Microsoft Word на 5 формат doc


 Вакциналарды алу өндірісі



Pdf көрінісі
бет28/100
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#23839
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100
Байланысты:
клеткалық биотехнология негіздері

 
3.1.1.2. Вакциналарды алу өндірісі 
Микроорганизмдер  қатысуымен  вакциналарды  да  өндіреді. 
Вакциналар  –  микроорганизмдерден  немесе  олардың  тіршілік 
əрекетінен түзілетің өнімдерден жасалатын препараттар, оларды 
профилактикалық  жəне  емдік  мақсатта  адам  жəне  жануар-
лардың иммундық жүйесін жақсартуға қолданады.  
Вакциналарды  өндіргенде  антигендер  ретінде:  тірі  белсін-
ділігі  төмен  (аттенуирленген)  микроорганизмдерді,  тіршілігі 
жойған (инактивті) тұтас микробтық жасушалар немесе вирус-
тардың  бөлшектерін;  микроорганизмдерден  бөлініп  алынған 
күрделі  антигенді  құрылымдарды  (протективті  антигендер); 
микроорганизмдердің  тіршілік  əрекеті  нəтижесінде  түзілген 
өнімдерді  (токсиндер,  молекулалық  протективті  антигендер); 
гендік  инженерия  əдісінің  негізінде  алынған  химиялық  немесе 
биосинтез жолымен алынған антигендерді қолданады.  
Тірі  вакциналар  микроорганизмдер  штамдарынан  алынады. 


 
39
Олар  адам  организміне  төмен  вирулентті  қасиетке  ие,  антиген-
дердің  толық  жиынтығы  бар  жəне  жасанды  аттенуирленген 
микроорганизмдер  штамдарынан  тұрады.  Тірі  вакциналардың 
құрамында  ластағыш  вирустар  (контаминанттар)  болады,  олар 
маймыл  вирусы  СПИД  жəне  ісік  вирустарына  қатысты  қауіпті 
болады.  Тірі    жасушалардың  дұрыс  дозасын  таңдап  алу  мен 
биологиялық  бақылау  қиынға  соғады.  Жоғары  температураға 
өте  сезімтал,  оларды  сақтау  (төменгі  температура)  талабы 
жоғары болады.  
Инактивтелген  (өлі)  вакциналар  тұрақты  жəне  қауіпсіз 
болады,  себебі  олар  вируленттік  реверсиясын  тудырмайды. 
Оларды  қыздыру  немесе  химиялық  жолмен  алады.Өлі  вак-
циналар  молекулалық  (химиялық)  жəне  корпускулярлық  деп 
жіктеледі.  Молекулалық  вакциналарды  биосинтездік  немесе 
химиялық жолмен алынған молекулалық спецификалық протек-
тивті  антигендер  негізінде  құрастырады.  Оларға  микробтық 
клеткалардан  түзілген  (дифтериялық,  тырысқақ,  т.б.)  токсин 
молекулалары формалинмен тазартылған анатоксиндер жатады. 
Корпускулярлы вакциналар физикалық (жылу, ультракүлгін, т.б.) 
немесе  химиялық  (фенолдық  заттар,  этанол)  жолдармен  бел-
сенділігі  жойылған  біртұтас  микроорганизмдерден  немесе  микро-
организмдерден  бөлініп  алынған  субклеткалық  молекулалық-
беттік  антигендік  құрылымдардан  алынады  (субвирионды 
вакциналар, сплит-вакциналар). Өлі вакциналарды сақтау женіл, 
суықта  сақтауды  талап  етпейді,  осы  қасиеттеріне  байланысты 
практикада  қолдануға  өте  ынғайлы  болады.  Бактериялар  мен 
вирустардың  молекулалық  антигендерін  немесе  күрделі  про-
тективті  антигендерді синтетикалық  жəне  жартылай  синтетика-
лық  вакциналарды  алу  үшін  қолданады.  Соңғылары  полимерлі 
құрылым мен адьюванттан (иммунитетті күшейтетін химия-
лық қосылыс) тұратын спецификалық антигенді комплекс болып 
табылады.  Химиялық  вакциналар  ауру  қоздырғыштың  жасуша 
қабығынан  немесе  басқа  да  бөліктерінен,  микробтық  жасуша-
лардан  тазартып  алынған  антигенді  компоненттерден  тұрады. 
Бұл  жағдайда  микроорганизмдердің  иммуногенді  сипаттама-
ларына  ие  антигендер  ғана  қолданылады.  Векторлық  вакцина-
ларды гендік инженерия əдіс арқылы алады. Олардың құрамында 
бөтен  антиген  гені  бар  штамдар  болады.  Ген-инженерлік 


 
40
(биосинтетикалық,  рекомбинантық,  векторлық)  вакциналар - 
жасанды  жолмен  құрастырылған  микроорганизмдердің  антиген 
детерминаторлары  бар  вакциналар.  Биосинтетикалық  вакцина-
лар  амин  қышқылдарынан  синтезделген  пептидті  бөлшектер 
болып  табылады,  олар  белгілі  бір  вирустың  (бактерияның) 
ақуызды  құрайтын  амин  қышқылдарының  тізбектеріне  сəйкес 
келетіндіктен  организмнің  иммундық  жүйесімен  танылып,  им-
мундық  жауап  реакциясын  тудырады.  Рекомбинанты  вакцина-
ларды  алуы  вирулентті  микроорганизмдегі протективті  антиген 
синтезіне  жауап  беретін  гендерді  қауіпсыз  микроорганизм 
геномына тігіп, жасанды жағдайда өсіру нəтижесінде белгілі бір 
антигенді өндіріп əрі жинақтап алуға негізделген. 
 Вакциналарды  өндіруде  өсірудің  барлық  талаптары  дұрыс 
орындалуы қажет, мысалы, аттенуирленген вакциналық штамды 
өсіру барысында таза штамдардың дақылдарын алу жəне  олар-
дың  басқа  микроорганизмдермен  ластанбауы  (микоплазма,  ісік 
вирустар)  тиіс,  оларды  соңғы  өнім  алу  үшін  тұрақты  өсіріп, 
стандарттау қажет. Бактериалды вакциналық штамдарды сұйық 
(құрамында  казеин  гидролизаты  немесе  ақуыз  бен  көмірсулар 
бар)  қоректік  орталарда,  көлемі 0,1 м

- 2 м
3  
ферментерлерде 
өсіреді. Вакциналық штамнан алынған таза дақылдарға протек-
торлар қосып лиофильді тəсіл арқылы кептіреді. Вирустық жəне 
риккетсия  тірі  вакциналарды  алу  үшін    штамдарды  вирустық 
лейкоздан  таза  тауық  немесе  бөдене  эмбриондарында  немесе 
микоплазмалардан  айрылған  жасуша  дақылдарында  өсіреді. 
Стандарт  талабына  сай  тазартылған  антигендер  бірліктерінің 
иммуногенді  қасиетін  жоғарылату  мақсатында  адьюванттар 
(көбінесе, аллюминий тұздары мен гельдер) қосылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет