жатады. Бұлардың тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы бір –
біріне ұқсас.Альпілік ороргенезге дейінгі
жер бетінің бедері, қазіргі Сарыарқа
сияқты жас қалқанды платформалық жазық болатын.Альпілік орогенез
басталысымен жер қыртысы тектоникалық қозғалысының белсенділігі
байқалды.Қазақстан мезокайнозой кезеңдерінде тегістеліп жас платформалық
жазыққа айналған ежелгі каледон және герцин қатпарлы тауларын альпілік
кезеңіндегі тектоникалық белсенді бөліктерінде қазіргі қатпарлы – жақпарлы
аса биік жаңа тау түзілген. Олардың абсолют биіктігі 3000 – 4000 м, Хан тәңірі
Қазақстанның ең биік нүктесі.
Аса
биік таулардың топырақ, өсімдік жамылғысы жылу аз, ылғалы мол
жағдайда дамыған.Гумидті процеске қарағанда өсімдік қалдықтарының шала
шіріп қара қордаға айналуы басым.Тасты жыныстары төменгі температуралық
ортада суықққа шыдамай жарылып, үгіледі, сөйтіп ол кесек тастардан тұратын
топырақ, өсімдік жамылғысы жоқ жалаңаш тасты ландшафт белдеуін
құрайды.Аса биік таулардың төменгі бөлігінде
шымды топырақпен жамылған
шалғынды – далалы ландшафтылар тараған. Олар субьалпілік белдеулерін
құрайды. Аса биік таулардың жоғары бөлігінде таулы тундра мен нивальды
және гляциальды ландшафт типтері дамыған.
39
Субьалпілік шалғын тараған ландшафт белдеуі абсолют биіктігі 2200 –
2500 м – ден 2600 – 3200 м – ге дейінгі тау жоталары мен беткейлерінде
орналасқан.Субьалпілік шалғын таулы шалғынды қара топыраққа өсетін
түлкіқұйрық, қазтамақ сияқты дәнді шөптесін топтары мен әр түрлі шөптесін
құрайды.Таулы шалғынның қарсысындағы күнгей
беткейдің таулы далалы
топырағында бетеге, атқонақ сияқты дәнді шөптесін өскен далалы және
күреңсе, өлеңшөп өсетін шалғынды – далалы белдеу тараған.
Субьалпілік
ландшафт
белдеуін
альпілік
ландшафт
белдеуі
алмастырады.Оның абсолют биіктігі таудың табиғат жағдайына байланысты
болатын таулы аймаққа түскен ылғал мөлшері артқан сайын тау басынан
етегіне қарай төмендійді.Альпі белдеуі Алтайда 2000 – 2500, Сауыр –
Тарбағатайда 2500 – 3000, Жоңғар Алатауында 2200 – 3300, Тянь – Шаньда
3000 – 3700 м биіктікте тараған.Онша биік емес әр түрлі шөптесінді –
кобрезиялық
шалғынт
өскен.Шалғыны
жазғы
жайлау
ретінде
пайдаланылады.Түз тағыларынан таутеке, суыр, барыс,
ұлар тағы басқа
тіршілік етеді.
Аса биік таулы нивальды және мұздықты ландшафтылар тау
жоталарының қырқалары мен құзды шыңдарында бір – біріне кірігес
орналасқан. Олардың ландшафтылық белгілерін ажырату өте қиын.Қарлы және
мұзды ландшафт белдеулерінің төменгі шегі биіктік жөнінен қар жиегінің
биіктігіне сәйкес келеді. Теріскей беткейде абсоллют биіктігі Алтайда 2700 –
2800, Сауыр мен Тарбағатайда 3000 – 3100, Жоңғар Алатауында 3200 – 3300,
Тянь – Шаньда 3500 – 3600 м – ден жоғары тараған. Ландшафтылары
арктикалық климат секілді қатал суық жағдайда қалыптасқан.Ішкі ландшафт
құрылымы тау жоталарының үшкір
шыңды басынан, мұздықтан, мореналы
үйіндіден, иореналы көлден түзілген.Бұл белдеуде жер беті жынысы суыққа
шыдамай күшті үгіледі.Қар мен мұздықтың шұғыл еруі кезінде үгінді
жыныстан балшықты – тасты сел тасқыны пайда боладыАса биік таудың мәңгі
қар мен мұздық ландшафт белдеулерін халық шаруашылығында игеру өте
қиын.
40
Достарыңызбен бөлісу: