55
іске асады. Кейбір шикі заттардың ашуына арнайы екі сатылы
технология қажет. Мысалы, құс саңғырығы мен спирт бардасы-
нан кəдімгі реакторда биогаз алу мүмкіндігі болмайды. Мұндай
шикі заттарды өндеу үшін қосымша гидролиз реакторы қажет.
Мұндай реактор орта қышқылдық деңгейін бақылап, ондағы
бактериялардың күшті қышқыл немесе күшті сілтіден қырылып
қалуынан сақтайды.
Биогаз өндірісте электр энергия, жылу немесе бу жəне
автокөліктерге жанар-жағар май ретінде қолданылады. Биогаз
қондырғыларын фермалардың, құс фабрикалардың, спирт жəне
қант зауыттарының, ет комбинаттарының жанынан арнайы
тазартқыш жабдықтар ретінде салуға болады. Биогаз қондыр-
ғылары ветеринарлық-санитарлық зауыттарды алмастыра алады,
яғни өлекселерден ет жəне сүйек ұнын өндірудің орнына биогаз
өндіруге пайдалануға болады. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде,
егiн шаруашылығында органикалық тыңайтқыштардың үнемi
жетiспеушiлiгi, мал шаруашылығындағы фермаларда мал қал-
дықтардың болуы биогазды өндiру үшiн шикiзаттың мəселесiн,
ал өңделген шикiзат тыңайтқыштардың жетiспеушiлiгiн, қал-
дықтар мəселелерiн шешiп электр энергиясымен қамтамасыз ете
алады.
Өндірісі дамыған елдердің ішінде Данияның жалпы
энергобалансының 18% жуығы биогаз өндірісі үлесіне тиеді.
Биогаз өндіретін ірі қондырғыларды пайдалану жағынан
жетекші орын алатын ел - Германия. Биогаз қондырғылары
Қытайда көп таралған, онда бір жылда 7 млрд. м
3
жуық биогаз
өндіріледі, бұл 60 млн. шаруаны жылумен қамтамасыз етеді.
Швейцария биогазбен жүретін автобустарды жасап шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: