Microsoft Word Ақпараттық хат 20022022. docx



Pdf көрінісі
Дата26.01.2023
өлшемі247,93 Kb.
#63024
түріСеминар


 
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 
 
2023 жылдың 20 ақпаны мен 3 наурызы аралығында Қазақ тілі оқытушыларының 
халықаралық бірлестігі, Назарбаев Университеті жəне Абылай хан атындағы Қазақ 
Халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университетінің ұйымдастыруымен «Бағдарлы 
тілдік білім: Интеграция. Инновация. Технология» атты халықаралық ғылыми-
əдістемелік семинар өткізу жоспарланып отыр. 
Семинардың негізгі мақсаты – қазақ тілін ЖОО-да практикалық, кəсіби мақсатта 
оқытудың өзекті мəселелерін талдау, тəжірибемен бөлісу, қазақ тілін шетелдік азаматтарға 
оқытудың ерекшеліктері мен тиімді жолдарын қарастыру.
Семинар қазақ тілінде өтеді. 
Ғылыми-əдістемелік семинар бес бағытта жұмыс істейді: 
1- 
бағыт. ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ ЖƏНЕ КƏСІПТІК БАҒДАР 
2- 
бағыт. ТІЛДІК БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ  
3- 
бағыт. СӨЙЛЕУ ƏРЕКЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
4- 
бағыт. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒЫЛЫМ ТІЛІ: ƏДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАСТЫҚ 
5- 
бағыт. ЛИНГВИСТИКА: ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР САБАҚТАСТЫҒЫ  
Форматы: 1-апта оффлайн, 2-апта онлайн форматта өткізіледі. 
Oффлайн өтілетін орны – Назарбаев Университеті, онлайн форматын ZOOM 
платформасында өткізу жоспарланып отыр. 
Өтетін күндері: 20 ақпан – 3 наурыз, 2023 жыл.
Өтетін уақыты: 10.00-17.00; түскі үзіліс: 13.00-14.00. 
Қатысушылары: ЖОО-ның оқытушылары, докторанттары, магистранттары, мемлекеттік 
тілді оқыту орталықтары мен ғылыми институттардың қызметкерлері, болашақ тіл 
мамандары қатыса алады. Семинарға қатысушыларға 72 сағаттық сертификат беріледі. 
Тіркелу жəне қатысу тəртібі: Семинар жұмысына қатысу – ақылы, əр қатысушыға – 10 000 
теңге. Семинарға қатысуға ниет білдірушілер 17 ақпанға дейін өтінім парағы мен төлем 
жасалғандығы жөніндегі түбіртекті «Семинарға өтінім жəне төлем» деген тақырып қойып, 
aidar.balabekov@nu.edu.kz поштасына жолдауы тиіс. 


Ұйымдастыру комитеті: Назарбаев Университеті, Қазақ тілі жəне түркітану кафедрасы, 
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі, Абылай хан атындағы Қазақ 
Халықаралық қатынастар жəне əлем тілдері университеті Қазақ филологиясы кафедрасы. 
Банк реквизиттері: 
Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігі / Международная ассоциация 
преподователей қазахского языка 
Астана қаласы, 010000, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 53 
БИН 171240024773 
Кбе 18 
«Казкоммерцбанк» АҚ 
ИИК KZ 026017111000023908 
БИК KZKOKZKX 
Каспи реквизиттері: 8-778-196-72-42 (Айдар Балабеков) 
Байланыс ақпараттары: 
Тұңғатова Ғалия Жолдыбайқызы. Тел.: 8-707-838-93-53; эл.поштасы: tungatova_62@mail.ru 
Айдар Балабеков: ұялы тел.: 8-778-196-72-42, эл.поштасы: aidar.balabekov@nu.edu.kz. 
СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫНЫҢ ӨТІНІМІ 
 
 
1. Тегі, аты-жөні (толық) 
2. ЖОО немесе мекеме (оқу/жұмыс 
орнының толық атауы) 
3. Ғылыми дəрежесі / ғылыми атағы, 
қызметі 
4. Байланыс телефоны (халықаралық 
байланыс кодымен) 
5. Электронды пошта (е-mail) 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет