6
өндіру, канализациялық суларды анаэробты тазалау жəне биогаз
алу.
5-кезең (1973 жылдан бастап) –
жаңа биотехнология –
биосинтез агенттерін алу мақсатында жасушалық жəне
генетикалық инженерияны қолдану. Моноклонды антиденелерді
өндіретін будандарды, протопласттарды жəне меристемді
дақылдарды будандастырып алу, эмбриондарды транспланта-
циялау.
«Биотехнология» терминін алғаш рет 1917 ж. венгр ғалымы
Карл Эрике енгізді.
Биотехнология физика-химиялық биология, молекулалық
биология, генетика, микробиология, биоорганикалық химиямен
өте тығыз байланысты. Биотехнологияның əдістері мен прин-
циптері осы ғылыми салаларға негізделеді. Себебі ол тірі
организмдердің белгілі биохимиялық процестерді пайдалану
арқылы тиімді өнімдерді өндірістік жолмен алудың əртүрлі
тəсілдер жүйесінен тұрады.
Биотехнологиялық жолмен алынатын өнiмдерге көптеген
дəрi-дəрмектер, ақуыздар мен ферменттiк препараттар, құлпыр-
ған табиғи бояулар, хош иiстi заттар, витаминдер жəне тағы
басқа да биологиялық белсенді қосындылар кiредi. Биотехноло-
гиялық əдiстердiң көмегiмен селекция процессiн жүргiзуде
ежелден қолданылып келе жатқан тəсiлдердi (
будандастыру,
мутагенез, сұрыптау т.б.) едəуiр жеңiлдетуге, тездетуге болады.
Биотехнологиялық тəсілдері арқылы, əсіресе, биоинженерия
(клеткалық инженерия, гендiк инженерия) тəсілдері арқылы
өсiмдiктердiң сапалы сорттары, малдың асыл тұқымдары,
микроорганизмдердiң аса өнiмдi штамдары алынады. Сонымен
биотехнология - биологиялық процесстердiң өту заңдылықтарын
терең зерттеп, ұғу, биологиялық нысаналардың қызметiн
пайдалану негiзiнде iске асырылатын қазiргi заманның өте
тиiмдi де биiк деңгейдегi технологиясы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: