Microsoft Word модуль Асқорыту жүйесі толық



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата19.12.2022
өлшемі3,28 Mb.
#58078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
модуль 2.Асқорыту жүйесі толық

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ 
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ 
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ 
Ұрықтық дамудың 3-аптасынан 3-айға дейін перделері тесіліп, екі ұшы 
ашық ішек түтігі қалыптасады. Пайда болған ішек түтігі үшке бөлінеді: 
алдыңғы ( ұрықтың бас бөлігінде), ортаңғы жəне артқы бөліктері (ұрықтық 
бөлігінде) орналасады. Ішектің алдыңғы бөлігінен; ауыз қуысындағы 
мүшелердің эпителиалді құрылымдары дамиды. Бұған ауыз қуысындағы 
біраз мүшелерінің жəне жұтқыншақ пен өңештің эпителилері жатады. 
Ішектің ортаңғы бөлігінен асқазан, аш ішек пен тоқ ішектің алдыңғы бөлігі 
мен бауыр, өт қабы мен ұйқы безінің эпителилерінің бастамасы дамиды. Ал 
ішектің соңғы бөлігінен мықын ішегі мен тік ішек бөліктері қалыптасады. 
Ұрықтық мезенхимадан асқорыту жүйесі мүшелерінің дəнекер тіндері мен 
біріңғай салалы ет тіндері дамиды. Мезотелийі мен серозді қабықтары 
спланхнотомның висцералді жапырақшаларынан бастау алады..
Асқорыту жүйесінің жалпы құрылысы. Асқорыту жүйесі мүшелерінің 
көбінің қабырғасында қабықтары бар, түтікше мүшелер. Қабықтары: 
кілегейлі, кілегей асты негізі, етті жəне серозді( адвентициалді) болып 
бөлінеді. Əрбір қабықтарының құрамында қабаттары да болады.  
Кілегейлі қабығы үш қабаттан: эпителиі, меншікті жəне ет 
пластинкаларынан тұрады. Кілегейлі қабықтың беті эпителиінен бөлінген 
секреттің көмегімен үнемі ылғалданып отырады. Сондықтан бұл қабық 
«кілегейлі» қабық болып саналады. Сонымен қатар қілегейлі қабықтың 
беткейі (рельефі) тегіс те емес: қатпарлары, шұңқырлары, аймақтары мен 
бүрлері болады. Эпителиі асқорыту каналының алдыңғы жəне соңғы 
бөліктерінде көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителий. Қорғаныс 
қызметін атқарады. Тұтіктің ортаңғы бөлігіндегі эпителиі бір қабатты 
призмалы. Бұл эпителий көбінесе тағамды сорып, сіңіру, секреторлы, 
экскреторлы қызметтерді атқарады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластикасы 
БТҚДТ – нен түзілген, құрамында қарапайым бездері, қан мен лимфа 
тамырлары болады. Ет пластинкасы 2-3 қабаттан тұратын миоциттердің
жігінен түзіледі. Ауыз қуысындағы мүшелерде аталмыш пластинка 
болмайды.
Кілегей асты негізі: құрамында БТҚДТ болатын қабығы. Бұл қабығы 
да ауыз қуысындағы біраз мүшелерде болмайды. Кілегей асты негізінде: 
тамырлар, нерв талшықтары, күрделі бездер (өңеште, он екі елі ішекте), жəне 
ірі лимфоидты фолликулдар болады. 
Ет қабығы екі қабаттан (асқазанда үш қабаты) тұрады; ішкісі 
айналмалы, ал сыртқысы бойлық. Асқорыту жүйесінің біраз мүшелерінде 
аталған қабық тегіс салалы ет тіні, бірақ өңештің мойын бөлігі мен тік ішекте 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет