Аласа таулардың дала және орманды дала типтес ландшафтылары. Мұғалжар, Ерейментау сілемдері мен Алтай, Сауыр,Тарбағатай, Жоңғар
Алатау, Тянь – Шань тауларының 1600-1800 биіктігіне дейін тараған.
Қаратауда, Шу - Іле, Қалба тау жоталарында 1200-2100 м биіктікке дейін
көтерілген. Жер бедері ұсақ шоқылардан, тау жоталарынан және текшелі тау
бөктерінен тұрады. Өсімдіктері әртүрлі шөптесіндер, дәнді шөптесіннен,
қараған, тобылғы, ырғай, итмұрын сияқты бұталардан құралған. Тау
шатқалдарына орман шоқтары өскен. Жануарлар дүниесінде түрлі тышқан,
борсық, қасқыр, түлкі жиі кездеседі, үкі, ителгі, бөктергі құстары тіршілік
етеді. Аласа тауларда дала ландшафтысымен орманды дала қатар дамыған.
Дала ландшафтысы тип құрайтын доминанттар болып саналады. Оларға
жататындар: таулы қара топыраққа әр түрлі шөптесін мен дәнді шөптесін
топтары тараған саздақ жынысты жамылғысы бар таулы жоталар; күңгірт түсті
қызыл қоңыр топыраққа көделі – бетегелі, бұталы - бетегелі – селеулі өсімдік
топтары дамыған лесс немесе саздақ жыныс қабаты мен жамылған қиыршық
тасты төбелі – жонды тау бастары; жұқалтаң таулы қызыл қоңыр топыраққа
бұталы - селеулі - бетегелі өсімдіктер өскен қиыршық тасты, жар тасты ұсақ
шоқылар; күңгірт түсті қызыл қоңыр топыраққа көделі – бетегелі , бұталы –
бетегелі жамылғы тараған малта тас пен саздақтан түзіліп сай –саламен
тілімденген текшелі тау бөктері; қызыл қоңыр топыраққа бұталы – жусанды –
бетегелі өсімдіктер саздақпен көмілген жартасты, қиыршық тасты, сай-салалы
жонды бұйраттар; таулы қара топыраққа өскен жусанды - бетегелі жамылғысы
бар малта тасты, қиыршық тасты және саздақты тау іші жазықтар. Аласа
таулардың шатқалдары мен сай - салаларында тал, терек, қайың және жеміс
ағаштары аралас, бұталы, қорысты тоғайлар өскен субдоминантты ландшафт
кездеседі.
Аласа таулардың орманды ландшафтылары.Көкшетау, Баянауыл,
Қарқаралы тауларында кездеседі. Олар гранитті таулар мен тұщы көл
маңдарында тараған. Орман шоқтары гранитті таулар мен тұщы көл
маңдарында тараған. Орман шоқтары грантитті, гранитоидты көл маңындағы
саздақты жазыққа қалыптасқан. Көбінесе көктерек, қайыр, қарағай өседі.
Олардың арасында бұлғын, қабан, шошқа, суыр тіршілік етеді. Айналасы
далалы ландшафтымен қоршалғандықтан қасқыр, түлкі сияқты жануарлар
кездеседі
. 36