Microsoft Word модуль Асқорыту жүйесі толық



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата19.12.2022
өлшемі3,28 Mb.
#58078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
Көбінесе қорғаныс қызметін атқарып, секрет бөледі. Қызыл иекте, қатты 
таңдайда, тілдің үстінде немесе тіл жотасында, ет пластинкасы мен кілегей 
асты негізі болмайды. Ет қабығы көлденең жолақ ет тінінен түзілген.
Ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы ірі жəне ұсақ бездерден 
бөлінетін сілекейдің көмегімен тағам шыланып, оңай шайналып, жұтылады. 
Кілегейлі қабықтың эпителиі əртүрлі эпителиоциттерге жіктеледі де: 
базальді, тікенекті (көпбұрышты) жəне жалпақ жасушалар қабаттарын түзеді. 
Ауыз қуысының эпителиі мүйізделмеген, жалпақ, көп қабатты, кейбір 
тұстарында жасушалары жартылай мүйізделіп түсіп те отырады.
 Ерін - тері, аралық жəне ішкі кілегейлі бөліктері болады. Тері бөлігінің 
құрылысы, теріге ұқсас, сырты эпидермиспен қоршалған, құрамында май 
жəне тер бездерімен қоса түктері де болады. Эпидермистің астындағы 
БТҚДТ-і биік еміздіктер түзіп, үстіңгі эпидермиске енеді. Еріннің аралық 
бөлігінің эпидермисі жұқа, мұнда түктері мен тері бездері болмайды, бірақ 
аталған бөлігінде май бездері болады. Аралық бөлігі қан тамырларына өте 
бай, сондықтан ерінге қызыл түс береді. Еріннің ішкі кілегейлі бөлігі көп 
қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителимен тысталған. Эпителидің меншікті 
пластинкасы бар. Кілегей асты қабығында еріннің сілекей бездерінің 
секреторлы бөліктері орын алады. Бұл бездер күрделі альвеолярлы-
түтікшелі, ал бөлетін секреті шырышты-белокты
Тістер- анатомиялық жағынан үш бөліктен түрады; тіс түбірі, мойны, 
сауыты. Тіс сауыты- құрамында тіс эмалі мен дентині болады. Тіс эмалі-
ағзадағы ең қатты тін, құрамында 96-97% минералды тұздары бар, құрылым. 
Эмальдің құрылымдық элементі-эмальдік призмалар, қалыңдығы 3-5 мкм. 
Құрамында диаметрі- 25 нм минералді заттар, оның ішінде əр түрлі 
кристаллдары болады. Эмальдік призмалар бір-бірімен призма аралық 
матрикспен байланысады. Призмалардың пішіні «S» тəрізді. Эмальдің сырты 
Надсмитов мембранасы болып аталатын кутикуламен қоршалған.
Тіс сауытының эмалінің астында дентин орын алады. Бұл тістің ең негізгі 
тіні. Дентин сүйек тінінің бір түрі. Дентиннің жасушасы дентинобласттар, 
бұлардың арасында минералданған заттар орналасады. Бұл заттардың 
құрамында коллаген фибриллалары, негізгі зат пен 72% минералды 
компаненттері болады. Дентинде - дентин түтікшелерінен тұрады. 
Түтікшелерге дентиобасттардың өсінділері мен нервтер кірігіп кетеді. Тісте 
дентин- эмаль байланысы тістің ең мықты жері болып саналады.
Тіс түбірі- дентин мен цементтен тұрады. Цемент те сүйек тінінің бір 
түрі, құрамында 70% минералды заттары болатын құрылым. Цемент 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет