8 мың км
2
қазіргі атыраудың ауданы болса, қалған бөлігінде Ақдала-Бақанас 
атырауы орналасқан. Сызбада қазіргі заманғы атыраудың кескін табаны (Балқаш көлінің 
жағалау сызығы бойынша) 210 км жəне биіктігі түзу сызық бойынша 125 км болатын, 
теңбүйірлі үшбұрышқа ұқсайды (1-сурет). 
Іле өзені атырауының Балқаш көлінен 140 км қашықтықта, Ақкөл ауылы маңында 
басталады. Бұл жерде өзен арнасы үш тармаққа бөлінеді: солтүстік-шығыс – Жиделі өзені, 
орталық – Іле өзені, оңтүстік – Топар өзені. Ауданның шығыс шекарасы, Іле өзенінің ежелгі 
атырауын құраушы Сарыескік құмдары, ал оңтүстік шекарасы Тауқұм құмдары болып 
табылады. 
Іле өзенінің тармақтары бойынша тасындылар ағындысының негізгі бөлігі, жылдық 
ағындының 66–93% дейін көктемгі-күзгі кезеңдерде тасылмалданады /2/. Осыған сəйкес, бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет