Microsoft Word аталық модуль толық



Pdf көрінісі
бет4/13
Дата15.11.2023
өлшемі1,04 Mb.
#123484
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 

кезеңіндегі спермацидтердің бөліктері (қалдық денешіктерін), сондай-ақ тіршілін 
жойған, ақаулары бар жасушаларды, яғни зиянды заттарды, микро бөлшектерді 
фагоцитоз əдісімен жояды. 

Сертоли жасушаларының гормоналды жəне секрециялық қызметтері де зор: а) 
андроген байланыстырушы белогін синтездеу (АББ). Бұл қызметі арқылы андрогендер 
иректелген түтіктегі даму сатысындағы аталық жасушаларына тасымалданып, I-реттік 
сперматоциттердің мейозға түсуіне мүмкіндік туғызады. б) ингибин гормонын 
синтездеу. в) ингибиннің антогонисі (қарсыласы) активинді синтездеу. Бұл болса 
фоллитропин секрециясын күшейтеді. г) люстанинге ұқсас затты түзіп шығарады. Бұл 
Лейдиг интерстициальді жасушаларының қызметін жояды. д) эмбриональді жасушалары 
Сертоли жасушалары антимюллер гормонын синтездейді. Бұл гормон гонадалардың 
эмбриональді кезеңдегі дамуына əсер етеді. е) трансферрин синтезіне қатысады. Бұл 
даму сатысындағы сперматозоидтарға қолайлы жағдай жасайды жəне аса күшті 
митогенді фактор болып табылады. ж) плазминоген активаторларын түзу. Бұлар 
протеолитикалық реакцияларға түрткі болады жəне аталық жыныс жасушаларының түтік 
саңылауына қарай жылжуына жол ашады. з) инсулин тəрізді факторды бөліп шығарады. 
и) ароматизациялық жолмен андрогендерді эстрогендерге айналдыру, одан аналық 
жыныс гормондарын жасап шығару. к) ұрық түтікшелеріне сұйық ортаны бөледі. 

Гематотестикулярлы сүзгінің түзілуіне қатысады. (ГТС) 

Тасымалдау 
қызметі. 
Сустентоциттердің 
құрамындағы 
жиырылғыш 
микрофиламенттері анық білінеді. Олардың қызметі даму сатысындағы жасушаларының 
біртіндеп иректелген ұрық түтікшесінің саңылауына қарай жылжуын, қозғалуын 
қамтамасыз етеді. Бұлардан басқа жыныс жасушаларының жылжуына плазминоген 
активаторы да септігін тигізеді.
Сертоли жасушалары сперматогенді жасушалармен салыстырғанда зақымдалушы 
факторлар əсеріне біршама төзімді (резистентті). Бұл иондаушы радиацияға да қатысты. 
Сондықтан да зақымдалудан соң иректелген ұрық түтікшесінде тек Сертоли жасушалары 
ғана қалады. Бұл – «тек Сертоли жасушалар» синдромы болып саналады. 
Сперматогенді 
эпителий 
қабатының ішкі шеткі аймағында 
(шет 
жағында) 
сперматогониялар 
орналасады. Олар «А» жəне «В» типті 
болып бөлінеді. «А» типті өз ішінен 
ақшыл жəне күңгірт
түсті болып 
жіктеледі. Морфологиялық жағынан 
бұлар цитоплазмасының бояу алу 
қасиетіне 
жəне 
ядроларындағы 
гиперхроматиндердің саны бойынша 
ажыратылады. 
Күңгірт түсті «А»
типті сперматогониялар тыныштық 
күйде, резервте болатын, бағаналы 
жасушалар түріне жатады. Олар өте 
сирек жағдайларда ғана бөлінеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет