МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
1
Дəріс
Модуль
Тақырыбы: «Аталық жыныс жүйесі
»
Құрастырған:
Правин Нариман Ныгманович
Алматы-2020
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО
-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
2
Аталық жыныс жүйесі
Аталық жыныс жүйесі ағзада маңызды қызметтер атқарады. Жыныстық
жасушалардың толық қанды дамуы, олардың белгілі бір кондициялы түрде пісіп жетіліп,
түрленіп шығуы, копулятивтік қызметі, сондай-ақ аталық жыныс гормондарының
биосинтезіне қатысуы. Аталған қызметтеріне сəйкес аталық жыныс жүйесіне жататын
мүшелерді үш топқа бөледі: .
•
Аталық жыныс безі-ен;
•
Ұрықты сақтайтын жəне бөліп шығаратын мүшелері(ен қосалқысы, ұрық
шығару жолдары, ұрық шығаратын өзегі) ;
•
Қосымша жыныс мүшелері-ұрық көпіршігі қуық асты безі т.б.
Дамуы
.
Ағзада аталық пен аналық жыныс мүшелерінің бастамасы зəр шығару
жүйесімен бірге қалыптасады, дамиды. Эмбриогенездің 4-аптасында мезонефростің ішкі
бетіндегі целомдық эпителиі
қалыңдап-индифференттік
жыныс безінің бастамасын
түзеді. Ол дамудың бірінші сатысы болып табылады. Ал, екінші сатысы-аталық түрде
дифференциялануы
, бұл эмбриогенездің 6-аптасында басталады. Мезонефростың
жоғарғы шетіндегі мезенхима жасушаларынан өсіп шығады да, бездің сыртқы
ақ
қабығын
түзеді. Алғашқы пайда болған бездің бастамасынан біртіндеп ұрық
түтікшелерінің: иректелген, тік жəне түтікшелердің тор бөліктері түзіледі. Иректелген
ұрық түтікшелерінде ұрық жасушалары көбейіп сперматогонияға айналады. Ал,
түтікшелердің қалған бөліктері ұрықты шығатын жолдарға жатады.
Аталық жыныс жүйесінің негізі мыналардан түзіледі:
•
Жыныс жасушалары алғашқы (біріншілік) гонобласттардан қалыптасады.
Гонобласттар сары уыз қабының қабырғасындағы мезинхимадан түзеді.
•
Ұрық түтікшелерінің иректелген, тік жəне тор бөліктерін тыстайтын эпителий -
спланхнотомның париетельді жапырақшасының мезодермасынан бастау алады.
•
Ен қосалқысының эпителиі мезонефрос түтігінен түзіледі.
•
Аталық жыныс жүйесінің құрамындағы дəнекер тіні қан тамырлары мен ет
тінінің миоциттері мезенхимадан дамиды.
•
Қуық асты безі мен бульбауретральді бездері несеп түзетін синустан (тік ішектің
кеңейген бөлігі) жəне мезонефральді өзектен қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |