МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
НУО КАЗАХСТАНСКО-
РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
Асқорыту жүйесі
Асқорыту жүйесінің қызметтері: ағзаға түскен
тағамдарды қарапайым
мономерлерге дейін ыдыратып, қан мен лимфаға сіңіріп, сорады да, одан
қалған қалдық өнімдердін сыртқа шығарады.
Бұдан басқа механикалық,
тағамды химиялық жолмен өңдеу, секреторлық, экскреторлық, резорбциялық
(сору) жəне қорғаныс қызметтерін де атқарады.
Асқорыту жүйесінің құрамында:
• Асқорыту жүйесінің түтікше мүшелері;
• Ірі асқорыту бездері болады.
Асқорыту жүйесіне: ауыз қуысындағы мүшелер, жұтқыншақ, өңеш,
асқазан, аш ішек пен тоқ ішек. Ірі асқорыту бездеріне: ірі сілекей бездері,
құлаққасы, жақасты жəне
тіласты бездері, бұлар ауыз қуысынан тыс
орналасады.
Сонымен қатар, өт қабы мен бауыр, ұйқы безі де, асқорыту жүйеге
қатысты. Асқорыту жүйесі үш бөліктен тұрады;
алдыңғы бөлігіне; ауыз
қуысындағы мүшелер,
жұтқыншақ пен өңеш,
ортаңғы бөлігіне; асқазан,
ішектер, бауыр, өтқабы,
ұйқы безі,
соңғы бөлігіне; тік ішектің анальді бөлігі
жатады.
Дамуы: асқорыту жүйесінің негізгі мүшелері эмбрионалді кезеңде ішек
түтігінен бастау алады. Алғашқы болып дамыған біріншілік
ішектің екі ұшы
эмброгенезінің алғашқа даму сатысында тұйық болып келеді де, кейіндеу
ойыстанып барып,
алдыңғы бөлігінен біріншілік ауыз қуысының, ал соңғы
бөлігінен анальді
перделері түзіледі.